рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Р отбасы құқығы

Р отбасы құқығы - раздел Образование, АзаҚстан РеспубликасыныҢ Білім ЖӘне &...

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

 

 

 

«Азаматтық құқық» кафедрасы

«ҚР отбасы құқығы»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

Мамандығы: 5В030100-«Құқықтану», 5В030300-«Құқық қорғау қызметі»

 

 

Астана 2012

 

 

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

«БЕКІТЕМІН»

Лттық құқық жоғары

Мектебінің Проректор-Директоры

З.ғ.д., профессор

У.Шапақ _____________

Ж.

 

 

«ҚР Отбасы құқығы» пәні бойынша

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

Мамандығы: 5В030100-«Құқықтану», 5В030300-«Құқық қорғау қызметі»

Ұлттық құқық жоғары мектебі

 

Кафедра: Азаматтық құқық

 

 

Астана 2012 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін азаматтық құқық кафедрасының аға оқытушысы,… Пәннің оқу-әдістемелік кешені азаматтық…  

МАЗМҰНЫ

«ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ  

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пән атауы «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ»

Оқу нысаны: күндізгі

Мамандық Құқықтану5B030100 Семестр 3,4

Барлығы 2 кредит

Курс 2

Топтар КЮСП-3, КЮ-2, КСК-2

Дәрістер 20 сағат

Семинар сабақтары 10 сағат

Аралық бақылау саны 2

СОӨЖ 15 сағат

СӨЖ 45 сағат

Емтихан 5 семестр

Еңбек көлемі 90 сағат

Астана – 2012

 

Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер

  Оқытушының ғылыми қызығушылықтары: Азаматтық құқық ғылымының өзекті мәселелері.

Дәрістердің тақырыптық жоспары

 

Тәжірибелік (семинарлық) сабақтардың тақырыптық жоспары

СОӨЖ орындау және тапсыру графигі № п/п Тақырыптардың аталуы Тақырып…  

СӨЖ-ның тапсырмасы және оны орындау кестесі

Бірінші аралық бақылау сұрақтары

2.Отбасы құқығның негізгі қағидалары. 3.Отбасылық құқықтық қатынастар:… 4.Отбасы құқығын қорғау және іс жүзінде жүзеге асыру.

Екінші аралық бақылау сұрақтары

  26.Кәмлетке толмаған балалардың… 27.Ата-ананың құқықтары мен міндеттері.

Глоссарий

неке- ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын… жалған неке - отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген… отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де…

Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы

 

Аттестациялау әріптік баға Баллдардың цифрлық баламасы Оқу пәнін игерудің % - дық мазмұны Линиялық оқыту жүйесі бойынша баға
А А – 4,0 3,67 95 – 100 90 – 94 Өте жақсы
В + В В – 3,33 3,0 2,67 85 – 89 80 – 84 75 – 79   Жақсы
С + С С – 2,33 2,0 1,67 70 – 74 65 – 69 60 – 64     Қанағаттанарлық
D + D 1,33 1,0 55 – 59 50 – 54
F 0 – 49 Қанағаттанарлықсыз

 

Пән бойынша қорытынды бағаның пайыздық мазмұны былай анықталады:

Р 1 + Р 2

И % = ------------ х 0,6 + Э х 0,4

Р 1 – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Р 2 – 2-ші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны

Студенттің бірінші рейтинг және екінші рейтинг баллдары қосылып, 2-ге бөлінеді де 0,6-ға (яғни, 60 пайыз) көбейтіледі.

Емтихан баллы 0,4 көбейтіледі де, шыққан балл рейтингтер баллына қосылады. Осы кезде студенттің пән бойынша алған семестрлік қорытынды бағасы анықталады.

 

Осы пән бойынша ұсынылатын әдебиеттердің тізімі

Нормативтік – құқықтық актілер

Дебиеттер

   

Р отбасы құқығы» пәнінен

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

ТАҚЫРЫП 1. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

1.1 Неке және отбасының тарихи нысандары   Қазақтардың отбасы және неке құқықтарын оқып-үйрену…

ТАҚЫРЫП 2. ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

2.1 Отбасылық құқықтық қатынастар түсінігі, объектілері және субъектілері   Отбасы құқықтық қатынастары деп заңды деректің нәтижесінде пайда…

ТАҚЫРЫП 3. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы неке институты

 

3.1 Қазақстан Республикасы отбасы құқығы бойынша неке түсінігі

3.1.1 Неке түсінігі және некеге тұру шарттары

 

Неке деп ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың еркі және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы жасалған тең құқықты одақты айтамыз.

Неке теориясы неке шарты тәріздес өз бастауын Ежелгі Римнен алады. Рим құқығының классикалық кезеңінде некеге тұрудың барлық негізгі нысандарында қарапайым азаматтық шарттың белгілері болады. Некеге деген мұндай қатынастың болуы ең алдымен Римде неке қатынастарының белгілі бір бөлігі ғана құқықтық реттелгендігімен байланысты, олардың өркениеттік, адамгершілік және сакральді жақтары құқықтан тыс қалды. Кейін неке институтына оның рухани жағын көрсете отырып, тылсым құпиялылық сипаттама береді.

Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тек тіркелген неке ғана заңдық мағынаға ие болады. Қандай да бір ұлттың діни ырымдарына немесе дәстүрлеріне сәйкес қиылған неке құқықтық мәнге ие болмайды.

Сонымен бірге, отбасылық заңнама жалған неке ұғымен береді. Жалған неке дегеніміз отбасы құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке. Жалған неке бойынша тараптарда негізгі себеп отбасы құру ниеті болмайды, олар тек белгілі бір құқықтарға ие болу үшін некеге тұрады (мысалы, бір елдің азаматтығын алу). Жалған некенің салдары осы некенің жарамсыздығына әкеліп соғады.

Сондай-ақ есеп бойынша неке деген ұғым бар. Бірақ заң бұған анықтама бермейді. Есеп бойынша неке мүліктік және басқа да пайданы көздей отырып құрылады, тараптар бұл некені заңды неке деп есептейді, өйткені олар өздерінің қасақана ойларымен бөліспейді. Бұл неке түрінің жалған некеден айырмашылығы осында және оның құқықтық салдары ол неке заңды болып табылады, өйткені мұнда отбасы құру ниеті бар.

Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімдері болу керек және неке жасына жету қажет. Ерікті келісім болмаған не неке жасына жетпеген жағдайда неке қиюға жол берілмейді. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

Некеге тұру үшін мынадай кедергілердің болмауы шартты:

1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған болса;

2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының әжесінің немесе немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немес анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңлілердің (аға-қарындастардың);

3) асырап алушылар мен асырап алынғандар;

4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.

 

3.1.2 Некеге тұру тәртібі, некені тіркеу

 

Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады.

Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке, мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін.

Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.

Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.

Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.

Некесін тіркегісі келетін адамдар арыз берушінің біреуі тұратын жердегі не өздерінің ата-аналары тұратын жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына арыз береді.

Некеге тұратын адамдар:

1) жеке басын куәландыратын құжаттарды;

2) белгіленген неке жасын кеміту қажет екенін растайтын құжаттарды;

3) бұрынғы некелері туралы мәліметтерді;

4) балалары туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті.

Некеге тұратын адамдармен келісе отырып, некені тіркеу мерзімі белгіленеді.

Некені тіркеу азаматтық хал актілерін жазу органдарында (бөлімдерінде), ал мұндай органдар жоқ жерлерде – жергілікті атқарушы органдарда жүргізіледі.

Жоғарыда аталған органдардың лауазымды адамы:

1) некеге тұру ниеті туралы берілген арыздарды жария етеді;

2) некелесушілерге болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

3) некеге тұруға келісетінін және жұбайлардың қалап алатын тектерін анықтайды.

