Көмірсутегі түзуші материалдардың терминологиялық сөздігі

Техникалық көміртегі немесе күйе– көміртегі заттарының толығымен жанбаған немесе термиялық ыдыраудан кейінгі өнімдері. Бұлар жұқадисперсті аморфты көміртегінің түтінінен бөлінеді. Э. Норми бойынша – күйе ұшқырлы, шылтырағаш, ұсақдәнді, майлы, сығыңқы және аралас болып бөлінеді.

Ұшқырлы күйе – ұнтақ тәрізді борпылдақ масса. Қара немесе бура түс беріп, көмірдің және күлдің (зола) ұсақ бөлшектерінен тұрады.

Шылтыр күйе (батпақты күйе) – қара-бура немесе қара түс беретін, смола тектес заттардан түзіліп, тас көмірді, торфты немесе қылқан жапырақты тұқымдастарды жаққан кезде пайда болатын тығыз масса.

Майлы күйе – майлы заттардан және ұшқыш күйеден пайда болатын жұмсақ қара түсті түйіршіктер. Олар үй төбесіндегі мұржалардан пайда болады.

Ұсақдәнді күйе – шайырлы заттардан тұратын, губка тәріздес қара түсті поралы зат.

Сығыңқы күйе – ұшқыш күйе мен шайырлы күйенің қосындысынан түзілген қара түстес жартылай сұйық масса. Минералды отындарды, тас көмірді, торфты немесе қылқан жапырақты тұқымдастарды жаққан кезде пайда болады.

Аралас күйе – ұшқыр, шылтыр, ұсақдәнді, майлы және сығыңқы күйелердің қосындыларынан пайда болатын қоспа.

Ақ күйе– жоғары дисперсті аморфты кремний оксиді (ІV). Көміртекті күйеге байланысты аналогия бойынша аталады (марка - аэросил, ресил).

* * *