Статистикалық кестелер, графиктер және диаграммалар.

Дәрістің сұрақтары:

1.Статистикалық кесте құрастыру ережелері, түрлері.

2. Графиктік әдіс және оның түрлері, мәні, маңызы, бөлшектері.

3. Диаграмма, оның түрлері, қолдану тәсілдері.

4.Картограмма, картодиаграмма және оны қолдану тәсілдері.

Дәрістің мақсаты:Статитистикалық есептің мәліметтері мен ақпараттарын статистикалық кестелер және диаграммалар арқылы қорытындылап көрсетеміз. Сондықтан сауатты құрастырылған кесте құбылыстардың сандық көрсеткіштерін нақты көрсете алады және талдау, зерттеу жасауға ерекше ықпал етеді. Ал, графиктік әдіс кестенің табиғи жалғасы болып табылады, сондықтан кез – келген кестенің мәліметтерін график түрінде көрсетуге болады. Дәрістің негізгі мақсаты кестелер мен графиктердің мағынасын, мақсатын және түрлерін толық ашу.

Негізгі ұғымдар мен терминдер: статистикалық кесте, бастауыш, баяндауыш, жай кесте, топтық кесте, күрделі кесте, тізімдік кесте, территриялық кесте, хронологиялық кесте, статистикалық график, нүктелі график, сызықтық график, диаграмма, бағаналы диаграмма, құрылымды диаграмма, шаршылы диарамма, шеңберлі диаграмма, секторлық диаграмма, сызықтық диаграмма, картограмма, картодиаграмма