Неке қиюға кедергі жоқ болған жағдайда азаматтық хал актілері жазылатын кітапқа неке туралы жазба жасалады, оған некеге тұратындар қол қояды және оны азаматтық хал актілерін жазу органының лауазымды адамы қол қойып бекітеді. Некені тіркеу салтанатты жағдайда - азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені салтанатты түрде тіркеуге арнайы белгіленген үй-жайларында, сондай-ақ азаматтық хал актілерін жазу органдары мен некеге отыратын адамдардың келісуі бойынша өзге де жерлерде жүргізілуі мүмкін.

Неке туралы жазба жасалғанға дейін некені тіркеу үшін кедергілер бар екендігі туралы арыз түскен жағдайда лауазымды адам жазбаны тоқтата тұруға және арыз берушіден белгіленген мерзімде тиісінше деректі айғақтар беруді талап етуге міндетті. Бұл мерзім бір айдан аспауы керек.

Некені тіркеу өткізілгеннен кейін ерлі-зайыптыларға неке туралы куәлік беріледі.

 

3.2 Некені жарамсыз деп тану

3.2.1 Некені жарамсыз деп тану негіздері

 

«Неке және отбасы туралы» Заңында белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ жалған неке жасалған жағдайда неке жарамсыз деп танылады. Мұндай шарттар неке жасына жетпеушілік, некеге тұруға тараптардың біреуінің еркінің болмауы, некеге тұру үшін көрсетілген кедергілердің біреуінің болуы.

Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге құқылы.

Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді. Сот некені жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген бастап үш күн ішінде соттың осы шешімінен некеге тұру мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге міндетті. Некенің жарамсыздығы оның қиылған күнінен бастап танылады.

Некені жарамсыз тануды талап етуге мына адамдардың құқығы бар:

- егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса, кәмелетке толмаған жұбайы, оның ата-анасы немесе оларды ауыстыратын адамдар, қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор құқылы. Кәмелетке толған жұбай он сегіз жасқа толғаннан кейін некені жарамсыз деп тануды талап етуге тек оның өзі ғана құқылы;

- егер некеге тұруға ерлі-зайыптылардыңның бірінің ерікті келісімі болмаған жағдайда: мәжбүр ету, алдау, қателесу немесе өзінің жай-күйінің салдарынан некеге тұруды мемлекеттік тіркеу кезінде өзінің әрекеттерінің маңызын түсінбей және өзін-өзі билей алмау себепті неке қиылған болса, некеге тұру арқылы құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ прокурор;

- некені қиюға кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін білмеген жұбай, әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, оның алдындағы бұзылмаған неке бойынша жұбайы, басқа да кедергілерді бұза отырып қиылған неке арқылы құқықтары бұзылған басқа да адамдар, сондай-ақ қамқоршы және қорғаншы орган мен прокурор;

- жалған неке тұру жағдайында прокурор, сондай-ақ некенің жалғандығы туралы білмеген жұбайы;

- егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, құқығы бұзылған жұбай сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге құқылы.

Некені жасына толмаған адаммен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезінде іске қатысуға қорғаншы және қамқоршы орган тартылады.

Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтке заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Егер кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ақ оның некені жарамсыз деп тануға келісімі болмаған жағдайда сот неке жасына толмаған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тарта алады.

Егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені жалған деп тани алмайды.

Ерлі-зайыптылардың арасында тыйым салынған туыстық дәрежесі болған не некені тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған некеде тұрған жағдайларды қоспағанда, некені ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп тануға болмайды.

 

3.2.2 Некені жарамсыз деп тану салдары

 

Сот жарамсыз деп таныған неке ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайды.

Некені жарамсыз деп таныған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің үлестік меншік туралы ережелерімен реттеледі. Ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты жарамсыз деп танылады.

Некені жарамсыз деп тану мұндай некеде туған немесе неке жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған балалардың құықығына нұқсан келтірмейді.

