Металдар мен құймалардың электр өткізгіштігі

Ең электрөткізгіштігі жоғары металдар : Cu, Ag, Au, Al. Бұл таза металдар иілгіш және берік емес. Cu, Ag, Au иілгіштігі 40-50%, Al - 30-40%.

Күміс пен алтын жоғары химиялық тұрақты, электронды аспаптарда қолданылады, ал мыс пен алюминий және олардың құймалары электротехникада қолданылады. Кейде электротехникалық мақсаттар үшін электрөткізгіштігі жоғары берік материал қажет, ол кезде мыс негізіндегі құймалар қолданылады. Екінші компонент ретінде кадмий, бериллий, қалайы, фосфор қолданылады. Мұндай құймалар қолалар деп аталады. Мыстың мырышпен құймалары – жездер.

Электрөткізгіштігі маңызды екінші металл – алюминий. Ол бөлме температурасында ақ оксид қабықшасымен қапталады, бұл қосымша оқшаулауды қажет етпейді, себебі алюминий оксиді – диэлектрик. Оксидтің оқшаулағыш қасиеттерін лак жағу арқылы жақсартып, электролиттік конденсаторлар алады.