Атты денелер қасиеттерінің адсорциялық өзгерістері.

Адсорбцияланған қабаттар ең алдымен үйкеліс күштеріне әсер етеді. Үйкеліс күші – денелердің салыстырмалы орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталған күш. Үйкеліс коэффициенті – үйкеліс күшінің қалыпты жүктемеге қатынасы.

Адсорбцияланған қабаттар үйкеліс коэффициентін төмендетіп, қатты денелердің өзара қозғалуына жағдай жасайды. Үйкелісті әлсірету үшін әртүрлі жағармайлар қолданылады. Олардың екі түрі бар: гидродинамикалық және шекаралық. Біріншісі үлкен қалыңдығының арқасында екі металл беттің жанасуына жол бермейді. Шекаралық жағармайлар өте жұқа және мономолекулалақ немесе моноатомды қабаттар болып келеді. Олар металдар арасындағы байланысу күштерін азайтып, жанасуына кедергі жасайды.

Адсорбция қатты денелердің беріктік қасиеттеріне де әсер етеді. Мысалы, сұйық қатысында қатты денелерді бұрғылау жеңілдейді. Бұл алдымен бұрғының салқындауымен, сосын ББЗ адсорбциясымен түсіндіріледі. ББЗ адсорбция әсерінен кристалдардың деформациялануының жеңілдеуі Ребиндер пәрмені деп аталады. Бұл қатты денені механикалық өңдеуде пайда болатын микрожарықшақтарда сұйықтық ББЗ молекулаларының адсорбциясымен түсіндіріледі. Беттік диффизия арқасында микрожарықшақтар ББЗ молекулалары бар сұйықтықпен тез толады. Сұйықтықсыз фазааралық энергия кристалл-ауа шекарасында, ал сұйықтық қатысында кристалл-сұйықтық шекарасында анықталады. Егер ,онда кристалды жұқтырғанда жаңа беттің түзілуіне , яғни қатты денені бұзуға энергия аз жұмсалады.

Адсорбцияланатын сұйықтық жарықшақ ішіне енгенде, беттік қысым пайда болады. Ол жарықшақтан кристалл ішіне бағытталған және жарықшақтың ұзаруына алып келеді.

Кейбір металдар да ББЗ бола алады. Мысалы, сынап қабықшасымен қапталған мырыш пластинка - өте морт. Темір сымға қондырылған қалайы қабықшасы да тура сондай.

Әртүрлі қабықшалармен қатты денелердің беріктігін жоғарылатуға да болады. Бұл – Роско пәрмені. Оның физикалық мәні – беттік қабықша дислокациялардың дене көлемінен бетіне шығу жолын жауып тастайды. Сондықтан дислокациялар қабықша астында жиналып, олар өрмектеліп, кристалдың беріктігінің өсуіне алып келеді.

Студенттердің өз білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:

1. Сұйық тамшының қатты бетке жұғуын түсіндіріңіз.

2. Алмасу адсорбциясы дегеніміз не?

3. Беттің құрылымында қандай ақаулар бар?

4. Металл-сұйық ерітінді шекарасына жақын жерде қос электр қабатының пайда болуын түсіндіріңіз.

5. Ребиндер пәрменінің физикалық мәні неде?

6. Роско пәрменінің физикалық мәні не?

7. Фольмер диффузиясының мәні неде?

8. Беттік деңгейлердің табиғаты қандай?

9. Беттік белсенді және инбелсенді заттар дегеніміз не?

10. Майлағыштардың қандай түрлері бар және олар қайда қолданылады?

11. Беттік керілу және фазааралық энергия түсініктерінің анықтамасын беріңіз.

12. Физикалық адсорбцияның хемосорбциядан айырмашылығы неде?

13. Бет энергиясы қалай анықталады?

14. Беттік диффузияда қандай жағдайда "оралған кілем" механизмі жүзеге асады?