Проблемалық дәрістің конспектісі

1.Статистистикада зерттеу жұмыстары үш кезеңге бөлінеді:

Ø статистикалық бақылау

Ø статистикалық мәліметтерді жинақта, топтау

Ø статистикалық мәліметтерді қорытындылау,талдау.

Статистикалық мәлiметтердi жинақтау — статистикальқ зерттеудiң екiншi сатысы больп табылады жене ол әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердiң өзгерiсiн зерттеуде шешушi рөл аткарады. Бұның негiзгi мақсаты — статистикалық бакылау нәтижесiнде жиналған мәлiметтерге қорытынды жасау.

Бастапқы алынған мәлiметтердi жинақтауды дұрыс ұйымдастыру аса күрделi және жауапты іс болып саналады. Себебi каншама бай, толъқ материалдар жиналғанымен, жинақтау жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаса, ғылыми жүйеде өңделмесе, онда ол өзiнің мағынасън жоғалтады. Іс жүзiнде кұнсызданады жене одан нәтижелi талдау қорытындылары жасалынбайды. Сондықтан, статистикальқ баылаудьң нәтижесiнде жиналған мәлiметтердi дұрыс жинақтап, өңдеудiң әлеуметтiк-экономикалык маңызы өте жоғары.. Сол үшін алдын-ала мәлiметтердi жинақтаудың жоспары жасалады. Онда, негiзiнен, жинақтау кезiнде кiмдердiң қандай жұмыс атқаратындығы және оның қашан, кай уақытта орындау қажеттiгi толық карастырылады. Сонымен бiрге жиналған мәлiметтердi өңдеу тәсiлдерi анықталып, кестелердiң үлгiлерi жасалынады.

Статистикалық мәлiметтердi жинақтау жай және күрделi болып екіге бөлiнедi.

Жай жинақтау дегенiмiз - жиналған материалдарды топқа бөлмей, қорытынды керсеткiштерiн есептеу. Бұл - жинақтаудың ең жеңiл түрi және ол жиналған мәліметтердiң керсеткiштерiн қосу арқылы есептеледi. Мысалы, республикамыздағы студенттердiң жалпы санын анықтау үшiн барлық жоғары оқу орындарындағы оқитын студенттердiң санын есепке алып, қосамыз.

Күрделi жинақтау дегеніміз алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық бiрліктерiн топқа бөлу және әрбiр топ бойынша сол жинақтардың жалпы мөлшерiн есептеп шығару. Мысалы, республикамыздағы студенттердің жалпы санын мамандықтары бойынша анықтау керек болса, онда әрбiр жоғары оқу орындарында оқитын студенттердi мамандықтарына қарай қосу аркылы есептеймiз жене т.с.с.

Статистикалық мәлiметтердi жинақтау екi түрлi жолмен ұйымдастырылады. Ұйымдастырудың бiрiншi жолы — барлық мәлiметтердi бiр орталыққа жинап, осында қорытынды жасау. Мысалы, баланың тууы, адамның өлуi, некелесу жене ажырасу туралы есептеулердi алуға болады. Ұйымдастырудың екiнші жолы алғашқы мәлiметтер төменгi сатыдағы мекемелерде жинақталып, қорытынды мәлiметтер жоғарғы сатыдағы мекемелерге тапсырылады.

Сонымен, жалпы алғанда, статистикакалық жинақтау деп, бақылау нәтижесiнде жиналған бастапқы мәлiметтердi ғылыми жүйеде өңдеудi және жиынтық бiрлiктерiн өздерiне тән белгiлерi бойынша топқа бөлiп, қорытынды корсеткiштердi есептеудi айтады. Демек, мәлiметтердi жинақтау жұмыстары көптеген аса күрделi есептеу тәсiлдерiн колдануды талап етедi.

2.Статистикалық топтау әдiсi деп, қоғамдық құ6ылыстар мен процестердi өздерiне тән белгiлерiне өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешелiктерiне, түрлерiне, үлгiлерiне сәйкес бiр-бiрiнен ажыратуға болатын топтар мен iшкi топтарға бөлудi айтады. Топтау әдiсiнiң алдына қойған өз максаты мен мәнi бар. Оның басты мақсаты — жиналған мәлiметтерге талдау жасау үшiн ретке келтiрiп, ықшамдау, өзгермелi белгiлерiне қарай iрiктеу, жиынтық бiрлiктерiн қанша топқа бөлу керек екендiгiн анықтау жеке керсеткiштер жүйесiн белгiлеу. Статистикалкалық топтау бiр үлгiдегi типтік, құрылымдық және талдаулық болып үш түрге бөлiнедi. Бiр үлгiдегi (типтiк) топтаудың мақсаты бiртектес топтарды, типтердi, сыныптарды әлеуметтiк-экономикалық түрлерiне қарай саралау болып табылады. Бiр үлгiдегi топтау төмендегi тәртiп бойынша жүргiзiледi:

1) алдын-ала, пайда болатын типтердi, сыныптарды өздерiне тән сапалық белгiлерiне қарай анықтап, белгiлеп қою;

2) топтау белгiлерiне сай топтарды анықтау;

3)жиналған сандық көрсеткiштердi белгiленген топтарға бөлу.

Бір үлгiдегi топтау экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық зерттеу жұмыстарында жиi қолданылады. Сонымен, бір үлгiдегi (типтiк) топтау дегенімiз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлi бағыттагы жиынтьқ көрсеткiшiтердi сапалық жағынан бiр жүйеге келтiрiп, топтарға бөлуi және оның қорытынды көрсеткiштеріне талдау жасауды айтады.
Құрылымдық топтау бiртектес, бiркелкi жиынтық бiрлiктерiнің өзгерiсiн өздерiне тән белгiлерiне қарай бөлудi айтады. Бұл топтау әлеуметтiк-экономикалық кұбылыстар мен процестердiң құрамын зерттеу кезiнде кеңiнен қолданады.

Талдаулық топтау. Бiр-бiрiне әсерiн тигiзетiн талдаулық топтаудың себептiк белгiлерi қоғамдық, құбылыстың өзгергендiгiн, ал нәтижелiк белгiлерi сол себептердің тигiзген әсерiн, көрсетедi. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесiн жоғарылату себептік белгiге жататын болса, ал осының салдарынан еңбек өнімділігінің өсуi нәтижелік белгiге жатады.

Статистикалық топтау әдісінің ішіндегі негізгісі қайта топтау тәсілі. Қайта топтау деп алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісін айтады.

Бастапқы топтастырылған топтық көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге талдау жасағанда қойылған талаптарға толық жауап бермейтін болса онда қайта топтау әдісі қолданылады.Ол екі түрлі тәсілмен жүргізіледі:

- бастапқы топтастырылған ұсақ топтардың деңгей аралығын қосып, яғни оларды көбейту арқылы ірі топтарға айналдыру;

- әр жерде жиналып, әр түрлі өңделген топтық көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін бір жүйеге келтіру керек болғанда проценттік үлес бойынша қайта топтастыру.

 

Қорытынды:

Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың маңыздылығы мен мәнін ашып көрсету нақты есеп берудің кепілі. Статистикалық топтау ерекшелігін оқу және оның түрлерінің ерекшеліктерін айыра білу де маңызды мәселелердің бірі. Жоғарыда көрсетілгендерді нақты білу осы тақырыптың қорытынды түйіні болып табылады.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында статистикалық зерттеудің екінші сатысы жинақтау және топтауға аса назар аудару қажет. Жинақтау және топтаудың түрлерінің ерекшеліктерін жете білу керек. Олардың әрқайсысын нақты білу үшін, әдебиеттердегі осы тақырыпты салыстырып оқу қажет.

 

Негізгі әдебиеттер:

1.Громыко Г.Л. «Статистика». Издательство МГУ, 1976

2.Гольдберг А.М., Козлов В.С. «Общая теория статистики». М. 1997

3.Елисеева И.И., Юзбашев М.М. «Общая теория статистики». М. Финансы и статистика, 1996

4.Ефимов М.Е., Рябцев В.М. «Общая теория статистики». М. 1991

5.Левин А.Е. «Статистика». М. 1984

6.Ряузов Н.Н. «Общая теория статистики». М. 1979

Қосымша әдебиеттер:

1.Ряузов Н.Н. «Практикум по общей теории статистики». М. 1979

2.Рожков В.С. «Автоматизированные системы обработки экономической информации». М. 1988

3.Рябушкин Т.В., Ефремов М.Р. «Общая теория статистики». М. 1981

4.Сураганова С.К. «Общая теория статистики». Астана. 1998

5.Шмойлова Р.А. «Практикум по теории статистики». М. Финансы и статистика, 2000

6.Ызғарбек Әміре-ұлы «Статистиканың жалпы теориясы». Алматы. Экономика, 1998