рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Фонетика

Фонетика - раздел Лингвистика, Фонетика ...

Фонетика

Дауысты дыбыстар және олардың емлесіне арналған жаттығулар

Төмендегі сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп көшіріңіз. Сөз ішіндегі дыбыстық мәні жоқ әріптерді көрсетіңіз.

1) Юрмала, ін, эпиграф, щетка, ямб, цикл, чабыргах, ырғақ, шайыр, Ресей, хамса, төл, фольклор, сонет, үн, уыс, ұйқас, өлең, мақал, қыр, лирика, нақыл, ода, поэзия, күн, идиома, заң, ертеңгі, жаз, дыбыс, Варшава, әңгіме, аңыз, бақсы, ғазал.

2) Латыпов, Өтемісұлы, Райымбек, Пазыл, Уланова, Ұлықбек, Нарымбетов, Махамбет, Орынбасар, Сұлтан, Тарлан, Асқар, Құрманбек, Заманбек, Есенгелді, Болат, Жанболат, Владимир, Игілік, Кенжебек, Даниал, Гөзәл, Әсел, Ғалия, Үсен, Яков, Іргелес, Хаким, Щербак, Ықылас, Фатима, Эзоп, Цыганков, Чапаев, Шұғыла, Юрий.

Тексті мәнерлеп оқып, сөздердегі ашық және қысаң дауысты дыбыстарды ажыратыңыз. Нақылдың негізгі ой түйінін шешіңіз.

Көрінген біліп қоймасын десең,

Жан күйер досыңа да сырыңды айтпа.

 

Көрінбеген нәрсені аламын деп.

Кешірімді бола біл бәріне де ыңғайлы, епті.

 

Жалғанда алданбаймын деп ойласаң,

Жұмыспен әуре болма сыналмаған.

 

Мәшһүр Жүсіп

 

Мына төмендегі сөздермен жуан дауысты бар сөздерді жеке, жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді жеке топтан жазыңыз да, жуан дауысты дыбысы бар бес сөзбен, жіңішке дауысты дыбысы бар бес сөзбен сөйлем құраңыз.

Қазақстан, әлем, тұрғылықты, мәжіліс, тәжірибелі, астаналық, Қорғалжын, ертегі, Сарыарқа, көпшілік, бикеш, сағыныш, Алтынай, елтаңба, жәрмеңке, пасық, шолпы, нағыз, әңгіме, зерек, реніш, ықылас, лағыл, ғұмыр, Гүлсім, үнемі.

 

Мына төмендегі сөздердегі еріндік дауыстылардың астын бір, езулік дауыстылардың астын екі сызыңыз және сөздердің мәнін ашып түсіндіріңіз.

1) Лашық, жұпар, құдды, жәбір, мақұлық, ғазиз, ғанибет, рухани, әулие, күнә, нысап, іңкәр, ғайып, пейіл, көнтерлі, бөгде, інжу, ақиқат.

2) Ғайбат, леп, рәсім, пәктік, лағыл, айдын, шапағат, мұржа, мұқтаждық, дүрбелең, күмбез, хикая, шекер, перизат, қызбалық, қисапсыз, биязы.

 

Мына сөздердегі көп нүктенің орнына ұ-ы, ү-і, ө-е әріптерінің тиістісін қойып жазыңыз. Бес сөзбен сөйлем құраңыз.

Көрк...м, құл...қ, түб...к, мұр...н, жұл...н, көр...к, бөлім ..., дұр...с, өң...ш, өл...ң, бүт...н, түт...н, күнд...з, күр...к, төл..., мөлд...р, көм...й, бөл..м.

 

Мына сөздердегі көп нүктенің орнына и, й, ый әріптерінің тиістісін қойыңыз, емлесін түсіндіріңіз.

Қ...сық, ж...ырма, лир...ка, мо...ын, қ...мыл, қ...сын, ...кемді, т...ылу, т...істі, о...мақ, а...на, қа...мақ, т...ылды, д...хан, б...лік, ...не, мәден...ет, ш...кі, с...лық, тар...х, н...ет.

 

Көп нүктенің орнына и, й, ый әріптердің тиістісін қойып, әр сөзбен сөйлем құраңыз, емлесін түсіндіріңіз.

