Беттің құрылымы

Нақты кристалл бетінің құрылымы күрделі: 1- қатты дененің беті – ол өте жұқа көлемдік қабат; 2 – бетте әртүрлі ақаулар бар; 3 – бет сыртқы ортамен байланысатындықтан оның құрылымын қалыптастыруда оттек үлкен роль атқарады. Қалыңдығы 150-200 нм табиғи оксид қабаттары бетте әрқашан болады. Адсорбция құбылысының әсерінен бетте бөгде бөтен атомдар болады. Кедір-бұдырлық та тән. Нәтижесінде қатты дене беті құрылымы жағынан әртекті болып келеді(5.1-сурет). Сурет бойынша бетте баспалдақтар болады. Т 0 болғанда флуктуациялар есебінен 1, 2 сынықтар түзілуі мүмкін. Адсорбцияланған атом сынықтағы бос орынға 3 келуі немесе бос баспалдақта (4) қалуы мүмкін. Баспалдақта беттік вакансиялар 5 пайда болуы мүмкін.

 

5.1 сурет. Қатты дене бетінің құрылымы

 

Беттің күрделі құрылымы оның қасиеттерінің қатты дененің көлемдегі қасиеттерінен өзгешелігін анықтайды.