Композициялық материалдардың жіктелуі

11.1-сурет. Талшықпен армирленген композициялық материалды бүтін (а) және айрылған (б) талшықтарға созғандағы ығысу жүктемесі
Бір материалда белгілі бір ретпен басқа материалдың талшықтары немесе дисперсті бөлшектері таралған матрица – композит деп аталады. Ал таралу армирлеу деп аталады. Армирлеуші материалдың таралу сипаты бойынша композиттер 2 класқа бөлінеді: реттелген және реттелмеген армирленген материалдар. 1-жағдайда материал дайындаушы конфигурацияны, яғни матрицадағы арматураның таралуының геометриялық құрылымын алдын-ала береді. 2-жағдайда арматураның таралуы – кездейсоқ хаосты сипатта. Екі кластың композициялық материалдарын матрица және арматура ретінде пайдаланылатын материалдар типі бойынша жіктеуге болады. Олар полимер, қыш және металл болуы мүмкін.

Беріктігі және қатаңдығы (беріктік – бұзылуға қарсылық, қатаңдық – деформацияланбау) өте жоғары, жылуға тұрақты және химиялық әсерлерге тұрақты материал дайындау үшін Периодтық жүйенің ортасындағы элементтер: көміртек, алюминий, кремний, оттек, азот қолданылады, олар өзара берік байланысқан қосылыстар түзеді. Мұндай қосылыстардың типтік өкілдері: . Оларға бірақ бір кемшілік тән - өте морт. Егер мұндай материалды ұсақ бөлшектер немесе жұқа талшықтардан жасаса, онда оның беріктігі жоғарылайды. Мысалы, терезе шынысы – берік емес материал, бірақ шыны жібі, ұсақ талшықтардан құралған, оның созылу беріктігі 3 ГН/мм2 . Кәдімгі болаттың беріктігі 0,5 ГН/мм2. Ұсақ бөлшектердің беріктігі морт бұзылуға алып келетін ақаудың үлгіде пайда болу ықтималдығы үлгі өлшемі кеміген сайын төмендейді: . Бір талшық үзілгенде, ол басқа талшықтарға таралмайды да, жалпы жіп бұзылмайды. Ал біртекті материалда жарықшақ бүкіл үлгі бұзылғанша таралады. Талшықтардың беріктігін арттыру үшін оларды матрицаға орналыстырады, ол талшықтарды біріктіріп, материалға қатты пішін береді (11.1-сурет).

Құралымдық (конструкциялық) композит алудың негізгі мақсаты – талшықтардың матрицадағы беріктігін сақтау.