Жазық ақаулар

Кристалл құрылымының маңызды жазық (екі өлшемді) ақаулары-дәндердің шекаралары, ұқсастар және қабатталу ақаулары. Осы ақаулардың табиғатын қарастырайық.

Дәндердің шекаралары. Жалпы шекаралар фазааралық және фазаішілік болып бөлінеді. 1-сы әртүрлі фазалық күйдегі аумақтарды бөледі. Мысалы, сыртқы ортадан бөліп тұрған кристалл жақтары; балқымамен шекаралас өсетін кристалл беті; металл құймалардағы әртүрлі фазалардың бөлшектерінің арасындағы шекаралар. Фазааралық шекараларды шартты түрде кристалдың макроақауларына жатқызады.

4.18-сурет. Ұқсастық шекарасы
4.17-сурет. Фазаішілік шекарасы  

 


Бір фазадағы кристалдардың жанасуына алып келетін кристалл облыстары фазаішілік шекараны береді (4.17-сурет).

Ұқсастық. Ұқсастықтың шекарасы бір-бірінің айнадағы бейнесі болып табылатын кристалдың екі облысын бөледі (4.18-сурет). Ұқсастықтар кристалдар өскенде де, механикалық, деформациялық әсер бергенде де пайда болады.

 

 

 

 


4.19-сурет. Ақаулар болғанда атомдардың (111) жазықтығында және <110> бағыттарында орналасуы

 

 

Қабатталу ақаулары кристалл тордағы орналасқан атомдардың заңдылықпен кезектесуі бұзылғанда түзіледі. Мысалы, ЖОК тор үшін атомдардың дұрыс кезектесуі – АВСАВС, ал қабатталу ақаулары болғанда құрылым – АВС АС АВС (4.19 сурет). Осылайша қабатталу тығыздығы – кристалл тордағы басқа типті қабаттың екіатомды қабаты. Қабатталу ақаулары негізінен металдық кристалдарда байқалады.