Рылыс конструкцияларын шектiк жағдайлар әдiсi бойынша есептеу.

 

Конструкцияның шектiк жағдайы дегенiмiз-конструкцияның дайындалу және пайдалану талаптарын қанағаттандырмауы.

Құрылыс мөлшерлерi және ережелерiнде шектiк жағдайдың екi тобы қарастырылады:

1) конструкцияның көтергiштiк қабiлетiнiң жойылуы немесе пайдалануға тіптен жарамсыздығы;

2) қажетті деңгейде пайдалануға жарамсыздығы.

Шектiк жағдайдың I-тобы бойынша есептеудiң мақсаты: конструкцияны қираудан (морт, тұтқыр, шаршап қирау), оның пiшiнiн, тұру қалпын жоюдан сақтау.

Шектiк жағдайдың II-тобы бойынша есептеудің мақсаты: конструкция бөліктерінің шектен тыс орын ауыстыруын болдырмау, жарықтың пайда болуы мен ашылуына жол бермеу. I - топ бойынша есеп шарты түрiнде жазылады, мұндағы, - конструкцияның қарастырылатын элементiндегi қолайсыз сыртқы күш әсерiнен пайда болатын ең үлкен iшкi күш; - элемент қимасының геометриялық өлшемдеріне, материалының берiктiгiне байланысты ең аз көтергiштiк қабілеті.

Шектiк жағдайдың II-тобы бойынша есеп

шарты бойынша жүргiзiледi, мұндағы, - тұтыну кезiнде пайда болатын жарықтың ашылу енi, деформацияның мөлшерi; - мөлшерлер (нормалар) бойынша пайдалануға кепiлдiк беретiн, немесе жобалау кезiнде берiлетiн шектi мөлшер.

Құрылыс конструкциялары берiк, қатты және орнықты болуы керек.