Қ...ял, жар...я, с...яқты, мұқ...ят, Балқ...я, с...я, з...янды, б...язды.

 

Текстегі сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстарды тілдің қызметіне, жақтың ашылуына және еріннің қызметіне қарай топтап түрлеріне анықтаңыз да тексті мазмұнына сайықтап әңгімелеңіз.

Теңге – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.

Қазіргі таңдағы көп өзгерістердің бірі тәуелсіз елдердің өз ұлттық валюталарын айналымға кіргізу.

Төл теңгеміз тұңғыш рет енгізіліп отырғандықтан, әуелгі кезекте оның әншейін қағаз күйінде қалмауы, қорғанысы мықты болуы қарастырылады.

Теңгенің он екі түрлі көзден таса қорғаны бар. Қағазы да ерекше. Әлемге әйгілі бірнеше фирманың жұмысымен таныса келіп, ағылшынның «Харрисон» фирмасы таңдалып алынды. Ол фирма төл валютамыздың массасын төрт ай ішінде әзірлеп берді. Қазақстан Республикасы аумағында 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап, ұлттық

валюта – теңге айналысқа енді. Теңге – Қазақстан Республикасындағы бірден-бір заңды төлем құралы. Ол – тәуелсіз елдің тұтқасы, даму көзі, теңелудің алғашқы факторларының бірі.

 

Мәтіннен а, ә, о, ө, ү, ұ, ы, і әріптері қатысқан сөздерді теріп жазып, олардың қай быунда тұрғанын көрсетіп, түсінік беріңіз.

 

Әйгерім ауылға сол жанжал болатын күннен сәл бұрын кешке жақын қайтқанды. Үш күн бойы, көптен көрмеген сауығына қайтқан, әнін тапқан жас өнерпаз әйел, осы күндерін, талайдан сағынған арманды күткендей рақаттанған екен. Кеш бата өз үйінің сыртына кеп, пар ат жеккен жеңіл арбадан түскенде, Абай мен Ербол сыртта тұр еді.

Әйгерімнің өңі ағы яқ, қызылы қызыл боп, өзгеше құлпырғандай. Бұрын бір Абаймен ыстық шағындағы сауық-сайран салған, шексіз ән салған күндеріндей көрікті екен. Қасындағы Зылиханы киім – кешектерімен үйге жіберіп, әдеттегі сыпайы, биязы қозғалысымен абайлар қасына кеп, ауыл амандығын сұрады. Абай Әйгерімнің жүзіне таңдана, қызығып қарағандай.

(М.Ә.)

Төмендегі сөздерде дауысты дыбыстардың айтылуы мен жазылуында ерекшелігі бар сөздерге түсінік беріңіз.

 

А) рұқсат, ру, реніш, сасу, шек, ішек, мәтін, рас.

Ә) лақ, құриды, ромб, ұлағат, лұғат.

Б) тәжірибе, самаурын, ілеспеу, тұжырым.

 

Дауыссыз дыбыстар және оның емлесіне арналған жаттығулар

  1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, әрбір сөзбен сөйлем құраңыз.

 

Экспеди ... ия, ... утбол, ... рестоматия, фос ... ор, ры ... аг, техноло ... .

 

  1. Мәтіннен мысал келтіре отырып : а) ж, ғ, ң әріптерінің қолданылуын,

Ц, ч, щ әріптерінің қолданылуын түсіндіріңіз.

Сарсен физматқа түсем деп жазылыпты, ал Жабай химфакты қалайды екен,- деді ол әңгімесін жалғастыра түсіп.…   Мәтіннен б, в, г, д әріптерінің… Бірақ бұл кісі қанша талпынса да, өсе келе педагог бола алмады.

Ндестік заңына арналған жаттығулар

Мәтіндегі сөздерді буын үндестігі тұрғысынан талдаңыз.

 

Мәтіннен сөз аралығындағы, сөз ішіндегі дыбыс үндестігін тауып, оның қалай туып тұрғанын түсіндіріңіз.

