рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Шы дәріс. Сұхбаттың құрылымдары және түрлері.

Шы дәріс. Сұхбаттың құрылымдары және түрлері. - раздел Образование, Ші тарау   Қолданбалы Жүйенің Сұхбаттық Ко...

 

Қолданбалы жүйенің сұхбаттық компоненті. Программалық қосымшасы бар сұхбат алгоритмінің сұлбасы. Сұхбаттың түрлері. Қарым-қатынас сценариі. Сұхбаттың құрылымдары.

Қолданбалы сұхбаттық жүйеде екі функционалдық компонетті көрсетуге болады:

- өзіндік қолданбалы жүйе, пайдаланушы сонымен жұмыс жасайды.

- сұхбаттық компонент, пайдаланушы мен қолданбалы жүйенің арасындағы сұхбатты басқарады.

Қолданбалы жүйеге мысалына, өзінің кәсіби қызығушылығымен ЭЕМ пайдаланушылары жұмыс істейтін барлық жүйелер жатады. Олар: әр түрлі басқарудың автоматтандырылған жүйелері, автоматтандырылған жобалар жүйелері, қолданбалы программалар пакеттері және т.б. Бұл жүйелер сұхбат нақты пәндік облысының терминінде жүретіндігімен сипатталады және пайдаланушы шығыста соңғы қорытынды алады. Ол программаның қосымшасымен тіл табысудағы мақсаты. Кейбір жүйелер тек сұхбаттық емес, сонымен қатар пакеттік режимде де жұмыс істей алады. Бұл жағдайда соңғы қорытындының семантикасы қолданған жұмыс режиміне байланысты емес. Сұхбаттық компонент қолданбалы жүйенің қондырмасы болып табылады және пайдаланушы қиын жұмыстардың түп нұсқасын білуге көмектеседі, ол үшін оған сәйкес лингвистикалық формалар жиынтығын пайдалануға мүмкіндік береді. Сұхбат бұл жағдайда терминдік сұхбаттық жүйеде жүреді және метасұхбат деп аталады. Қолданған терминология қиындық облысына бағынбайды. Дамыған метасұхбат - қолданбалы жүйеде, тек қиын облыспен таныс пайдаланушыға, сұхбатты жүйемен алдын ала таныспай-ақ керекті қорытынды алуға мүмкіндік береді. Сондықтан, қолданбалы жүйенің кең таралуы, оның сұхбаттық қондырмасының сапасына байланысты болады.

Сұхбаттық жүйеде, екі компонентті программаның қосымшасы бар, сұхбат алгоритмнің жалпыланған сұлбасы 3-ші суретте көрсетілген.

Сонымен қатар алгоритм сұлбасының бұтақтарының бірінен бір рет жүріп өтуі «Басы»-блогынан «Соңы»-на дейін немесе алгоритм сұлбасының басына қайтіп келуін сұхбаттың қадамы немесе транзакция деп аталады. Сұхбаттың қадамы адамның ЭЕМ-мен белсенді жұмыс істеуімен сипатталынады. Жүйенің кіріс хабарламаны қабылдауы 2 кезеңнен тұрады:

синтаксистік сараптау – ақпарат енгізілген формалардың сәйкестігін тексеру.

семантикалық талдау – кіріс ақпаратының мағынасын, жүйенің жақын арадағы тапсырмасын анықтау және оның процедуралық бөлімнің қазіргі жағдайдағы орындалу мүмкіндіктерін сараптау.

Қаралған тізбек жүйенің шығыс ақпаратын шығуынан басталады. Қарым-қатынасты ұйымдастырушы жүйенің өзі болып табылады. Берілген тізбектен басқа, сұхбатта инициативаны үлестірудің 2 формасы белгілі: пайдаланушыға тиесілі инициатива (пайдаланушы командалар мен сұраныстар арқылы жүйенің жұмысын өзі басқарады) және аралас инициатива (басқару сигналдары көмегімен инициативаны қайтадан үлестіруді қарастырады, оның көмегімен пайдаланушы программаның процедуралық, сонымен қатар сұхбаттық бөлімдердің орындалуын үзуге және ЭЕМ-ді өзінің командасын күту жағдайына аудара алады).

