Ймалардағы интерметалдық қосылыстар

Құймаларда түзілетін фазаларды Н.С.Курнаков зерттеген. Ол металдық фазалардың «құрам-қасиет» қисықтарының 2 негізгі түрі бар екенін анықтаған. Олардың біріне сингулярлы (ерекше) нүктенің болуы тән (8.1 сурет). 2 түрінде қасиеттердің өзгеруі барлық бірфазалы облыста қандай да бір ерекше нүктесіз өтеді. Сингулярлы нүктесі бар фазалар – дальтонидтер, мұндай нүктесі жоқ фазалар – бертолидтер. Сингулярлы нүктенің болу-болмауы құйма компоненттерінің химиялық ерекшеліктерімен байланысты емес. Сондықтан көптеген құймалардың құрамы химиялық қосылыстарға сәйкес келмейді. Сондықтан құймалар - химиялық қосылыстар емес бір компонент негізіндегі қатты ерітінділер. Мұндай құймалар металдық немесе интерметалдық қосылыстар деп аталады, бұл олардың химиялық қосылыстардан айырмашылығын көрсетеді.

 

8.1-сурет. Ni-Sb (a) және Fe-Sb (б) жүйелеріндегі ерітінділердің электр кедергісі