Атты денелерді активтендіру

Қатты денелерді активтендірудің мақсаты - олардың реакцияға түсу қабілетін арттыру. Қатты денелердің активтенуін оның кристалдық күйіндегі әртүрлі бұзылулардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Қатты денелерді активтендірудің статикалық және динамикалық тәсілдері бар. Статикалық активтендірудің нәтижесі – қатты денеде ұзақ уақыт бола алатын ақаулар. Динамикалық активтендіруде керісінше ақаулар активтеу процесі жүретін қысқа уақытта ғана бола алады.

Әртүрлі физикалық және химиялық активтендіру әдістерін қарастырамыз.

Механикалық өндеу. Егер механикалық өндеу (ұсақтау, бөлшектеу, үйкелеу) нәтижесінде қатты дене құрылымы сақталып қалатын болса, онда дислокациялар және басқа да макроақаулар түзіледі. Ал кристалл толық бұзылатын болса, онда беттің ауданы өседі. Әрекеттесуші қатты денелердің бетінің құрылымын механикалық өндегенде жүретін микроскопиялық процестерді трибомеханика қарастырады.

Суықта концентриленген ерітіндіден қиын еритін затты тұндыру – белсенді заттарды химиялық жолмен алудың мысалы. Бұл процесс – аса қаныққан сұйық ерітінді ыдырауы. Тұнатын бөлшектер өлшемі аз болған сайын олар активтірек болады. Жұқа тұнған бөлшектерді температураны төмендету, бастапқы ерітіндінің концентрациясын көбейту және тұндыру жылдамдығын жоғарылату арқылы алады.

Ұсақ дисперсті активті ұнтақ алу әдісі ретінде компонентті шаймалауды (сілтілендіру) металл мысалымен қарастырамыз. Бұл үшін құймасын дайындап, оны механикалық ұсақтап, алюминийді - пен шаймалайды. Алынған ұнтақтың бөлшектерінің орташа өлшемі 50 Ао.