Тақырып. Желілік технология. Интернет-технологияларымен жұмыс істеу.

Мақсаты: Компьютерлік жүйенің негізін, компьютерлік желіні құру қағидалары мен концепцияларының негізін студенттерге түсіндіру, ақпараттарды іздеуді үйрету.

Web-парақта мәтінді пішімдеу, мәтінге тізімдер қолдану, HTML-құжатында суреттерді бейнелеу және кестелер жасауды үйрету, сондай-ақ Web-парақты өңдеп жасау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.

 

Оқытудың міндеті:Желі, компьютерлік желінің қажеттілігі мен сілтемелері, аппараттық және программалық жабдықтамалар, ауқымды және жергілікті желілер, желі топологиясы, деректерді беру тәсілін шолу, жергілікті желінің базалық технологиялары, хаттамалары және стандарттары туралы жалпы мағлұматтарды қалыптастыру.

HTML-құжатын құру, HTML-құжатына графикалық объектілер қою біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру.