Бет энергетикасы

5.2-сурет. Кристалды аумақтардың әртүрлі жазықтықтарында жұпты атомдық әрекеттесулердің сызбанұсқасы
Әртүрлі қатты денелердің еркін беттік энергиясын есептеуді қарастырайық. Бұл үшін кристалл торды (5.2-сурет) кристалды бөлетін қандай да бір жазықтықтың бір жағында s, s-1, s-2, екінші жағында l, l-1, l-2 параллель атом қабаттары түрінде қарастырамыз. Бұл процесте жұмсалған жұмыс 1 аумақтағы әрбір атомның 2 аумақтағы әр атоммен байланысын үзуге кетті. Егер атомдар ара қашықтығы өте қысқа байланысқан атомдар жұбын ескерсек, онда әсерлесу потенциалдарының қосындысы бетті түзуге жұмсалған толық энергияны береді: . l көбейткіші (s-1) және (l-1), (s-2) және (l-2) атомдар арасындағы қосымша әсерлесуді ескереді. Мұндай қосынды әрбір жұптың әсерлесуін екі рет ескереді, сондықтан ½. -ті түзілген бет шамасына бөліп, мәнін аламыз.