Ауылда шеттен келген кісілер бар секілді. Оңашалау тігілген қонақ үйдің сыртындағы кермеде күміс ер-тұрманды бірнеше жарау аттар байлаулы тұр. Жолаушылар күймеден түсіп жатқанда, үлкен ақ үйдің қасында топтанып тұрған үлкендер де бері қарай аяңдады. Ең алдында Керімбайдың өзі, одан сәл кейінірек Ажар бәйбіше мен тағы басқа жақын туыстар. Дәмежан алдымен әкесіне келіп сәлем берген. Бұл күнде елудің мол ішін аралап кеткен Керімбай ұзын бойлы, мол бурыл сақалды, түксиген қалың қабақтың астынан шүңет көзі адамға тесіле қарайтын, түсі суық айбарлы кісі еді.

 

Сөйлемдерден сөз ішіндегі, сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды, кейінді ықпалды тауып, оған түсініктеме беріңіз.

Мен Ленинградқа пайызбен кеп түскен күні шүмектеп құйған жауын екен. Енді қоныстың жақындаған шағында, Абай не қылса да барып сөйлесіп, арнаған сәлемін. Базаралы мен Кеденге айтып жібермек болды. Сарықұм аулы егіңнен өзге тіршілігі жоқ, өңкей жатақтар бола тұрса да, сәнді ауылдың бірі болатын. Біздің дегенімізге көнбес болса, сол жөнінде хат мөрлеп, қол-аяғын бұғандай етіп, өз әмәрәне әкеп береміз!-депті. Күн күйдіріп тұр. Бәрі де белуарға дейін шешініп тастаған, жоталарын күн қақтап қыздырып кеткен, өздері шат көңілді. Бірінен-бірі тоқтай қалып, бетін басқан терді жұдырығымен сырып тастап, қуып жетіп қалмады ма екен дегендей, соңындағы көршісіне қарап қояды.

 

Көп нүктенің орнына н және ң әріптерінің тиістісін қойып көшіріп, неліктен қойғаныңызды түсіндіріңіз.

Ері ...беген етікші болады. Тү ... гі самалмен қыдырғанға не жетеді! Қиянатқа кө ...бе, әділетке атса да көн! Се ... бі күні кел. Тоқса ... ға келген жасым бар, Көпті көрген басы бар. Кө ... біс адамды тауыпсың ғой!

 

Біріккен сөз және тіркескен сөздердің аралығында айтылуда қандай өзгеріс болатындығына назар аударып, олардың жазылуы мен айтылуының арасындағы айырмашылықты түсіндір.

Алаөкпе, Қараөзек, Жетіарал, қала іші, қара ала сиыр, жүре алмадым,

айта алмадым, Сырықұм, Базаралы, Керімбай.

Арамен жазылған сөздердің түбір қалпындағы соңғы дыбысы қандай дыбыс екенін және оның жалғаулар жалғануына байланысты өзгеру себебін түсіндір.

Әннің де естісі бар, есері бар. Тыңдаушының құлағыныңкесесі бар. Білместігімненістедім дегеннің көбіне нанбаймын. Сұрағына тез жауап бере алмаймын. Шауып кел, барып кел дегеніңе жүре алмаймын. Кітаптың қызығына беріліп кеткенімен сонша, уақыттың өткенінің де байқамапын.

 

Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы көршілес дыбыстардың айтылуда өзгеру себебін және қалай үндесіп тұрғанын түсіндір.

Таныс шығар, тоқ адам, теңіз суы, бас штаб, ақ лақ, көк еңбек, күн көріс, боз жігіт, Сейсенбек, Алшынбай.

 

Мына үсінддеді қара әріппен жазылған сөздерді түбір мен қосымшасының арасына сызықша қойып, көшіріп жазыңыз да, ол сөздердегі ықпал заңын көрсетіңіз.

Маржан, Маржан, қарағым!

Күлімдейді қабағын,

Түріліпті балағың,

Жалаңаш балғын балтырың,

Не еткен сұлу, жарқыным!

Маржан, Маржан, жүрегім!

Қолыңда менің күрегің.

Жұмыста жүрсең білемін,

Жалаңаш жұмыр білегің.

 

Сөйлемдердегі қара әріппен жазылған сөздерге қосымшалардың неліктен түрлі-түрлі жалғанып түсіндіріңіз.

Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, уағыз айтумен жету қиын Біреуге бірдене айтпастан бұрын, оны әуелі өзіңе айтып ал. Отырғандар тағы да Әлімқұл мен Байзаққа қарады. Биыл Құнанбайдың өз ауылдары да, жақын ағайындары да күземді елден ерте алды. Жарғанатқа жарықтан қараңғы артық.

