HTML-құжатында суреттерді бейнелеу.

Суреттік бейнелер Web-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды құралдар рөлін атқарады. Суреттердің өздері HTML құжаттарынан бөлек орналасқан жеке файлдарда сақталады, алайда олар браузер арқылы Web-парақтардың ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу ережелерін былай беруге болады.

Суреттерді құжаттардың ішіне орналастыру үшін <ІMG …> жеке, яғни жабыл­майтын жалқы тэг қолданылады.

Бұл тэгте міндетті түрде SRC= “…” атрибуты болуы керек, оның мәнін абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL-адресі көрсетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде құрамындағы суре­ттермен бейнеленеді және ол <ІMG …> тэгі тұрған орыннан көрінеді.

Оның жазылу синтаксисі төмендегідей:

<ІMG 1-атрибут=1-мәні [ ... N-атрибут=N-мәні]>

<ІMG> тэгінің атрибуттары мен олардың мәндері келесі кестеде көрсетілген.

Атрибут Атқаратын қызметі
SRC Суреттің URL-мекен-жайын береді (оның абсолюттік немесе салыстырмалы мекен-жайы көрсетіледі; егер ол HTML-құжат тұрған бумада болса, тек файл аты ғана жазылады); бұл атрибут міндетті түрдекөрсетіледі.
BORDER Сурет жақтау сызығының қалыңдығын пиксельмен береді.
WІDTH=n(%)   Суреттің енін пиксельмен не терезе енінің пайызымен береді.
HEІGHT=n(%)   Суреттің биіктігін пиксельмен немесе терезе биіктігінің пайызымен береді.
ALІGN="тип"   Мәтінге байланысты суреттің орналасуын көрсетеді, төмендегі сөздердің бірін мән ретінде қабылдайды: ТОР, MІDDLE, BOTTOМ, LEFT, RІGHT.
ALT = "сөз тіркесі"   Сурет көрсетілмейтін броузерде оның аты мәтін ретінде көрсетіледі.
TITLE Кескінге ақпараттық көмек береді.