Металдық қатты денелердің беріктілігі мен қызуға төзімділігі

Беріктілік – материалдардың деформациялану және бұзылуға қарсылығы. 2 түрі бар:

1) теориялық – монокристалдың идеал кристалл торында серпімді облыста деформация шарттарымен анықталады.

2) техникалық – нақты үлгілердің серпімді және пластикалық деформациясы мен бұзылуына қарсылығы.

Беріктілікті (шын мәнінде қаттылықты) анықтау аспаптарының 2 типі бар:

1) склероскоптар құрышталған болат шариктің сыналатын металл бетінен секіргенде жоғалатын энергияны өлшейді;

2) стандарт жүктеме астында үлгі бетінде металл шарик немесе инені енгізгенде қалатын «таңбаны» өлшейді.

Қызуға төзімділік – жоғары температуралар облысында жүктемемен ұзақ уақыт әсер еткенде материалдың жылжығыштық пен бұзылуға қарсылығы. Қызуға төзімділіктің температуралық шегі келесі факторлармен анықталады:

1) Балқу температурамен, одан жоғары құймалар жұмыс істей алмайды;

2) Атомаралық байланыс беріктігі, сондықтан легирлейді;

3) Құйма құрылымы.