Ақпарат сипаттамасы бойынша кіріс және шығыс хабарламасының құрамын екі типке бөлуге болады;

- басқарушы, транзакция нәтижесінде жүйенің қызметі және жұмысымен басқару орындалады (осы мақсатқа, сонымен қатар, басқарушы сигналдар қолданылады );

- ақпараттық, міндетті тапсырманы шешу үшін,оның барысында жүйеге мәліметтер енгізіледі.

Пайдаланушының санынан байланысты, сұхбаттық жүйе жекепайдаланушылық (бір ғана пайдаланушыға арналған) және көппайдаланушылық (жүйе ресурстарына ұжымдық қатынас жасау) болуы мүмкін..

Сұхбаттың транзакциясын жүзеге асыру үшін келесі формалар қолданылады:

- синтаксикалық шектеу (мәзір, шаблон бойынша жауаптары бар тапсырыс, ияжоқ жауабы бар сұраныс);

- директивалық (командалар);

- фразалық (шектелген қарапайым тілде әрекеттесу);

- обьектно – бағытталған.

Сұхбаттық жүйені тез игеру үшін пайдаланушыға сұхбаттың негізгі кезеңдері мен жүзеге асыру формасын білу қажет. Адами–машиналық ортада сұхбаттың келесі түрі көп қолданылады:

- мәзір; - сұрақтар, ияжоқ жауабын сұрайды; - шаблон;

- қарапайым сұраныс; - команда; - қарапайым тілде әрекет ету.

 
 

3-ші сурет.

Өзара қатынас сценарийі

ЭЕМ–мен адам-оператордың өзара қатынасы, әдетте сұхбаттың белгілі бір сценарийіне бағынады. Сұхбат сценарийі программалық жүйемен оператордың өзара қатынасы алгоритмін көрсетеді. БжАӨЖА алдында тұрған тапсырмалардан шыға келе, басқару процес кезінде адамның мінездемесі мен функциясын, ақпараттық құралдарының бейнесін алуда техникалық мүмкіндіктерді жобалайды. Сұхбат сценарийі сұхбаттық әрекеттесудің бөлшектік сипатамасын білдіреді, ол сұхбат құрылымы түрінде, сонымен қатар, ақпараттық және операциондық модель беріледі. Формальдық түрде сценарий келесі түрде анықталады:

 

D=<S, A, C, R, G, I, O>,

Мұндағы S- жағдайдың жиыны; А- операция жиыны; C=Q U F – шарттар жиыны (Q- кіріс шарттарының жиыны, F- программалық шарттардың жиыны); R – шығыс хабарламалардың жиыны; G: SxCS - сұхбат графы; I:{SR; SxCR} – сұхбаттың ақпараттық моделі; Q: {SA; SxCA} –сұхбаттың операциялық моделі.

Сұхбат кіріспесі сценарий келісімімен сұхбат интерпретациясы деп аталады. Сценарийдің графикалық бейнесі алгоритмдеу тіліндегі блок-схеманы еске түсіреді. Ол бұтақталу элементтерінен, хабарлама қарапайым конструкциясы сценарий түйіні деп аталады.

