Молекулалық процестердің кинетикасының заңдылықтары

Алдымен процесс жылдамдығын уақыт бірлігінде пайда болатын немесе жойылатын бөлшектердің саны ретінде анықтаймыз. Есеп шартына байланысты бұл шама заттың көлем бірлігіне немесе бет бірлігіне қатысты болады. Сондықтан процесс жылдамдығын уақыт бірлігінде зат концентрациясының өзгерісі, яғни концентрацияның уақыт бойынша dc/dt туындысы ретінде анықтауға болады. Егер көлемдік концентрация қарастырылса, онда гомогенді процесс (реакция), ал беттік концентрация қарастырылса, онда процесс- гетерогенді болады. Екі жағдайда да реакция жылдамдығы температураға және реакцияға қатысатын заттардың концентрациясына тәуелді. Егер реакция жылдамдығы тек бастапқы заттардың концентрациясына ғана тәуелді болса, онда процесс қарапайым болып есептеледі. Егер реакция жылдамдығы кез-келген бастапқы, аралық және соңғы заттардың концентрациясының функциясы болса, онда мұндай процесс – күрделі.

Сандық түрде реакция жылдамдығы V=k NА ma NBmb..., мұндағы NА NB- реакцияға қатысатын А, В заттардың концентрациялары; m-реакция реті деп аталатын көрсеткіш. Реакция реті әрбір затқа байланысты өзгереді, сондықтан көрсеткіштердің төменгі индекстері бар. Жалпы реакция реті

m= mA + mB +…..

k- реакцияның жылдамдық константасы, ол тек температураға тәуелді.