рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Дәрістің конспектісі

Дәрістің конспектісі - раздел Математика, Статистика 1.Статистикалық Кесте Дегеніміз - Сандық Мә...

1.Статистикалық кесте дегеніміз - сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану. Статистикалық кестенің екі элементі: бастауышы мен баяндауышы бар. Бастауыш дегеніміз - зерттелетін объектіні, сандарды суреттейтін статистакалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Бастауыш кестенің сол жағына орналасады және жолдардың мағынасы ретінде беріледі. Баяндауыш дегеніміз — зерттеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштермен сипатталуы немесе толық мазмұндалуы. Баяндауыш кестенің оң жағына орналасады және бағаналардың аты ретінде беріледі.

Кесте құрастырудың негізгі ережелері бар: кестенің жоғарғы жағында оны нақты аты жазылып, бастауыш пен баяндауышын дұрыс жазып толтыру, яғни сөздерін толық беру қажет. Бірақ, жолдарда, бағаналарда көрсетілген, көрсеткіштердің қай уақытта, қай жерден алынғаны, өлшем бірліктері көрсетілуі тиіс. Егер өлшем бірліктерін жазғанда, бір өлшемнің ғана аты берiлген болса, онда оны кестенiң жоғарғы жағына атынан кейін жазуға болады, ал өлшем бірліктері р түрлі болатын болса, онда оларды кестенің бастауышынан кейін бөлек бір бағана етіп көрсету қажет.

Кейбір жағдайларда кестенің бағаналары көп болатын болса, онда бастауышты әріппен, ал баяндауышты санмен көрсетеді. Еске сала кететін бір жай, кестенiң бастауышы мен баяндауышы ете көп болып берiлмеуі керек. Себебі, кестенiң көлемі неғұрлым көп болатын болса, соғұрлым оның оқылуы қиындап, дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, керекті көрсеткіштерді жеке кесте арқылы көрсетуге тырысқан жөн.

Кестеде есептелінген мәліметтер берілген болса, онда түсіндірме, ал ерекшелігі бар көрсеткіштер үшін қайдан алынғаны туралы сілтеме, ескертпе берілуі тиіс.

Бастауштың құрылысына қарай статистикалық кестелер жай, топтық және күрделі болып үш түрге бөлінеді

Жай кесте. Бастауыш бір ғана белгі арқылы бөлініп, процестер, қүбылыстар, объектілер аттары көрсетілсе, ондай кестені статистикалық жай кесте дейміз, Жай кестенің үш түрі болады. Олар: тізімдік, территориялық және хронологиялык (мезгілдік).

Тізімдік жай кесте бастауышында зерттелетін объектінің тізімі беріледі. Кесте бастауышында зерттелетін аймақтың (ауданның, облыстың) тізімі берілген болса, онда оны аймақтық жай кесте деп атайды. Кесте бастауышында уақыт мерзімі (жыл, тоқсан, ай, күн), ал баяндауышында сапдық көрсеткіштер берілетін болса, онда оны хронологиялық жай кесте деп атаймыз

Көп жағдайда уақыт мерзімі кестенің бастауышында емес, баяндауышында керсетілетін болса, онда ол хронологиялық жай кесте болмайды. Мысалы, кесте бастауышында облыстардың немесе аудандардың аттары, ал баяндауышында уақыт мерзімі бойынша көрсеткіштері көрсетілген болса, оңда ол хронологиялық тізімді кесте дейміз. Демек, жоғарыда көрсетілген жай кестелердің өзі көптеген қызықты мәліметтер беріп, белгілі бір қорытынды жасауға тікелей көмегін тигізеді.

Топтық кесте. Кесте бастауьшы топталған белгінің негізінде қүрылған болса, онда оны топтық кесте дейміз, Яғни топтық кесте берілген көрсеткіштерге топтастыру әдісін қолдану арқылы жасалады.

Құрама кесте. Мұнда кестенің бастауышында келтірілген құбылыстар екі немесе одан көп көрсеткіштер бойынша топталып, ал әр топ өзара тағы да басқа бір белгілері бойьшша жеке бөліктерге бөлінеді. Мысалы, халықтар санын қала және ауыл тұрғындары деп бөлсек, ал оларды білімдері, ұлттары немесе жас құрамдары бойынша тағы да бөлуге болады. Сондықтан, құрама кестенің негізіне құрама (күрделі) топтау жатады.

2.Графикалық әдіс статистикалық кестенің табиғи жалғасы болып саналады, кез-келген кестенің мәліметтерін график түрінде көрсетуге толық болады.

Статистикалық график - берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриалық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы бейнелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.