Жобалау кезінде сұхбат сценариі программалық жүйемен пайдаланушының өзара қатынасы кілттік түсінік деп аталады. Ол сұхбаттық өзара қатынас құру процесін формальдауға және пайдаланушының жүйемен қатынас процедураларына талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Сценарийдің негізгі құрамды бөлімін қарастырайық – сұхбаттың құрылымы. Ол өзара қатынас процессін толығымен көрсетеді. Сұхбат құрылымы – пайдаланушының сұхбаттық жүйемен қатынас процесс кезінде қол жеткізілген сұхбат жағдайының байланысқан жиынтығы. Сұхбат жағдайы үш компонентпен сипатталады: сұхбат формасы; пайдаланушыға ұсынылған жүйе функциясының жиынтығы; сұхбаттың тарихы. Сұхбат құрылымының негізгі графикалық ұсынылуы- жағдайдың диаграммасы- бағытталған және салмақталған граф. Әрбір графтың төбесі белгілі сұхбат жағдайына сәйкес келеді, ал оның доғасы жағдайдың ауысуын анықтайды. Төбе мен доғаның салмағы сұхбат мазмұнын сипаттайды: программалық операциялар мен шарттарды орындайтын кіріс пен шығыс хабарламалар.Сұхбат графының бір төбеден екіншісіне өту сұхбаттың бір транзакциясына сәйкес келеді. Өтпелердің еркінше тізбегі пайдаланушы мен жүйенің арасындағы қатынас сеансын орнатады. Егер де қателік бойынша өтпелер мен шалулар ескерілмесе, онда сұхбаттың үш құрылымынын белгілеуге болады: сызықтық, тораптық және ағаш тәрізді. (4-сурет).

 
 

Сызықтық құрылым Ағаш тәрізді құрылым Тораптық құрылым

4-ші сурет.

 

Сұхбатты мәзір түрінде қарастырайық.

Мәзір – көп таралғанған сұхбат үрі. Шақыру алдында жүйе сұхбатты инициалдайды. Сондықтан сұхбат қадамы жүйенің кіріс хабарламаны берілуімен басталады. Шығыс хабарламаның пайдаланушымен берілуінен кейін және оның жүйемен өнделген соң сұхбат қадамы аяқталынады.

Аталмыш сұхбат түрінің машиналық орындалуының бірнеше түрі болуы мүмкін. Барлық жағдайда кіріс хабарламасы ретінде экран дисплейінде жүйе функциясының ішкі жиындары жарықтанады (әдетте, нөмірленген), олардың орындалуы сұхбаттың ағымдық жағдайында болуы мүмкін. Бұндай кіріс хабарламаны мәзір деп атайтын боламыз.

Пайдаланушы талап етілетін функцияны келесі негізгі әдістердің бірінен таңдай алады:

1. талап етілген директива жинағымен немесе қысқартылғн атаулармен;

2. таңдалған директиваның нөмер жинағымен;

3. талап етілетін директиваның экран жолына курсорды орналастыру;

4. экрандағы жолға сәйкес келетін фотоселекторды басумен;

Графикалық сұхбатты граф түрінде көрсетуге болады. Граф түйіндері жүйе функциясының ішкі жиынына сәйкес келеді, ал төмен қарай бағытталған оның доғалары пайдаланушының альтернативіне тең болуы мүмкін. Бұл жағдайда доғалар саны ұсынылып отырған жүйе функциясының санына тең. Доға шығатын төбесімен бірге, сұхбат қадамына тең болады. Ағаштың жоғарғы түйіні (түбір) жүйенің бастапқы хабарламасына тең. 5-ші суретте мәзір сұхбат графы ағаш түрінде келтірілген. Ағаштың түбірі және одан шығатын доғалар сұхбат қадамына тең. Сұхбат қадамының кейбір орындалуынан кейін жүйе тікбұрыштармен көрсетілген мәзір жарықтанады. Мәзір ағаш графымен қолданбалы жүйе бағытымен төмен қозғалу, “тиеу” деп аталады. Функцияның орындалуы үшін, граф ағашының көршілес бұтақтарына сәйкес, қолданбалы жүйемен жұмыс кезінде “жүзіп шығу” механизмі қолданылады. Оны екі тәсілмен орындауға болады:

· Тізбектелген қозғалыспен графтың доғасымен жоғары қарай түйінге дейін, яғни берілген функцияның құрамындағы немесе оның түйіндеріндегі, “”тиеу” механизмін қолдана отырып одан өтуге;

·

 
 

Сұхбат граф ағашының түбіріне келесі тиеумен өтумен;

 

5-сурет

Графикалық екінші әдіс граф доғасының ағаш биіктігіне бағытталған әрбір түйіндегі нақтылыққа сәйкес келеді. Доғалалдың бірі 3-ші суретте қарайтылған сызықпен көрсетілген.

