Ының бастапқы бағытын сақтау үшін бұрғылаудағы техникалық құралдар

Ұңғы түбіндегі колонка жинағының қиғаштануын жою. Снарядтың қиғаштануы тұлға мен ұңғы түбінің біркелкі талқандалмауының әсерінен қабырға арасындағы саңылауға байланысты немесе остік күштің әсерінен бойлық қисаюдан болуы мүмкін.

Шектік салмақтың Рос әсер етуінен өзінің түзу сызықтық пішінін сақтайтын снарядтың шектік ұзындығы Lшек мына формуламен анықталады:

(55)

мұндағы: Е —серпімділіктің бойлық модулі; D және d — құбырдың сыртқы және ішкі диаметрі;

Мұннан белгілі, остік күш аз және құбыр қабырғасының қалыңдығы мен диаметрі үлкен болса, соғұрлым снарядтың ұзындығының орнықтылығы жоғары. Сондықтан қатаң снарядтарды жрғарғы қаттылықтағы ұзартылған колонкалық құбыр түрінде нипельдік немесе коронкалық дайындамадан жасайды.

Кіші диаметрлері (76 және 59 мм) алмазды коронкалармен бұрғылаған кезде оталықтандырылған (центрированные) қатаң снарядтарды (сызба. 18, а) қолданады. Колонкалық құбырлар үшін ұзындығы 3,0—4,6 м нипельдік дайындаманы әзірлейді және бұрғы құбыр колоннасын ұзартылған үш өзгерткішпен жалғайды. Тозуға төзімділігін арттыру үшін оларды қатты қортпамен көмкереді.

  Сурет. 18. Кіші диаметрлі қатаң снаряд: а — с плавающими центраторами; б — трехгранная штанга. 1 — алмазная коронка; 2 — колонковая труба; 3 — тройной переходник; 4 — шламовая труба; 5 — бурильная труба; 6— муф­та-стабилизатор; 7 — муфта замка; 8 — ниппель замка; 9 — трехгранная штан­га; 10 — плавающий центратор Жиынтықтың қатаңдығын арттырумен және коронканы орталандырумен, сондай-ақ, шлам қабылдағыш құбырларды, арнайы муфталы тұрақтандырғыштарды және ортаға тепкіш сақиналы құлыптарды және теңестііргіштердіі (центра­торов) қолданумен жетістіктерге жетеді. 59 диаметрлі ұңғыдағы снарядтың қатаңдығының қажеттілігін үшқырлы қарнақты (трехгранных штанг) (сурет. 18, б) қолданумен қамтамасыз етеді. үшқырлы қарнақтар қабырғасының қалыңдығы 14 мм, диаметрі 63,5 мм құбырдан жасалынады. Мұндай диаметрлі шеңберге сыйатын штанганың қимасы 58,5 мм аспайды. Ұңғы қабырғасы мен штанганың арасындағы саңылау жуу сұйығының қалыпты айналымымен қамтамасыз етеді. Қарастырылып отырған снарядтарды қолдану кезінде колонкалық құбырлардың, өзгерткіштердің және бұрғылау құбырларының қосылыстары сәйкес (соосно) болуына көңіл бөлуі тиіс. Ұңғының бағытын сақтау үшін АБҚ қолдануға болады. АБҚ тиімділігі оның ұзындығына, салмағына және диаметріне байланысты. АБҚ диаметрі жынысталқандаушы аспаптың диаметріне жақын болуы тиіс.  

Қазіргі кезде тік сызықты пішінді ұңғыларды бұрғылау үшін гидросоққышты (гидроударник) қолданады. Бұл кезде ұңғының табиғи қисаю қарқындылығы біршама азаяды, бұл түптегі тау жыныстарының талқандалу сипатымен және ұңғы оқпанының өңделуі аз мөлшердегі шамасымен түсіндіріледі.

Ұңғының қисаюы жынысталқандаушы аспапты алмастырғанда диаметріне қатысты болады. Мұндайда, қиғаштанудың азаюына және ұңғы түбі диаметрінің кішілігіне байланысты жынысталқандаушы аспаптың өздігінен ауытқу мүмкіндігіне жол бермеу үшін қатаң сатылы бағыттағыш құбырлы снарядты қолданады.

Ұңғының табиғи қисаю қарқындылығын дамуы үшін техникалық құралдарұңғының табиғи қисаюдың беталысы кезінде зениттік бұрышты азайту немесе көбейту үшін қолданылады. Ұңғының табиғи қисаю қарқындылығы сипаттамасы бұрғы снарядының жинағына және конструкциясына, сондай-ақ, олардың өлшемдерінің өзара қатынасына байланысты. Сондықтан, қатаң снарядпен бұрғылау кезінде ұңғының қисаю радиусы R және снарядтың қиғаштану бұрыштарының өзара қатынасына байланысты:

= (56)

мұндағы: L — колонкалы снарядтың ұзындығы, м.

