Дәріс 14. Көптүпті барлау ұңғы арнасын жобалау

Көптүпті ұңғыларды бұрғылау, бұл шығынын бірмезгілде біршама төмендету кезінде технологиялық сынама алып геологиялық тапсырмаларды шешуді тездетуге мүмкіндік беретін жұмыстың түрі.

Көптүпті ұңғының қосымша оқпанының орналасу орнын сынама талаптарына және геологиялық түсініктер негізіне қарап анықтайды. Ұңғының негізгі оқпанының орналасу бұрышы кен денесінің морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты табады. Бұл тапсырмаларды шешкеннен кейін көптүпті ұңғы аарналарын жобалауды төмендегідей тізбелікпен жүзеге асырылады.

Алынған сынаманың қажетті салмағына қарай кен денесінің қиылған санын мына формуламен анықтаймыз

(59)

мұндағы: Р — технологиялық сынаманың салмағы, т; d — сынаманың диаметрі, м; — пайдалы кеннің тығыздығы, т/м3; к — сынаманың орташа шығымы,%; т — кен денесінің орташа қалыңдығы, м.

Көптүпті ұңғы арнасын қосымша оқпандарды жүргізудің максималды санының мүмкіндігіне қарай таңдайды. Әдеттегідей, тәжірибеде көрсетілгендей, соңғысының саны n1 = 8—12.

Берілген тапсырмадағы көптүпті ұңғының санын шешу үшін қосымша оқпандардың жобаланған санын қойып қажеттілігін анықтайды:

(60)

қосымша оқпандардың ұзындығы мұндай жағдайда минимальды болуы тиіс және сынама алынатын аумақтың ауытқу аумақтың ұзындықтарының жинағымен және бұрғылау аралығымен 13 анықталады.

(61)

әдеттегідей, l1 = 10—25 м, l2 = m/sin (— ұңғының қосымша оқпанымен кен денесінің кздесу бұрышы) және = 5—10 м.