Ияжоқ жауабын талап ететін сұрақтар формасындағы сұхбат типі сұхбаттың “мәзір” жиі жағдайы болып табылады, сұхбат қадамында қашан; пайдаланушы альтернативі ретінде екі жауап болады: Ия және Жоқ.

 
 

Қарастырылып отырылған сұхбат типінің графикалық интерпретациясы 6-шы суретте бейнеленген.

 

6-шы сурет.

 

Бұл бинарлық ағаш графы, әрбір түйінінен екі бұтақтан төмен шығады (қолданбалы жүйеге). “Тиеу” және “Жүзіп шығу” сұхбаттың бұл түрінде мәзірге ұқсас болып келеді. Берілген сұхбат түрінде қолданбалы жүйемен жұмыс үшін әдетте “мәзір” түріндегіден көп қадам жасау керек. Берілген сұхбат түрінің негізгі артықшылығы - сұхбаттың әрбір жеке қадамының орындалуының қарапайымдылығы болып табылады.

Шаблон – бұл сұхбат жүйесімен инициалданған, оның әрбір қадамында жүйе пайдаланушының сәйкес берілген форматтағы тек синтактикалық шектелген кіріс хабарламаны ғана қабылдайды. Мәзірдегі секілді сұхбатты жүйе бастайды. Сұхбаттың берілген түрін параметрлік жүйе деп аталады. Пайдаланушының жауап беруі дисплейдегі оған ұсынылған форматтарымен шектелген болуы мүмкін. Сондықтан жүйенің мұндай түрдегі сұхбатпен қолдану салыстырмалы түрде сондай жоғары емес, алайда оның операциялық күрделілігі жеткілікті төмен.

Мұндай түрдегі сұхбаттың орындалуының мүмкін болатын нұсқаларының екеуін атаймыз:

· пайдаланушымен енгізілген хабарлама форматы экран дисплейінде жүйемен көрсетілуі;

· экран дисплейінде орналасқан жүйе хабарламасының текстінде пайдаланушы хабарламасының орынының резервтелуі (мысалы, ерекше жарықтану өрісінің көмегімен).

“Шаблон” түріндегі графикалық сұхбатты 7- суретте келтірілген граф көмегімен түсіндіріп беруге болды.

 
 

 

7-ші сурет.

 

Графтың әрбір төбесінен екіден доғалар шығады. Келесі түйінге бағытталған доға, пайдаланушының семантикалық дұрыс хабарламасына сәйкес келеді, ал бір түйінде тұйықталған доға пайдаланушының семантикалық дұрыс емес хабарламасына сәйкес келеді. Хабарлама дұрыс болмағанда, жүйе қате туралы ескерту береді және ағымдағы сұхбат қадамының басында қалады.

Шаблон әдетте, мәліметтер енгізу үшін қолданылады, мағыналары «мөлдір» немесе (мысалы ағымдағы мерзім) мамандық термині болып табылады және сондықтан олар пайдаланушыға белгілі. Алайда, осы мәліметтердің беріліс түрі олардың мағыналарымен анықталмайды. Қарапайым сұраныс шаблонның дербес жағдайы болып табылады. Әдетте, мәліметтерді жинау кезінде, әр түрлі автоматтталған жүйелерде қолданылады.

Қарапайым сұраныс – бұл сұхбат түрі, жүйемен инициалданушы және бір ғана қадамнан тұрады. Мұнда пайдаланушыға алдын ала жүйемен анықталған бірлік форматта бірден артық хабарлама енгізуге мүмкіндік беріледі. Графигі 8-ші суретте көрсетілген.