Графиктің негізгі бөлшектері. Статистикалық графикті геометриялық жазықтықта бейнеленген шартты белгілері дей отырып, әрбір графиктің төмендегідей негізгі бөлшектерін ажырата білуіміз керек: графиктің негізі -геометриялық белгілер, яғни нүктелердің, сызықтардың, фигуралардың көмегімен бейнеленген статистикалық шама жиынтығы; графиктің өрісі - бұл оның кеңістікте бейнесі мен белгілері орналасатын орны; кеңістік бағыты (нысаны), яғни геометриялық белгілердің графиктік өрісі бойынша орналасуын анықтау; масштабтың бағыты, яғни осы белгілердің сандык, өлшем бірліктерін, мөлшерін анықтау; графиктің экспликациясы, яғни графиктің атымен оның жеке бөліктеріне, геометриялық белгілеріне сәйкес сөзбен түсініктеме беру.

Геометрияық белгілердің қолданылуына қарай графиктер нүктелі және сызықты болып екіге бөлінеді. Нүктелі график деп график негізінің жиынтықтары нүкте ретінде, ал сызықтық график деп сызықтардың қолдануына байланысты болатын жол-жолды, төрт бұрышты, шеңбер тәріздес және т.б түрінде берілгендерін, айтамыз, Кейбір кездерде графиктер геометриялық емес фигуралармен (әр түрлі суреттермен; көмескі, бұлдыр кескіндермен) белгіленеді. Мұндай графиктердің түрлерін бейнелі график деп атайды.

Статистикада графиктік әдіс төмендегі келтірілген мәселелерді шешу үшін маңызды:

1) статистикалық кәрсеткіштерді салыстыру;

2) зерттелетін жиынтықтың құрамы мен құрылымын сипаттау;

3) уақыт мерзіміне сәйкес құбылыстағы болған өзгерістердің өсіңкілігін бақылау;

4) кұбылыстардың, өзара байланыстылығын білу;

5) кеңістіктегі орналасуын және таратпалық дәрежесін анықтау үшін маңызды.

3. Графикалық әдістің ішіндегі ең жиі колданылатын және көп тараған түрі. Диаграмма – (diagramma) ~ грек сөзі. Бейне, сурет, сызба деген мағынаны білдіреді.

Бағаналы диаграмма. Бұл - статистикалық көрсеткіштерді өзара салыстыру үшін ең көп қолданылатын диаграмманың жай түрі Мұны құрастыру кезінде әрбір көрсетілген көрсеткіштердің ені бірдей, ал биіктігі сандық мәліметтерге байланысты әр түрлі, бірақ масштабтары біркелкі болып келеді. Бағаналы диаграмманы құру үшін алдымен тік бұрышты жазықтық жүйесінің кординатын сызып алу керек, Содан кейін (шаманың негізін бірдей мөлшерде абцисса өсіне, ал бағананың биіктігін сандық мөлшерге қарай координата өсіне орналастырамыз.

Егер сандық көрсеткіштерді бейнелейтін тік бұрыштағы бағаналарды тігінен емес, көлденеңінен орналастыратын болсақ, ондағы құрылған графигіміз жолды немесе ленталы диаграммаға айналады.

Құрылымды диаграммастатастикалық жиынтықтардың құрамьн салыстыру үшін қолданылады. Құрылымның салыстырмалы көрсеткіштері жалпы жиынтықтың жеке бөлшектерінің үлесін, яғни оның бірнеше бөліктерге бөлінуін көрсетеді. Құрылымды диаграмманың сандық көрсеткіштері нақты түрде және процент есебімен берілуі мумкін.

Шаршылы диаграмма. Кейбір жагдайларда статистикалық сандық көрсеткіштерді салыстыру үшін бейнелеудің шаршылы түрі қолданылады. Оның баганалы немесе жолды диаграммалардан айырмашылыгы сол, мұнда бейнелеуге құбылыстың көлем мөлшері алынады. Сондықтан салыстыруга берілген статистикалық мәліметтерді бейнелеу үшін алдымен саңдық көрсеткіштердің шаршы түбірден шығатын мәнін тауып алуымыз қажет.

Шеңберлі диаграмма. Негізгі біркелкі берілген нақты шаманың өзара қарым-қатынасын шеңбер көлемі арқылы бейнелеуді шеңберлі диаграмма дейміз,

Секторлық диаграмма. Мұнда берілген мәліметтер шеңбер арқылы көрсетіледі, яғни құрылымньң салыстырмалы көрсеткіштері жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді. Ол үшін сызылған шеңбердіц 360 градусын 100 процентке тең деп аламыз (I проценті 3,6 градусқа тең).