(56) формулаға сәйкес, жынысталқандаушы аспаптың диаметрін Dc өзгертпей колонкалы құбырдың диаметрін DK кішірейте және снарядтың ұзындығын L немесе DK және L бір мезгілде кішірейте, снарядтың қиғаштану бұрышын және осыған сәйкес ұңғының қисаю қарқындылығында өсіруге болады. Мұндай принциппен бұрғылаудың белгілі бір аралығында табиғи қисайту қарқындылығын күшейту керек болған жағдайда, ұңғының қисаюын реттеуде, қысқартылған снарядтарды пайдаланып, яғни қысқа снарядтарды кіші диаметрдегі колонкалық құбырлармен, сондай-ақ, колонкалық құбырдың үстінен топса қою арқылы жүзеге асыруға болады.

Колонкалық құбыры кіші диаметрлі снаряд бағытталмайтын техникалық құралға жатады. Бұны ұңғының қисаю қарқындылығын жылдам өсіру үшін қолданады, әсіресе жайпақталуына. Бұл ұңғы осінің кездесу бұрышы жазықтықтағы жыныстардың қабаттылығының алмасуы жоғарыкр болғанда және ұңғыны қалыпты тәртіппен бұрғылағанда жайпақталуға бет алуы байқалады.

Ұңғыны бірқалыпты (плавного) жайпақтандыруды немесе оның жеке аумақтарындағы тапсырманы бір топсалы жинақты, яғни шарнирлі өзгерткіштерден жиналған қысқа колонкалы құбырды және жынысталқандаушы аспапты пайдаланып тиімді шешуге болады. Бұрғы снарядының жоғарғы жағына АБҚ (УБТ) орнатылады, ал қажет кезінде колонкалық құбырдың үстіне шлам қабылдағыш жалғанады. Жынысталқандаушы аспап диаметрінің шын мәніне қарағанда, колонкалы және шлам құбыры, сол сияқты топсалы өзгерткіш бір размерге кем болуы керек. Қысқартылған снарядтың ұзындығы 0,5-1,2 м құрайды.

Көлбеу ұңғыдағы бір топсалы жинақтың әсер ету принципі АҚБ салмағы әсерімен снарядқа қиғаштық жасай топсалы өзгерткішті жатын (лежачей) қабырғаға ығыстыра ұңғының қисаюының жайпақталуына алып келеді.

Апсидальды жазықтықта ұңғының қисаюын бағыттайтын техникалық құрылғылартартылыс және орталыққа тебетін күштердің әсерінен ауытқуға негізделген. Бұл топқа жататындар: муфтамен реттелетін снаряд, коронкада экцентрлік жапсырмасы бар снаряд, Ю. Л. Боирко кон­струкциясындағы ДС-1-ТПИ, СБС-2Б дебаланс снаряды, А. Ф. Пиккардо кон­струкцисының снаряды, фрезерлі снаряд, маятникті ауытқыш және т.б.

Муфтамен реттелетін және экцентрлік жапсырмалы снаряды ұңғының жаипақталып қисаюының өсімін қамтамасыз етеді. Муфтамен реттелетін снарядқа ұқсас снаряд шетелдік өндірісте кездеседі. Шетелдік фирмалар қимасы квадрат немесе крест пішінді болып келетін, жуу сұйығы еркін өтетін, қалыпқа құйылған реттелетін муфталарды жасайды. Ұңғы қабырғасымен жанасатын муфтаның тозуға төзімділігін арттыру үшін қатты қортпамен немесе алмазбен көмкеріледі.

Сызба. 19. Деба­лансты сна­ряд ДС-1-ТПИ

 

Ю. Л. Боярконың ДС-1-ТПИ, СБС-2Б конструкциялы снаряды және А. Ф. Пик­кардо конструкциясының снарядтарыұңғы оқпанының тіктелуіне арналған. Зениттік бұрыштың азаюына ұңғының жатын қабырғасы жағына бағытталған коронка қосымша күшті қажет етеді. ДС-1-ТПИ снарядында дебалансты пайдалану арқылы жеткізіледі.

Дебалансты снаряд (сызба.19) қосарланған коронкадан 1, дебаланстан 2, ішкі колонкалық құбырдан 3, өзгерткіштен 4 тұрады. Дебалансты бүйір жағы жартылай кесілген сыртқы колонкалық құбыр атқарады.

Мұндай снарядты қолдану С. С. Сулакшиннің мәліметтері бойынша ұңғының төменгі қабырғасының қарқынды талқандалуына алып келеді де, оның жайпақталуын төмендетеді, ал қолайлы жағдайда ұңғы тіктелуі мүмкін.