Нанобөлшектердің түзілу және өсу моделдері

Наноразмерлі бөлшектерді синтездеу бойынша алынған көптеген тәжірибелік мәліметтер олардың түзілуін түсіндіретін әртүрлі модельдерді тудырды. Бұл модельдердің қолданылу аумағы шектеулі және олар тек қана нақты термодинамикалық шарттар орындалған жағдайларда ғана орындалады. Олардың кейбірі басқа тәжірибелік шарттарда қолданыс таппады, ал кейбірі одан әрі дамытылды. Наноразмерлі бөлшектердің түзілу және өсу моделдерінің негізгі қабылданғандарын қарастырайық. Олардың әрқайсысының өзінің жақсы жақтары мен нанобөлшектерді дамыту шарттарының аумағы бар және олар нанобөлшектердің белгілі бір морфологиялық ерекшеліктерін түсіндіреді. Олардың бәріне ортақ ереже жіпше тәрізді кристаллиттердің өте өзгеше тепе-теңдікте емес формасы болмайды: олардың диаметрі микроннан аз, ал ұзындығы диаметрінен 10 есе немесе одан да көп артық. Яғни мұндай заттардың беттік энергиясы массивті изомеритті кристалдардікінен көп артық. Жіпше тәрізді кристаллиттердің өсуі тек қана бір бағытта жүреді.

Негізгі үш моделге тоқталып өтейік: дислокационды, бу-сұйық-газ (БСГ) және кватаронды.