Команда – пайдаланушымен инициалданған сұхбаттың түрі, пайдаланушының сұхбат қадамында берілген бір директивасы (команда) орындалады. Жіберілетін командалар жинағы әдетте экранда болмайды. Алайда арнайы директивалар көмегімен оны танысу үшін экранға шығаруға болады. Жіберілмейтін тапсырма кезінде директиваларда қате туралы ескертуші хабарлама шығады, және жүйе ағымдағы қадамның басында қалады.

 

 
 

8-сурет

Сұраныстың аталмыш түрі графикалық түрде бағытталған граф көммегімен ұсынылуы мүмкін (9- сурет). Гграфтың әрбір түйінінде тұйықталатын доғалар бар болады. Мұндай доғалар берілген сұхбат қадамының жіберілмейтін директиваларына сәйкес болады.

 
 

9-сурет

Қарапайым тілде өзара қатынас пайдаланушының өзіне байланысты пайда болады. Сұхбаттың бұл түрі пайдаланушы жағынан қатынас жүргізуіне аз мөлшерде шектеу қояды, яғни оған қарапайым тілді қолдана отырып, тапсырманың қойылымын еркінше таңдауға мүмкіндік алады. Қарапайым тілдің біржақты болмауына байланысты, жүйе жағынан пайдаланушының тапсырма қойылымын анықтайтын және қарастырылып отырған жағдайдың заттық аймағына байланысты сұрақтар туындауы мүмкін. Пайдаланушы жақтан қатынас қарапайым тілде жүргізілсе және пайдаланушымен инициалданған, қойылған тапсырма шешіміне әкелетін сұхбат түрін қарапайым тілдегі өзара қатынас деп атаймыз.

Жүйе құрудың ғылыми және техникалық қиындықтары қарапайым тілдегі пайдаланушының өзара қатынасын квазиқарапайым (қарапайымға ұқсас) және проблемаға-бағытталған (бір тар проблемалы аумақта сұхбаттасу үшін) тілдің орындалуына әкеледі.

Квазиқарапайым және қарапайым тілдегі өзара қатынастың графикалық интерпретациясы 10 а,б-шы суретте көрсетілген.

 

 
 

 

 

- графикалық пайдаланушы интерфейсі (Graphical User Interfase - GUI);

- пайдаланушы Web-интерфейсі (WEB-User Interfase WUI);

- қалта құрылғыларын пайдаланушы интерфейсі (Hand-User Interfase-HUI);

- графикалық емес командалық жолдың пайдаланушы интерфейсі (Command Line Interfase CLI).

Графикалық пайдаланушы интерфейс (GUI).

Графикалық пайдаланушы интерфейс (Graphical User Interfase – GUI) “пайдаланушы-компьютер” қарым-қатынасының стилі ретінде анықталады. Онда мынандай негізгі элементтер қолданылады: терезелер, пиктограммалар, мәзір және көрсеткіштер. Кейде GUI-интерфейсін WMP-интерфейсі деп атайды.

GUI-интерфейсінің негізгі қасиеттері – ол манипуляция жасау мүмкіндігі, тышқан немесе көрсеткіштің қолданылуы, графиканың пайдалануы, функция мен мәліметтер қосымшасы ауданының болуы. GUI – компоненттерін тереңірек қарастырайық. Терезе – ол бейнелеу құрылғысының облысы, объектілермен, объектілер туралы ақпаратпен өзара қатынасы үшін қолданылады немесе объектілерге қолданылатын әрекеттерді орындауға арналған. Терезеде тақырыптар жолы болады, ауыспалы операциялар теруіне ие болады, мөлшерінің өзгеруі, мәзір теруімен және объектілер туралы ақпарат көрсететін арнайы облысы болады. Әдетте терезе тікбұрышты болып келеді.Онда терезені қолданатын қосымша, GUI–бағытталған қосымша болып келеді. Терезе ақпаратты құрылғы бейнесінің тек қана бір аймағына немесе облысқа бейнелейді. Бейнелеу құрылғысын жарым-жартылай қолдану, бірмезетте бірнеше объектілермен немесе сұхбатты басқарушылармен өзара қатынаста болу үшін бірнеше терезені қарап шығуға мүмкіндік береді.