 

Буын үндестігі заңы бойынша жазылып тұрған сөздердің астын бір, буын үндестігі заңына бағынбай тұрған сөздердің астын екі сызыңыз да, себебін түсіндіріңіз.

Саясы жоқ бәйтерек

Саздауға біткен талмен тең,

Пайдасы жоққа жалынсаң,

Семіз бір жемқор малмен тең.

 

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта, бар қалан.

(Абай)

Дүниеқор адамның есіл-дерті-мал болар.

Ақылгөй, данагөй қарттар айтқан сөзді көңілге тоқитын жас боларсың.

Екпін, буын түрлеріне арналған жаттығулар

Жігіт көңіліндегі сөздердің бірін де айтқан жоқ. Қайткенде де Сергей жүрегінде қаймығу…   Мәтіндегі сөздерде екпіннің қай…  

Мәтіндегі сөздердің: а) негізгі және көмекші екпін түскен буындарды көрсетіңіз; ә) екпін түспейтін сөздер мен қосымшалардың астын сызып, себебін түсіндіріңіз.

 

Уәли аса көңілсіз жағдайда отыр. Иесі босып кетіп, аңырап қалған бөлме де қобалжыған жарым көңілін титықтата түседі. Ол терезеге үңілді. Мылтықтарын асынып екі-үш солдат кетіп барады. Анау алысырақта жол бар екен, алғы шекпе қарай арба кетіп барады. Оған қарсы бір салт атты жортып келеді. Осы қималдардың бәрі Уәлиге сондай бір көңілсіз, жат көрінді.

 

  1. Орыс тілі арқылы енген сөздердегі екпін түсіп тұрған буындарды анықтаңыз, оларға қосымша жалғап, сол буындардағы екпіннің сақталу-сақталмауын түсіндіріңіз.

 

Вагон, валюта, галстук, профессор, фестиваль, федерация, шрифт, фонетика, факультет, эскимос, инфляция, эпитет, инкубатор.

 

  1. Мақалдардағы сөздерді буынға бөліп, түрлеріне ажыратаңыз, ой түйінің шешіңіз.

 

1. Ақыл азбайды, 4. Ашу-дұшпан, ақыл-дос

Алтын тозбайды. Ақылыңа ақыл қос.

 

2. Сабыр қылсаң бәрі де бітер, 5. Тауды, тасты жел бұзар,

Сабырлы мақсатына жетер. Адамзатты сөз бұзар.

 

3. Сараңның көзі тоймас. 6. Өлімнен ұят күшті.

 

  1. Мына сөздерді буынға бөліп, түрлеріне ажыратыңыз және осыларды қатыстырып сөйлем құраңыз.

 

Психолог, фантастика, хрусталь, ханым, фестиваль, фраза, жер-жаһан, жиһангер, синхронды.

  1. Оқып шығып, әрбір сөздің неше буыннан және қандай буыннан құралғаның айтыңыз.

 

Сексен ақын-Баһрам батырдың туған ағасы. Біржанға мұның бәрі ғажайып бір тарих, шежіре. Ол бәрін біледі. Біржан енді кербез ән «Гауһартасты» бипаздап мөлдірете берді. Мақпал мен Сегіз сері хикаясын жырлай бастапты ақындар. Бұл жырлауға тұрарлық махаббат болған екен. Штабты өртеген-ата қонысынан айырылған Балта Керей, Мұхамедияр екен. Білесіз оны, бұрын хорунжи еді ғой... Өзінің шын аты-Гүлжиһан еді. Сегіз сері де үһлеп-үһлеп қойды.

 

  1. Төмендегі сөздерді буын түрлеріне улгі бойынша толтырыңыз.
Ашық буынды сөздер Тұйық буынды сөздер Бітеу буынды сөздер Аралас буынды сөздер
Сала Асыл Талқан Үздік

Қайсар, оғыз, қозғалыс, қанқ, сәңқой, қонжық, сұңғақ, томаға, тайлақ, қағида, сыйлық, иіс, би, жазушы, балғын, нысана, мінсіздк, қалжың, іс, уыс, тағдыр, қайрат, бүйі, ай, жас, төбе, кедей, әл, кінә, мәшһүр, Бегәлі, Біржан, жалғыз, дала, Дәрмен, немере, Қарашоқы.

