Орытынды

Статистика дегенде алғашында мемлекеттiң экономикалық және саяси жағдайын сандар мен ұғымдар көмегiмен сипаттау тәртiбi жөнiндегi Ғылымды түсiнсек те, бүгiнгi таңда бұл сөздiң қолданылу аясы кең: 1) тұрмыс, қоғам өмiрi туралы анық сандар мен көрсеткiштер жинағы; 2) бұл мәлiметтердi жинақтауға, қайта өңдеуге, қорытуға, сақтауға және жеткiзiп беруге байланысты қызмет саласы; 3) бұқаралық процестердi тұрақты бақылау нәтижесiнде алынған қорытынды өлшемдер, көрсеткiштер; 4) Ғылым мен бiлiмнiң арнаулы саласы. Статистика пәнi бұқаралық құбылыстар мен процестердi зерттеңдi, оларда көрiнiс табатын статистикалық заңдылықтарды анықтайды, олардың нормасын белгiлеңдi. Экономикалық статистика бiрыңғай статистика iлiмiнiң құрамдас бөлiгi әрi буыны болып табылады. Сонымен қатар оның зерттеу объектiсi де өзiне тән ерекшелiктерге ие. Оларға жалпы статистикалық әдiстердi сәйкестендiру жолымен жаңа мазмұн мен форма берiлiп, айтарлықтай жетiлдiрiлген әдiстеме жасалғанын ескерiп, экономикалық статистиканы белгiлi бiр деңгеңде дербес пән деп қарауға да болады. Ал эконометрия статистикалық әдiстер көмегiмен бұқаралық экономикалық құбылыстарды зерттеп, экономикалық теориялар мен заңдылықтарды мөлшерлi түрде беңнелеуден тұрады. Сондықтан да оны экономикалық статистиканың маңызды бағыты әрi құрамдас бөлiгi деп қарауға тиiспiз.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Статистиканың практикалық жағын оқып – үйренбес бұрын оның теориялық жағын жете меңгеру қажет. Сондықтан, дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында негізгі анықтамаларға аса назар аудару қажет, мысалы: статистика, жиынтық бірлік, сандық белгі, сапалық белгі, статистикалық бақылау, статистикалық топтау, жинақтау, өңдеу, статистикалық қорытынды, талдау. Ол үшін берілген әдебиеттерді мұқият оқып, тест сұрақтары және бақылау сұрақтары бойынша теориялық біліміңізді тексеріңіз, БӨЖ тапсырмасын орындаңыз.

Негізгі әдебиеттер:

1. Теория статистики. Под ред. Р.А.Шмойловой. — М., Финансы и статистика, 2004.

2. Теория статистики. Под ред. Г.Л.Громыко. — М., ИНФРА, 2002.

3. И.И.Елисеева, М.М.Юзбашев. Общая теория статистики. М., Финансы и статистика, 2002.

4. Практикум по теории статистики. Под ред. Р.А.Шмойловой. — М., Финансы и статистика, 2004.

5. www. europarl.org.uk

Қосымша әдебиеттер:

1. Ю.Э.Янсон. Теория статистики. СПБ., 1913

2. А.А.Чупров. Очерки по теории статистики. — М., Госстатиздат, 1959.

3. Р.Фишер. Статистические методы для исследователең (пер.с англ.). — М., Госстатиздат, 1958.

4. Дж. Э.Юл, М.Дж. Кендел. Теория статистики (перс.с англ.). — М., Госстатиздат, 1960.

5. О.Ланге, А. Банасинский. Теория статистики (пер. с польс.). — М., Статистика, 1971.