Көміртекті пардың конденсациясы.

Нанотүтікшелерді алудың келесі әдісін 1992 жылы Леонид Чернозатонский жетекшілігімен Ресейдің ғылым академиясының бір топ ғалымдары ашты. Бұл ғалымдар жоғары вакумде графитті буландыру үшін электрон шоғырын (10-6 торр) пайдаланған және табаншада конденсирленген материалды жинаған (мыс. кварц). Нәтижесінде мұндай тұндырылған материал көп мөлшерде ұзартылған көміртекті жіпшелерден тұратыны анықталды. Жоғары мүмкіндікті сканирлеуші электронды микроскопия конденсирленген пленкада көпқатпарлы нанотүтікшелер бар екенін анықтады.

Нанотүтікшелерді пар конденсациясы арқылы алуды Гавай Университетінің ғалымдары Маохуа Ге және Клаус Саттлер де зерттеген. Олар нанотүтікшелерді алу үшін 10-8 торр вакуумде көміртекті фальганы резистивті қыздыру арқылы көміртек парларын алды. Осы әдіспен көпқатпарлы да, бірқабатты да нанотүтіктерді алуға болады.

1995 ж. Раис Университетінің Смолли группасы көміртекті нанотүтіктерді пеште лазерлі буландыру арқылы алуға болатынын айтты (рис.6.5). Тасымалдаушы газ ролін гелий немесе аргон атқарды, ал пештің температурасы 1200°С аймағында болды. Конденсирленген мате­риал сым табаншада жиналды. Схемада көрсетілгендей және анықталғандай оның құрамында көп мөлшерде жоғарыграфиттелген және құрылымы жақсы нанотүтікше және нанобөлшектер бар екені анықталды. Смоллидің жұмыстарын одан әрі жалғастыру нәтижесінде пеште жоғары лазерлі буландыру барысында бірқабатты нанотүтікшелер өте көп мөлшерде алынды.

6.5-сурет. Смолли группасының пеште лазерлі буландыру арқылы нанотүтікшелер мен нанобөлшектерді алуға арналған қондырғының сызбанұсқасы.