Некені жарамсыз деп тану туралы шешім шығарған кезде сот некені жарамсыз деп тану үшін негізге алынған мән-жайлардан некеге тұру кезінде бейхабар болған жұбайдың екінші жұбайдан асырауға қаражат алу құқықын тануға құқылы, сондай-ақ неке шартын толық немесе ішінара жарамды деп тануға құқылы.

Адал ниетті жұбай азаматтық заңдарда көрсетілген ережелер бойынша өзіне келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы.

Адал ниетті жұбай некені жарамсыз деп таныған кезде өзі неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде таңдаған тегін сақтап қалуға құқылы.

 

ТАҚЫРЫП 4. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері

 

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін жеке мүліктік емес және мүліктік деп бөлінеді. Жеке мүліктік емес құқықтарына тек таңдау, кәсіп түрін таңдау, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары жатады, ал мүліктік емес жеке міндеттеріне балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, олардың салауатты өмір салтын ұстана дені сау ұрпақ болып өсіп жетілуіне жағдай жасау жатады.

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.

Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауға ерікті. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі зайыптылар бірлесіп шешеді.

Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемедесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп жетілуіне және олардың әл-ауқатты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады.

Ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді.

Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды.

Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өдерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін өзгертуіне әкеп соқпайды.

 

4.2 Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері

4.2.1 Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі

 

Ерлі-зайыптылардың мүліктерінің заңды немесе шартты режимі болуы мүмкін.

Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың шаруа (фермерлік) қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі болып табылатын мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 224 және 225-баптарымен белгіленеді.

Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзгеде ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез-келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарына ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Ерлі-зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде жасасқан мәмілесін сот басқа жұбайдың келісімі болмауын дәлел етіп, тек оның талап етуімен ғана және басқа тараптың мәміле жөнінде білгендігі немесе осы мәмілені жасауға басқа жұбайдың күні бұрын білуі тиіс екендігі дәлелденген жағдайларда ғана жарамсыз деп тануы мүмкін.

Ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөнінде мәміле мен нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді талап ететін мәміле жасауы үшін басқа жұбайдың нотариат куәландырған келісімін алыу қажет. Аталаған мәміле жасауға нотариат куәландырған келісімі алынбаған жұбай осы мәміленің жасалғандығы туралы өзі білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл ішінде мәмілені сот тәртбімен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.

Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады:

1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік;

2) ерлі-зайыптылардың некеге тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен, немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі;

3) қымбат затттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқ киім және басқалар)

Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот оларды әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін.

Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез-келгенінің еңбегі сесбінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және с.с) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі деп танылуы мүмкін.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу ерлі-зайыптылардың кез-келгенінің талап етуі бойынша неке кезеңінде де, ол бұзылғаннан кейін де, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізулуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылар арасында олардың келісімі бойынша бөлінуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың қалауы бойынша олардың ортақ мүлікті бөлу туралы келісімі нотариат арқылы куәландырылуы мүмкін.

Дау туған жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың сол мүліктегі үлестерін анықтау сот тәртібімен жүргізіледі.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде сот ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлік берілуге тиіс екендігін анықтайды. Егер ерлі-зайыптылардың біреуіне құны оған тиесілі үлестен асатын мүлік берілсе, басқа жұбайға тиісінше ақшалай немесе өзге де өтемақы берілуі мүмкін.

Кәмелетке толмаған балалардың ғана қажеттерін қанағаттандыру үшін сатып алынған заттар (киім-кешек, аяқ киім, мектеп және спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, балалар кітапханасы және басқалары) бөлінуге жатпайды және бала бірге тұратын жұбайға өтемақысыз беріледі.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен ерлі-зайыптылар өздерінің кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына салым салымдары сот балаларға тиесілі болып есептеледі және ерлі-зайыптыладың ортақ мүлкін бөлген кезде есепке алынбайды.

