Дәріс 9. Ұңғыны бағыттап бұрғылаудағы техникалық құрылғылардың топтасуы

Пайдалы қазбалар кен орнын барлауда әртүрлі тапсырмаларды шешу үшін бағыттап бұрғылаудағы техникалық құралдарды қолданады.

Е.Л.Лиманов пен И. Н. Страбыкин топтамаларында ұңғыны бағыттап бұрғылаудағы белгілі техникалық құралдарды негізгі үш топқа бөлген:

1) Ұңғының бастапқы бағытын өзгертпейтін құралдар;

2) Ұңғының табиғи қисаю қарқындылығын өсіретін құралдар;

3) Берілген бағытта ұңғыны қисайту құралдары;

Бірінші топтағы техника құралдары жынысталқандаушы аспапты бір ортаға бағыттау жолымен, оның түбіне күштің біркелкі бөлінуінен ұңғының бағытын сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл қаттылығы жоғары колонкалық құбырлардың ұзындығын ұлғайтып және орталандыруды пайдалану жолымен жеткізіледі.

Екінші топтағы техника құралдары ұңғының берілген бағыттағы табиғи қисаюы кезінде қолданады. Қисаю қарқындылығын бұрғы снарядының ұзындығын және қаттылығын азайтып, сондай-ақ, жынысталқандаушы аспаптың диаметрін жинақтың диаметріне қатысты өсірумен жеткізіледі.

Үшінші топтағы техника құралдары берілген ұңғыны кез келген бағытта жасанды қисайту үшін қолданылады. Бұл құралдар тобы (ауытқыштар) ұңғының түбіндегі жыныстардың әрқилы талқандаған жағдайда жасанды қисайту негізінде алынған.