Пиктограммалар. Пиктограмма көп жағдайда терезеге ұқсас болып келеді, бірақ формальды анықтамаға сәйкес – бұл бейнелеу құрылғысының облысы, объектіні көрнекті қылу үшін қолданылады. Пиктограмманың типтік қасиеттері объектіні, тақырыбын немесе атын көрсету үшін графикалық символдарды қосады сонымен қатар операцияларды манипуляциялайды. Пиктограммада орындалатын, объектіні сипаттайтын – бұл Open (ашу) операциясы, ол объект туралы ақпараты бар терезені сипаттайды.

GUI– интерфейсінде қолданылатын, формальді түрде пиктограмма болып саналмайтын графикалық символдардың жиыны бар. Объектілердің атрибуттерін, жағдайларын және әрекеттерін сипаттайтын графикалық символдар ақырғы пайдаланушылармен пиктограмма сияқты қабылдануы мүмкін. Бірақ GUI–интерфейсі және стандарттарды құрастырушылардың көзқарасы бойынша, оларды графикалық батырмалар ретінде қарастырған жөн. Мұндай жағдайларда графикалық символдардың қолдануына мына терминдер “пиктограмма” және “графика” арқылы өзара алмастырылады.

Мәзір. Мәзір баламалардың қатарын көрсетеді. Оның көмегімен пайдаланушы, өзінің таңдауын жүзеге асырады. Әдетте GUI бағытталған мәзірдің баламасы –объектілермен амалдар орындау үшін, пайдаланушылармен таңдалатын командалардың аттары болып келеді. File (Файл) мәзірі- мәзірдің мысалы, ал File мәзірінде орналасқан - Print командасы баламалы нұсқасының мысалы болып табылады. Мәзірде барлық пайдаланушы командалар орналасқан. Жүйенің графикалықтан өзгешесі, керісінше мәзірде дисплей толығымен қолдану қажет. Бірақ мәзір иерархия тәсілімен орналасу қажет.

Көрсеткіштер. Графикалық жүйелер әдетте тышқанның немесе жұмыр манипулятор түріндегі координаттық - сілтеуіш құрылғылардан тұрады.

Координаттық - сілтеуіш құрылғы деп пайдаланушы енгізуді осы құрылғы көмегімен жүзеге асыра алатын экрандағы орынды түсінеміз. Көрсеткіш - ол графикалық символ. Координаттық - сілтеуіш құрылғыға жүйеге кірудің орынын визуальды көрсетеді. GUI интерфейсте қолданылатындар көрсеткіштер, бағыт түріндегі жүйелік көрсеткіштен, графикалық қайта түйісу және І- бейнелі немесе бөренелік көрсеткіштен тұрады.

Тікелей манипуляциялау. GUI интерфейсінің ең маңызды қасиеті - тікелей манипуляциялауда болып табылады. Ол пайдаланушыға көрсеткіштің көмегімен объектілермен өзара қатынаста болуға мүмкіндік береді. . Мысалы , тышқанның көмегімен терезенің экрандағы орнын ауыстыруға болады. Терезе тақырыбы жолына көрсеткішті орналастырып , тышқанның батырмасын басып ұстап, тышқанды да жылжытып отырамыз. Мәзір немесе баламаларды таңдаудың көмегімен орындалатын әрекеттерді, тікелей манипуляциялауды қолдана отырып орындауға болады. Мысалы , көптеген жүйелерде құжат пиктограммаларын жұмыс үстеліндегі принтер пиктограммасына тасу нәтижесі - құжатты баспаға шығару болып табылады. Тікелей манипуляция арқылы орындалатын әрекеттерге Move (орын ауыстыру) ,Copy (көшіру), Delete (өшіру), Link (байланыстыру) операциялары жатады.