Ерлі-зайыптылардың неке кезеңіндегі ортақ мүлкін бөлген жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінбеген бөлігі, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың одан кейінгі неке кезеңінде тапқан мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігін құрайды.

Некесі бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы ерлі-зайыптылар талабына талап-арыз мерзімі өтуінің үш жылдық мерзімі қолданылады.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі-зайыптылардың әрқаайсысының үлесі тең деп танылады.

Сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін негізге ала отырып және (немесе) ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін негізге ала отырып, егер жұбайлардың бірі дәлелсіз себептермен табыс таппаса немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін отбасының мүдделеріне залал келтіріп жұмсаса, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлестерінің теңдігі негізін ескермеуге құқылы.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ борыштары, олардың арасында өздеріне берілген үлеске қарай бөлінеді.

 

4.2 Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі

 

Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімі неке шарты деп танылады. Неке шартының мақсаты ерлі-зайыптылардың мүлкінің заңды режимін өзгертіп, осы режимді олардың қажеттіліктеріне максималды түрде қалыптастыру. Заңды режимді өзгерту кезінде ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттерін басқаша айқындайтын шарттық режим туындайды. Неке шартын жасаудың ең көп таралған себептеріне мыналарды жатқызуға болады: ең алдымен ерлі-зайыптылардың заңды режиміне қарағанда ыңғайлырақ басқаша режим таңдау; мүлікті қандай-да бір өндіріп алу шараларынан қорғау; некеге тұрушылардыың жастарындағы айырмашылық; некеге қайта тұрған жағдайларда т.б. Бірақ қандай себептер болмасын бұл себептердің ешқандай құқықтық мәні жоқ. Неке шартының пәні болып ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктерінің заңды режиміне бағынатын мүліктік құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ басқа да мүліктік құқықтары мен міндеттері. Мәмілелердің топтамасы бойынша отандық заңнамаға сай неке шартын консенсуалды, екіжақты, ақылы, мерзімсіз шарттардың түріне жатқызамыз. Шарттардың жасау сәтіне сәйкес неке шартын консенсуалды деп есептейміз, яғни шарт тараптардың арасында белгілі бір келісімге қол жеткізген сәттен бастап жасалды деп есептелінеді. Екіжақты шарт деп әр тарап өзіне белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болатын шарттарды айтамыз. Ақылы шартқа жатқызатын себебіміз қандай да бір тарап төлем, пайда алады. Неке шарты ерлі-зайыптылардың мүлкінің заңды режимін өзгерткендіктен, онда мүліктік пайда қарастырылады. Ерлі-зайыптылардың біреуінің мүліктік міндеттемелерін өзгерту оған қосымша құқықтар береді. Осының нәтижесінде неке шарты ақылы болып табылады. Неке шартының мерзіміне байланысты бұл шарт азаматтық құқықтық шарттар сияқты мерзімсіз уақытқа жасалады. Неке шартының мерзімі көрсетілмесе ол неке тоқтаған жағдайда неке шарты да тоқтайды, егер неке тоқтатылғаннан кейінгі кезеңге арналып жасалған міндеттерді қоспағанда. Бірақ неке шартын белгілі мерзімге арнап та жасауға болады. Мысалы, ерлі-зайыптылар некеге тұрғаннан кейінгі алғашқы үш жылдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындауға болады.

Кейбір авторлар неке шартын азаматтық құқықтық шарттардың аралас түріне жатқызады. Аралас шарт дегеніміз заңмен қарастырылған негізде азаматтық шарттардың бірнеше түрінің элементтері бар шарттар (сыйға тарту, мұраға қалдыру, жалдау т.б.). Әрине неке шарты осындай элементтерден тұруы мүмкін, бірақ мұра қалдыру үшін, сыйға тарту үшін неке шартын жасау міндетті емес, сондықтан неке шартын аралас шартқа жатқыза алмаймыз.

