Дислокациялар энергетикасы

Дислокация аумағында атомдардың бір қатары өзінің көршілеріне қатысты ығысқан жағдайда орналасады. Сондықтан дислокация кристалдағы қосымша энергиялардың жиынымен, яғни серпімді кернеулер өрісімен қоршалған. Аймақтық дислокация сызығының үстіндегі аумақ сығылу кернеуін, ал астындағы аумақ – созылу кернеуін сынайды. Бұрандалы дислокацияның айналасында ығысқан кернеулер өрісі болады. Дислокациядан алшақ кристалл дұрыс, сондықтан серпімді кернеулердің шамалары дислокациядан алшақтаған сайын азаяды. Бұл азаю тор типіне, химиялық байланыс сипатына, дислокация түріне және дислокация ядросы деп аталатын дислокация орталығындағы серпімді энергияның шамасына тәуелді.

Серпімді энергия .

Тор типі мен химиялық байланыстың табиғаты макроскопиялық сипаттамалар – ығысу модулі G және Пуассон коэффициентімен өрнектеледі. Онда дислокацияның бірлік ұзындығына есептелген меншікті серпімді энергиялар:

 

 

, мұндағы R - дислокация ядросындағы кернеулер өрісінің радиусы, R- кернеулер өрісінің соңғы радиусы, ол дислокациялар арасындағы орташа қашықтықтың жартысы. Шамасы жағынан E және E , E (1- ) есе E -тан кіші.