Нақты және қатысты шамалар

Дәрістің сұрақтары:

1. Нақты шамалардың мәні мен маңызы, түрлері және өлшем бірліктері.

2. Қатысты шаманың мәні мен маңызы, түрлері және өлшем бірліктері.

Дәрістің мақсаты:Нақты және қатысты шамалар туралы ақпараттарды жете меңгеру. Оның маңыздылығы мен түрлерін, онда қолданылатын өлшем бірліктерді саралай білу қажет. Сонымен қатар мәліметтердің әр қилылығына қарай қатысты шамалардың қандй түрі қолданылатындығын терең білу қажет.

Негізгі ұғымдар мен терминдер: нақты шамалар, жеке нақты шамалар, жалпы нақты шамалар, табиғи өлшем бірлік, еңбек өлшем бірлігі, ақшалай өлшем бірлік, қатысты шамалар, жоспардың орындалуының қатысты шамасы, жоспарлық тапсырманың қатысты шамасы, динамикалық қатысты шама, құрылымның қатысты шамасы, үйлестік қатысты шама, үдемелілік қатысты шама, салыстырмалы қатысты шама, дәрежелік қатысты шама.