Неке шартының субъективтік құрамы заңмен реттелген, оларға ерлі-зайыптылар және некеге тұрушылар жатады.

Ерлі-зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлектелген меншік режимін белгілеуге құқылы.

Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін.

Неке шартында ерлі-зайыптылар өзара күтіп-бағу жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртібін айқындауға, неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге, сондай-ақ неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы.

Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі бір мерзімдер мен шектелуі не белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін.

Неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілетін немесе әрекет қабілеттілігін, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды; ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды, ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды; еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын шектейтін жағдайды көздей алмайды; ерлі-зайыптылардың біреуін өте қолайсыз жағдайға қалдыратын немесе неке-отбасы заңдарының негізігі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қамти алмайды.

 

4.3 Неке шартының мазмұны, неке шартын өзгерту және бұзу негіздері

 

Неке шарты ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша кез-келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады.

Неке шартын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.

Ерлі-зайыптылардың біреуінің талап етуі бойынша неке шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде неке шартын өзгерту және бұзу үшін белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша соттың шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.

Неке шартында, неке тоқтатылғаннан кейінгі кезеңге арналып көзделген міндеттерді қоспағанда, неке шартының қолданылуы неке тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.

Неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мәмілелердің жарамсыздығы үшін көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін. Егер шарттың талаптары ерлі-зайыптылардың бірін өте қолайсыз жағдайда қалдыратын болса, олардың бірінің талап етуі бойынша да сот неке шартын толық немес ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша өндіріп алу тек сол жұбайының мүлкіне ғана жаслауы мүмкін. Бұл мүлік жеткіліксіз болған жағдайда кредит беруші өзіне өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде борышкер жұбайға тиесілі болатын борышкер жұбайдың үлесін бөліп беруді талап етуге құқылы. Өндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортақ міндеттемелері бойынша, сондай-ақ сот ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша алынғандардың бәрі отбасының қажеттеріне пайдаланғандарын анықтаса, ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойыншада ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен жасалады.Бұл мүлік жеткіліксіз болған жағдайда ерлі-зайыптылар аталған міндеттемелер бойынша өздерінің әрқайсысының мүлкімен бірлесе отырып жауапты болады.

Егер соттың үкімімен ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылардың біреуі қылмыстық жолмен алған қаражат есебінен сатып алынғаны немесе көбейтілгені анықталса, өндіріп алу тиісінше ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен немесе оның бір мүлкінен жасалуы мүмкін.

 

4.4 Неке шартын жасау тәртібі

 

Тараптар келісімге қол жеткізу үшін және соған сәйкес шарт жасасу үшін осы тараптардың біреуі шарт жасау туралы ұсыныс жасау керек те, екіншісі осы ұсынысты қабылдау керек. Шарт жасау процесі екі кезеңнен өтеді (бірінші кезең – оферта, екінші кезең - акцепт). Оферент акцептанттан акцепт алған кезде шарт жасалды деп есептелінеді. Неке шартын жасаудың негізгі шарты болып осы шарттың пәні туралы шарт табылады, өйткені тараптардың арасында қандай мүліктік құқықтық қатынас аталған шартпен реттелетіндігі туралы келісім болмаса неке шартын жасау мүмкін емес. Шарттың пәні бойынша келісімнің жоқтығы шарт жасаудың мүмкін еместігіне әкеп соғады.

Неке шарты некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де, неке кезеңіндегі кез-келген уақытта да жасалуы мүмкін.

Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

Қазіргі заңнама мәмілелердің нысанын екі түрге бөледі: ауызша және жазбаша. Жазбаша мәмілелер жай және нотариалды түрде жасалады. Жоғарыда көрсетілген шарттардың нысаны оның қандай да бір нысанының иерархиясын көрсетеді: ең жай нысанынан – ауызшадан ең күрделі – нотариалды түрде жасалған шарттар. Неке шарты мемлекеттік немесе жеке нотариалдық кеңседе жасаланып, нотариустың қолымен бекітіледі. Бұл жерде нотариус тек неке шартының заңға сәйкестігін ғана тексермей, оның мәні мен мағынасын, оны жасаудың құқықтық салдарын түсіндіру керек. Ерлі-зайыптылар бұрын неке шартын жасады ма, жоқ па осындай сәттерді де анықтап алған жөн, өйткені кейіннен қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін. Бұл алимент төлеу туралы келісімге қатысты. Шарттың мәтіні қатесіз, анық, еш түзетусіз таза жазылуы керек, әсіресе тараптардың аты-жөні толық көрсетілгені дұрыс. Неке шарты оны жасаушылардың қолымен расталады. Егер тараптардың біреуі сауатсыздыққа байланысты, денсаулығына байланысты, ауырған жағдайда бұл шартқа басқа адам оның сұрауымен қоюға болады, мұндай жағдайда соңғысының қолы нотариуспен немесе осындай іс әрекеттерді жүзеге асыруға құқықғы бар тұлғалармен расталады.

Егер неке шарты нақты бір жылжымайтын мүлікке қатысты болса, онда бұл шарт мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Қандай да тіркеу негізі шарт мазмұнына байланысты.

 

ТАҚЫРЫП 5. АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1.1 Әкелікті ерікті түрде белгілеу   Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын…

ТАҚЫРЫП 6. Ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды орналастыру нысаны

6.1.1 Бала асырап алу түсінігі, шарттары. Ата-ананың келісімінсіз бала асырап алу   Ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың бір нысаны болып бала…

Тақырып. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары.

7.1 Ата-аналар мен балалардың алиментік құқықтық қатынастары 7.1.1 Алименттік міндеттемелер туралы жалпы ережелер.  

Р отбасы құқығы» пәні бойынша

ТАРАТУ МАТЕРИАЛДАРЫ

Р отбасы құқығы» пәні бойынша есептер

Прокурордың келтірген наразылығы заңды ма?   Темирова мен Абдрахманов некені заңды түрде тіркемей біраз жыл бірге тұрып, ортақ…

– Конец работы –

Используемые теги: отбасы, 12010.05

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Р отбасы құқығы

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным для Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Еще рефераты, курсовые, дипломные работы на эту тему:

В072900- құрылыс, 5В071100 –Геодезия және картография
Л Н Гумилев атында ы Еуразия лтты университеті ШЖ РМК... Практикалы аза тілі кафедрасы...

Дәріс. Құрылыс конструкцияларын жобалау
Рылыс конструкцияларына ойылатын талаптар Рылыс конструкцияларыны жетiстiктерi мен... Рылыс конструкцияларын есептеудi... Д ріс ТЕМIРБЕТОН КОНСТУКЦИЯЛАРЫ...

Реалистік теория тұрғысында құқықты түсіну
А мемлекет шы ар ан орындалуы амтамасыз етіліп отыратын т ртіп ережелерді жиынты ы... В леуметтік нормалар жиынты ы... С жалпы а бірдей міндетті мінез лы ережелері...

Жалпы экология нені зерттейді? ұ
Азы т ліктік ауіпсіздік т сінігі ай жылы... Азы т ліктік ауіпсіздік т сінігі ай алада абылданды Римде...

ФИЛОСОФИЯ: Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен Тұрақтылық
С лемдесу Та ырып Б п желто сан жыл аза стан Республикасы Т уелсіздігіні жылды ы жо ары...

Жалпы экология нені зерттейді? ұ
Факторлы экологияны бас а атауы бар аутоэкология... Популяциялы экологияны бас а атауы бар демэкология... Биогеоценологияны бас а атауы бар синэкология...

Синквейнді құрастыру бойынша бағалар критерийлері
азіргі дістемелік н с аулар барлы о у... Практикалы ж мыстарды орындау теориялы б лімді зерделеуден тал ылау а...

0.031
Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • По категориям
  • По работам