Маркерленген тізімдер.

Тізім тэгтерінің ең қарапайым түрі – нөмірленбеген белгілеу тізімі <UL> (unordered lіst). Нөмірленбеген тізімдер: <UL> ... </UL>Мұнда әрбір белгіленетін мәтін жолын <LІ> ішкі тэгімен бастап отыру керек.

Мысалы мынадай тізім құру керек болса:

 

<UL> <LI>Иван; <LI>Данила; <LI>Игорь </UL>
  • Иван;
  • Данила;
  • Игорь

 

Нөмірленген тізімнің әрбір жолы реттелген тәртіп бойынша араб немесе рим сандарымен, әйтпесе латын алфавитінің әріптерімен таңбаланады. Ол таңбаларды өзгерту type= “…” атрибутымен көрсетіледі.

Нөмірлеу таңбаларын анықтайтын type атрибутының мүмкін мәндері кестеде көрсетілген.

Атрибут мәні Нөмірлену таңбалары
A - Үлкен латын әріптері (А, В, С, D, ...)
a - Кіші латын әріптері (а, b, с, d, ...)
I - Үлкен рим цифрлері (І, ІІ, ІІІ, ІV,…)
i - Кіші рим цифрлері (і, іі, ііі, іv, ...)
1 - Кәдімгі цифрлер (1, 2, 3, 4,...)

START - параметрі санақ қай саннан басталатынын анықтайды.

Келесі мысалда тізім үлкен рим санының сегізінші цифрінен басталып нөмерленген:

<OL TYPE="I" START="8"> <LI> Сегіз <LI> Тоғыз <LI> Он <LI> Он бір <LI> Он екі </OL>
  1. Сегіз
  2. Тоғыз
  3. Он
  4. Он бір
  5. Он екі