Ші дәріс. Өзара қатынас интерфейсінің сипаттамалары.

Интерфейстің келісімділігі. “Кері байланыс” принципі. Интерфейс қарапайымдылығы. Интерфейстің қасиеті. Интерфейсті құру ережелері.

Сапалы интерфейсті құру “пайдаланушы мүддесі бәрінен де артық” принципін және соған сәйкес бүкіл программалық өнімді құру әдістемесін іске асыруды қарастырады. Ағылшын тілді әдебиетте мұндай қарастыруды суреттеу үшін User-centered Design(UCD) – “жасалған зат пайдаланушыға арналған” термині қолданылады. Бәрінен басқа, бұл технология, интерфейсті ертерек жобалап, программалық өнімді құру кезінде ары қарай дамытуға негізделген.

Пайдаланушы интерфейсінің «жақсы» құрамы мынада – пайдаланушы программалық қамтаманы басқарып отырғанын байқайды, ал керісінше емес.

Интерфейс қарапайымдылығы.

Қарапайым интерфейс бұл – пайдаланушының үйреншікті шешу әдістерін өзгертпейтін интерфейс. Дербес жағдайда қосымша берген жауаптар мен хабарламалар қосымша түсініктемелерді қажет етпеуі тиіс. Аталмыш пәндік облыста қолданылатын белгілеулер мен терминдер жүйесін сақтап қалу орынды болады. Пайдаланушыға таныс суреттер мен түсініктерді қолдану тапсырмаларды орындалу барысында интуитивті түсінікті интерфейсті қамтамассыз етеді.