Ыш фериттер

Ферримагнетиктерден қыш технологиясы бойынша жасалытын материалдар – фериттер деп аталады. Ферримагнетиктің қосынды магниттік моментінің температураға тәуелді реттелуі 9.7-суретте берілген. Сурет бойынша ферримагнетиктің кризистік Кюри нүктесінен жоғары зат магниттік қасиеттерің жоғалтады.

Табиғи ферримагнетикке типтік мысал – магнетит . Мұндағы темір иондарын Mg, Ni, Co, Mn, Cu … иондары ауыстыра алады, сонда фериттер классы шығады . Күрделі фериттер - .

Фериттердің ферромагнетиктерден екі айырмашылығы бар:

1) жоғары магниттік қасиеттерінің жоғары изоляциялық қасиеттермен бірігуі; фериттердің меншікті электр кедергісі темірден 6 ретке көп;

9.7-сурет. Ферримагнетиктің қосынды магниттік моментінің температураға тәуелді реттелуі.
2) гистерезис тұзағының формасы – тікбұрышты (9.8-сурет).

 

Осыған байланысты ферриттердің қолданылуы:

1) электронды техникада – катушкалардың, трансформатор, магниттік антенналардың жоғары радиожиілікте жұмыс істейтін өзегі;

2) ферриттерді толқынжүргіштерде асажоғары жиілікті ЭМТ-ді (электромагнит толқындар) басқару үшін;

3) есептеуіш техника;

4) тұрақты магнит жасауда.

Ферриттерді алу технологиясы – бастапқы оксидтер қоспасынан қажет бұйым престеліп, әртүрлі газ орталарда (ауа, ) 900-1500 С – де пісіріледі.

9.8-сурет. Гистерезис тұзағының тікбұрышты формасы