  1. Жұмбақтағы сөздердің ара жігін ажыратып, шешуін табыңыз.

1) Бұрапқойғансағаттайайғайлайдытаңатпай.

2) Екіаяқтыбірбастыжүгіредітымқатты.

3) Астытасүстітасортасындажаныбас.

4) Ештеңежоқарқасындабаласыбарқалтасында.

 

  1. Жаңылтпашты тез, әрі аңық оқи отыра, ашық буын, тұйық буын, бітеу буын түрлеріне ажыратыңыз.

1. Шәйшінің шәй шәйнеге мосыдап түспес.

Мосыдан түсе, ащы деп ішпес, ыссы деп ішпес,

Ащы деп ішпес, ыссы деп ішпес.

 

  1. Ақынның батылдырағын айт,

Батырдың ақылдырағын айт,

Ұстаздың жақсылырағын айт,

Шәкірттің ұстамдылырағын айт.

 

  1. Автобусқа кіргенінде,

Елмен бірге ілгерірек ілгеріле.

 

  1. Ұстап қара қарындашын,

Ұштап қарындашын қарындасым,

Ұсынды қарындасым қарындашын.

 

Зат есімге, көмекші есімге арналған жаттығулар

  Төмендегі жұрнақтар арқылы бес негізгі түбірден туынды зат есім жасаңыз да, олардың …   -ма, -лық, -ыс, -гі, -ші, -пат, -ін, -ық, -шық, -ім.

– Конец работы –

Используемые теги: Фонетика0.031

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Фонетика

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным для Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Еще рефераты, курсовые, дипломные работы на эту тему:

Фонетика. Разделы фонетики
Разделы фонетики... Фонетика делится на общую сравнительную историческую и описательную... Артикуляционная фонетика...

Что составляет предмет фонетики. В чем заключается различие между фонетикой и фонологией
Устная речь Письменная речь Литературное произношение Владение... Ассимиляция и е виды... Консонантная и вокалическая ассимиляция...

Фонетика и фонетический разбор слова
Фонетика раздел наукив котором изучаются звуки речи ударение слог... Человек может издавать несколько сот различных звуков Но в своей речи при... Имя прилагательное Значение и грамматические признаки имени...

А.Л. Лось Пособие включает разделы: языкознание как наука о языке, сущность и структура языка, лексикология, фонетика, грамматика, письменность и графические
Предисловие... Настоящее пособие написано в соответствии с программой по курсу Введение в... Автор стремился достаточно полно изложить материал курса осветить наиболее существенные проблемы стоящие перед...

Модуль 1. Вводно-коррективный курс по фонетике
На сайте allrefs.net читайте: Модуль 1. Вводно-коррективный курс по фонетике.

Бурая Е.А., Галочкина И.Е., Шевченко Т.И. Фонетика современного английского языка: Теоретический курс. – М., 2006. – С. 9-14
Points for discussion... Phonetics as a science The connection of phonetics with linguistic... Phonetics and social sciences Phonetics and non linguistic sciences...

ФОНЕТИКА. ФОНОЛОГИЯ. ОСНОВНЫЕ СВЕДЕНИЯ ОБ УДАРЕНИИ. ИНТОНАЦИЯ
ПОЗИЦИОННЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ ГЛАСНЫХ ЗВУКОВ ПОЗИЦИОННЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ ГЛАСНЫХ В ПОЛОЖЕНИИ ПОД УДАРЕНИЕМ...

ФОНЕТИКА
ФОНЕТИКА... Тема Алфавит Произношение гласных и согласных Дифтонги... Прочитать латинские слова по словарю Устно перевести слова на русский язык найти...

УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ КОМПЛЕКС РУССКИЙ ЯЗЫК ФОНЕТИКА. ФОНОЛОГИЯ. ОРФОЭПИЯ.
ГОСУДАРСТВЕННОЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ... ВЫСШЕГО ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ... НОВОСИБИРСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ...

Раздел I. Сегментная фонетика
Лингвогуманитарный колледж Учреждения образования... Минский государственный лингвистический университет... Раздел I Сегментная фонетика...

0.03
Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • По категориям
  • По работам