Басқада қасиеттер. GUI - интерфейске тән басқада жұмыс әдісіне - айырбастау буфері , пернелердің қиыстырулары , мәзірде және сұхбатта үдейтін пернелер, сонымен қатар тышқан - пернелердің өзара қатынасының қосымша мүмкіншіліктері жатады. Бұл механизмдер пайдалы болғанына қарамастан, GUI- интерфейстің маңызды қасиеттері ретінде қарастырылмайды.

GUI-интерфейсі қолданбалықтың жоғары дәрежесіне кепілдік бермейді. Бірақ дұрыс деңгейде жобаланған GUI-бағытталған программалық қосымша, пайдаланушы жұмысының тиімділігі жағынан, оның графикалық емес аналогынан асып түсуі мүмкін.

Пайдаланушылық - интерфейс (WUI).

Негіздік WUI - стиль (Web User Interfase) иерархиялық құрылым мәзіріне ұқсас. Оны пайдаланушылар гиперсілтемелерді қолданудан басқаларын, графикалық емес интерфейс ортасында жұмыс істеу тәжірибесінен біледі. Қажетті навигация мәтіндік немесе визуалды гиперсілтемелерді пайдалану арқылы, бір немесе бірнеше қосымшалардың шеңберінде орындалады.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Ші тарау

Ші тарау Оператор мен есептеу ж йесіні арасында ы арым атынас инерфейсіні инженерлік психологиялы... Ші д ріс Адам оператор мен компьютерлік ж йе арасында ы... Компьютерлік ж йе интерфейстеріні кешені Компьютерлік ж йе интерфейстеріні зара...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Шы дәріс. Сұхбаттың құрылымдары және түрлері.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Ші дәріс. Өзара қатынас интерфейсінің сипаттамалары.
Интерфейстің келісімділігі. “Кері байланыс” принципі. Интерфейс қарапайымдылығы. Интерфейстің қасиеті. Интерфейсті құру ережелері. Сапалы интерфей

Интерфейстің келісімділігі.
Келісімділік интерфейсі пайдаланушыларға білімдерін жаңа есептерге көшіруге және жаңа аспектілерді үйренуге мүмкіндік береді. Келісімділік интерфейстіv

Сұхбатты жүргізу қарқыны
Сұхбатты жүргізудің қарқыны шешілетін есептің ерекшелігіне және компьютердің аппараттық және бағдарламалық қ

Кескінделген ақпараттың визуалды атрибуттары
Кескінделген ақпараттың визуалды атрибуттарына жататындар: - кескінделген объектінің өзара орналасуы және көлемі; - түстік палитра;

Түсті қабылдау сипаттамасы
Түстер реңі, жарықтылығы және қанықтылығына қарай ажыратылады. Жарықтылығы 10 кд/м2 болғандағы түсті&#

Кеңістіктік сипаттамалар
Бұл сипаттамалар тобы объектілерді анықтау, ажыратуына әсер етеді. Тәжірибелік есептерді шығарған кезде келесі ережелерді ескеру керек: 1. Объект туралы

Ші дәріс. Пайдаланушылар санаттары.
Интерактивті жүйелерді пайдаланушылар классификациясы. Оператордың қызмет түрлері. Адам-оператордың қызмет кезеңдері. Адам-оператордың әрекет т

Тарау 5. Компьютерлік жүйелердің ақпараттық өзара қатынас интерфейстерін құру.
15-ші дәріс. Программалы-аппаратты интерфейстер. Қосымша деңгейінің өзара қатынас интерфейстері. WEB - қосымша

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги