Сегнето- және пироэлектрлік қыш

Сегнетоэлектриктер (батыс әдебиеттерде ферроэлектриктер) кристалл диэлектриктерге жатады. Диэлектриктерде электрондар атомдар мен иондармен берік байланысқан. Оларда бос электрондар жоқ, сондықтан электр өрісін бергенде диэлектриктерде өткізгіштік пайда болмайды, тек оң зарядтар бір жаққа, теріс зарядтар екінші жаққа ығысады. Бұл құбылыс полярлану деп аталады. Нәтижесінде зарядтар ауырлығының орталығы ығысқан әрбір элементар ұяшық диполь моментіне ие болады. көп болған сайын полярлану күштірек және да көп. Әдетте , мұндағы - диэлектрлік тұрақты, дұрысырақ диэлектрлік өтімділік.

Көптеген диэлектриктер үшін , бірақ мәндері өте жоғары диэлектриктер бар. Онда - сызықты емес функция, бұл ферромагнетиктерге ұқсас. Бұл құбылысты И.В.Курчатов сегнет тұзынан тапқан. Бұл затта сыртқы электр өрісін алған соң өзіндік полярлану болған (ферромагнетиктердегі қалдық магниттелу сияқты). Ферромагнетиктерден өзгешелігі сегнет тұзында екі кризистік температурасы: -18 және +24 С болған. Осы аралықта ғана өзіндік (спонтанды) полярлану болады. болса сегнетоэлектрикте зарядтар кинетикалық мұздатылған, оларды ығыстыру қиын. болса жылудың әсерінен полярлану жойылады. Сегнетоэлектрлік күйдің болу аумағында сегнетоэлектриктер пироэлектрлік те әсер береді: қыздырғанда полярлану өзгереді және электр қозғаушы күш пайда болады. Бұл әсерді пироэлектриктердегі ешқандай электрлеусіз диполь моментінің болуымен шатастырмау керек. Мұндай бастапқы диполь моменті иондардың кристалл торда ассиметриялы орналасуына негізделген.

1945 ж. совет ғалымы Б.М.Вул сегнетоэлектрик - ашты, сосын және т.б. ашылды. ашылған соң сегнетоэлектриктер конденсаторларда диэлектрлік қабат ретінде қолданыла бастады, себебі полярланған күйдің өзінде СЭ – жақсы изолятор, үлкен және полярлану есебінен электр зарядын жинайды. Егер сегнетоэлектрлік қыш кристалдарында зарядтар кристалл орталығына қатысты симметриялы емес орналасса, онда пьезоэлектрлік қышта механикалық деформация нәтижесінде полярлану ығысады. Кейбір пьезоэлектриктерде заряд өте жоғары ( В үлкен). Қысқа тұйықталуда пайда болатын ұшқындар тұрмыстық газды тұтандырғыштардан қозғағыштардағы тұтану шырағына дейінгі құрылғыларда қолданылады. Пьезоқышта механикалық энергия аз шығынмен электрлік энергияға түрленетін болғандықтан, оны ультрадыбыстық медициналық аппаратурада қолданады. Сегнетоэлектрлік пьезокерамика туннельді микроскоп жасауда қолданылады, жарық модуляторлары алынды (жарық шоғының интенсивтігін басқаруға болады). Сегнетоэлектрлік, мысалы - да бар. Пироэлектриктер ИҚ-сәуле детекторы ретінде қолданылады. Олардың сезімталдығы өте жоғары, температураның өзгерісін өлшейді.