Жұғу және ағу құбылыстары.

Көптеген технологиялық процестерде сұйықтың қатты дене бетімен жанасқанда өтетін құбылыстар үлкен роль атқарады. Мысалы, металл-жартылай өткізгіш электрлік контакттарын жасау технологиясында металл тамшысың кристалмен балқыту әдісі кен қолданады. Қыздырғанда мұндай тамшының ағуы балқу ауданын да, процесті де анықтайды.

 

 

 

5.3-сурет. Керілу бұрышы сүйір (а) және доғал (б) қатты дене бетінде сұйық тамшының ағуы  

 

 


Қатты дене беттерінің жақсы жұғуына оларды әртүрлі химиялық реагенттермен, соның ішінде тұрмыстық жуғыш заттармен тазалау пәрменділігі байланысты.

Қатты бетте тамшының ағуын қарастырайық (5.3-сурет). 1 сұйықтың АВ тамшысы 2 қатты дене мен 3 фазаның (газ не басқа сұйық) PQ беттік шекарасында жатыр. 2-3 шекарасында беттік керілу осы шекара бойымен тамшыны созуға тырысады. 1-2 фазалар шекарасындағы беттік керілу керісінше тамшыны оның орталығына созуға ұмтылады. 1-3 шекарадағы беттік керілу В нүктесінде тамшы бетіне PQ бетке қандай да бір бұрышпен жанама бойынша бағытталған. Бұл бұрыш аймақтық (шеткі) бұрыш деп аталады. 5.3, а суретте бұл бұрыш – сүйір. Бұл жағдайда күштің PQ жазықтығына проекциясы - ға тең, бағыты бойынша сәйкес келеді.Сондықтан бұл күштер қосылады. Бұдан тамшының бетте тепе-теңдікте болу шарты – күштердің теңдігі: + = . 5.3, б-суретте бұрыш – доғал. Бұл жағдайда: - = .

Егер - сүйір болса, онда сұйық қатты денеге жұғады деп есептейді, егер доғал болса, сұйық жұқпайды. Абсолютті жұғу болса =0, онда . Тамшы тепе-теңдікте болмайды, ол PQ бетіне жайылады. Мысалы, су немесе спирт тамшысының шыныда ағуы. Егер =180 болса, онда абсолют жұқпау, онда .