Кеңістіктік сипаттамалар

Бұл сипаттамалар тобы объектілерді анықтау, ажыратуына әсер етеді. Тәжірибелік есептерді шығарған кезде келесі ережелерді ескеру керек:

1. Объект туралы негізгі ақпаратты оның контурында; күрделілігі жоғарылаған сайын контурды анықтау және ажырату уақыты да жоғарылайды.

2. Қарапайым контурларды ажыратуға қарағанда күрделі контурларды ажыратқанда қателіксіз жоғары болады.

3. Объектілердің пішінін қабылдауда фигура/фон қатынасы маңызды рөл атқарады.

4. Объектінің ең кіші өлшемі берілген контраст пен жарықтық деңгейлеріне таңдалуы қажет. Бұл параметрлердің мәндерінің азаюы объекттің бұрыштық өлшемдерінің көбеюін қажет етеді.

5. 1,5-1,98 аралығындағы ажырату ықтималдығының артуы үшін жай фигуралар үшін 20-25 %, ал әріп пен сан типті белгілер үшін екі есе бұрыштық өлшемдері артуы қажет.

6. Фигураның вертикальді және горизонтальді өстерге қатысты орналасуын ажырату үшін айқындау шамасы 3 есе артуы қажет (қара объекттің жарық фонда айқындалуы 1 бұрыштық секундқа тең).

Егер экранда қозғалыстағы объектілер болса, онда бірнеше қосымша факторларды ескеру қажет. Мысалы, нүктелік объект 0,25 градус/с жылдамдығымен қозғалатын болса, оның үздіксіз қозғалысы дискретті деп қабылданады, 0,25...4 градус/с жылдамдығымен – үздіксіз, ал 4 градус/с жылдамдығынан артық болса, көрініс тұтас сызыққа біріктіріледі. Сонымен қатар жалған қозғалыстың үш түрі бар екенін ұмытпау қажет:

- әр түрлі объектілерден екі бірдей сигналдың кезекпен шығарылуы кезінде сигналдың бір жағдайынан екіншіге орын ауыстыруын қабылдау;

- контурлары бірдей екі объект кезекпен келгенде объектінің өлшемдері өзгеретін сияқтанады;

- фон түсі немесе объектінің жарығы өзгергенде объект өлшемдері өзгеретін сияқтанады.

-

Әдебиет: 4нег.[25-46], 7қос.[81-98].

Бақылау сұрақтары:

1. Оператордың негізгі психофизиологиялық сипаттамаларын атаңыз?

2. Жүйенің жауап беру (үндесу) уақыты дегеніміз не?

3. Адамның түсті ақпаратты қабылдау ерекшеліктері қандай?

4. Адамның ақпараттың жарық сипаттамаларын қабылдауы қандай?

5. Ақпараттың кеңістіктік сипаттамаларын адам-операторымен қалай ескеріледі?