Орташа шамалар және өзгерменің көрсеткіштері

Дәріс сұрақтары:

1.Орташа шаманың мәні және қолданылу шарттары.

2.Арифметикалық және үйлесімдік орташа шамалар.

3.Мода және медиана.

4.Өзгерменің көрсеткіштері және оны есептеу тәсілдері.

 

Дәрістің мақсаты:Статистикалық есеп жүргізудің қорытынды көрсеткіші орташа шаманың мәні мен маңыздылығын айқындау. Оның түрлерінің ерекшеліктерін түсіну және олар бойынша есептер шығару. Мода мен медиананы есептеуді үйрену және ерекшелігін түсіну. Өзгерменің көрсеткіштерінің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіну.

Негізгі ұғымдар мен терминдер: орташа шама, арифметикалық орташа шама, геометриялық орташа шама, құрылымдық орташа шама, үйлесімдік орташа шама, шаршылық орташа шама, мода, медиана, статистикалық өзгерме, өзгерменің өрісі, сызықтық ауытқу, шашырандылық, орташа шаршылық ауытқу, өзгерменің коэффициенті.