Нанозаттардың қолданылу мысалдары.

Қазір нанозаттың қолданбайтын ауданын айту өте қиын: химиялық және нефтехимиялық өндірістегі кеуекті материалдар (катализаторлар, адсорбенттер, молекулярлы фильтрлер және сепараторлар), интегралданған микроэлектрохимиялық құрылғылар, электрлік аккумуляторлар және басқа энергия түрлендіргіштері, трансплантацияға биоқосылғыш тканьдар, дәрілік препараттар. Өндірістің рентабельділігі қалай материалдарға деген жаңа талаптардың қойылуынан анықталса; солай өндірістегі шығынның азайтуының қажеттілігімен анықталады.

Көрсетілген жағдайлар ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың белгілі бір бағытына әсер етеді. Көмірграфиттік материалдар мысалында, олардың құрылысын, қасиетін зерттеуге, алыну процестеріне байланысты басылымдар санының тез өскендігі көрсетілген.