Кескінделген ақпараттың визуалды атрибуттары

Кескінделген ақпараттың визуалды атрибуттарына жататындар:

- кескінделген объектінің өзара орналасуы және көлемі;

- түстік палитра;

- пайдаланушы назарын аударатын құрал;

Экранда объектілердің ыңғайлы орналасуы, адам миының оң және сол жақтарының ассимметриясын есепке алуға байланысты. Себебі оң және сол жақ жарты шарлар ақпаратты қабылдауда және өңдеуде әр түрлі қатысады. Жек жағдайда, сөздерді еске сақтауда сол жақ жарты шар маңызды роль атқарады, ал образдарды сақтауда оң жағы белсенді. Экранның оң бөлігіндегі ақпарат сол жақ жарты шарға түседі, керісінше сол бөліктен - оң жаққа түседі. Кей адамдарда жарты шарларды бөлу функциясы қарама-қарсы, әйелдерде ассимметрия еркектерге қарағанда осалырақ дамыған. Бұл жағдай ақпаратты көрсету сипатын жекелендіру керектігін тағы да дәлелдейді. Хабарламалардың келіп түсу аралығы 10-сек аспаса, жады ассимметриясын ескеру маңызды роль атқарады. Сондықтанда осы ұсыныстарды нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін программа интерфейсін құруда ескеру қажет.

Тағы бір маңызды мәселе – ол оператордың бір мезетте бес-тоғыздан көп емес объектілердің қысқамерзімді жадыда сақтаудың шектілігі.

Визуалды элементтерді қабылдау қарапайым процестерден тұрады: іздеу, анықтау, тану және декодтау. Осы процестерді орындау үшін пайдаланушының көру қабілетінің сипаттамасының маңызы зор:

- түстік қабылдау;

- жазықтылық;

- ашықтылық;

- уақыттылық.

Мұның бәрі экрандағы объект өлшемі мен оның сәулелену қасиетіне байланысты.