Талшық тәрізді бөлшектер

«Түтікше» термині ұзартылған бөлшектің ішінде остік жазықтық бар деген мағынаны береді. Болуы мүмкін ұзартылған бөлшектерден сызбанұсқасында (3.8 сурет) алғашқы үш құрылымның анық остік каналы болмайды. Дәл осы қаптамалар «жіпшелі және талшықты» құрылым немесе «вискер немесе сымға» жатады. Талшықтар класына сонымен қатар әртүрлі лента тәрізді құрылымдарды да жатқызылады.

а б

3.8 – сурет. Ұзартылған бөлшектердің түзілу схемасы: төбесінен және жанынан қарағандағы сурет - а. Талшықты бөлшектің электронды-микроскоптық суреті - б.

 

Талшықты бөлшектерді екі түрге бөлуге болады: 3.8б суретте көрсетілгендер және 2.3б суретте көрсетілгендер. Бірінші түрінің айқын қабырғалары бар, беті тығыз біркелкі, диаметрі бөлшектің барлық аймағында біркелкі, ұзындығы диаметрінен 50 есе артық. Екінші түрі бостау, көбінесе саңылаулары және қоспалары болады. Бұл бөлшектердің диаметрі мен қалыңдығы тұрақты емес. Әдетте мұндай морфологиялық түр жоғарымолекулалық заттарда кездеседі.