Металдық байланысы бар қатты денелер қандай талаптарға сай болу керек?

Химиялық байланысы металдық сипаттағы қатты денелерге металдар, металл құймалары және көптеген интерметалды қосылыстар жатады. Егер ғасыр басында металдар кең қолданылса, ХХ ғасырдағы техниканың дамуы қасиеттері әртүрлі құймалар алуға көп көңіл бөлуді талап етті. Алғашында өнеркәсіпте қолданылатын металл құймаларына тек бір ғана талап қойылды - статикалық жүктемеге және бірқалыпты қыздырғанға беріктілік. Қазіргі уақытта металл құймаларға өте жоғары температураларда қызуға берік, өте төмен температураларда криоберік, сонымен қатар виброберік тән болу керек. Механикалық қасиеттерден басқа металдық материалдардан физикалық – электрлік, оптикалық, магниттік қасиеттер талап етіледі. Оларға жоғары- және төменөткізетін құймалар, сұйық гелийдің қайнау температурасына (4.2 К) дейін салқындатқанда электр кедергісі нөлге тең асқын өткізгіштер, терможұптарға арналған ерекше құймалар және т.б. жатады.

Металдық қатты денелер іс жүзінде қолданылу облысына байланысты жіктеледі:

1. Конструкциялық материалдар.

2. Өткізгіш металл материалдар.

3. Магниттік материалдар мен құймалар.

4. Ерекше қасиеттері бар металл қатты денелер.