Сызықтық диаграмма. Диаграммалардың іішндегі ең жиі кездесетіні - сызықтық диаграмма. Осы түр динамикалық қатарларды немесе өзара байланысты көрсеткіштерін көрнекті бейне арқылы көрсету үшін қолданылады.

Сызықтық диаграмманың басқа түрлерімен салыстырғанда ар-тықшылығы мынада: көрсетілген динамикалық қатардын, көрсеткіштері үзіліссіз сызық түрінде көрсетіледі. Сондықтан мұны құру үшін тік бұрыштың координаты қолданылады, яғни графиктің абсцисса өсіне уақыт мерзімі, ал координата өсіне динамикалық қатардың көрсеткіштері орналастырылады.

4. Картограмма немесе статистакалық картадеп, кестеде көрсетілген көрсеткіштер жиынтықтарын көрнекті түрде әр түрлі белгілері арқылы жеке бейнелеуді, яғни экономикалық-географиялық бірліктері (ауыл, аудан, облыс, мемлекет) бойынша құбылыстарды, процестерді, өзгерістерді түрлі-түсті бояулар контурлы картада көрсету жолдарын айтады. Графикалық әдістің бұл түрі бір шаршы километрге келетін халықтың орташа тығыздығын сипаттау үшін қолданылады.

Картограмма құрылыстық мәніне, қолданылуына қарай бедерлі және нүктелі больш екі түрге бөлшеді Осының ішіндегі жиі қолданылатыны — бедерлі түрі оны кейбір жағдайларда белгілі бір фон үстіндегі бедер деп те атайды. Картограмманың бұл түрі берілген көрсеткіштердің мәліметтердің арасьнда өзара айырмашылықтар болған жағдайда қолданылады, яғни сол өзгерістерді түрлі-түсті бояулар арқылы жеке суреттейді. Кейде бояулардың орнына түрлі (штрихты) сызықтар сызу аркылы да көрсетіледі. Бірақ көрсеткіштің мөлшері артқан сайын бояумен сызықтар қоюлана түседі.

Картодиаграмма географиялық контурлы картаға әр түрлі белгілер арқылы диаграммалар түсіру деген ұғымды білдіреді. Түсірілген бейнелеріне байланысты картодиаграмма бағаналы, тік бұрышты, шаршылы және шеңберлі болып төртке бөлінеді. Бірақ сандық көрсеткіштеріне байланысты көрсетілген түрлі белгілеріміздің көлемдері өзгеріп отырады.

Картограмма мен картодиаграммада да өздеріне тән кемшіліктер кездеседі. Олардың кемішліктері - жеке бөлік ішіндегі сол кездегі айырмашылықтар мен динамикалықтерді нақты көрсете алмауы. Соған карамастан статистикалық мәліметтердің графикалық бейнесін көрсету үшін жиі қолданылады.

Қорытынды:

Статистикалық кестелер мәліметтерді нақты және ыңғайлы жинақтаудың негізі болып табылады. Сондықтан оның ерекшелігі мен түрлерін білу тақырыптың қорытынды түйіні болып табылады. Графиктік әдіс және оның кең тараған түрлері диаграммаларды және картодиаграммаларды қолдану арқылы қызықты талдау және қорытынды жасай аламыз.

 

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында статистикалық зерттеудің екінші және үшінші кезеңін байланыстыратын кестелер және графиктік әдіске аса назар аудару қажет. Кестелер, диаграммалар және картодиграммалардың түрлерінің ерекшеліктерін жете білу керек. Олардың әрқайсысын нақты білу үшін, әдебиеттердегі осы тақырыптарды салыстырып оқу қажет.

 

Негізгі әдебиеттер:

1.Громыко Г.Л. «Статистика». Издательство МГУ, 1976

2.Гольдберг А.М., Козлов В.С. «Общая теория статистики». М. 1997

3.Елисеева И.И., Юзбашев М.М. «Общая теория статистики». М. Финансы и статистика, 1996

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Ефимов М.Е., Рябцев В.М. «Общая теория статистики». М. 1991

2.Левин А.Е. «Статистика». М. 1984

3.Рябушкин Т.В., Ефремов М.Р. «Общая теория статистики». М. 1981

4.Сураганова С.К. «Общая теория статистики». Астана. 1998

5.Шмойлова Р.А. «Практикум по теории статистики». М. Финансы и статистика, 2000

6.Ызғарбек Әміре-ұлы «Статистиканың жалпы теориясы». Алматы. Экономика, 1998

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Статистика

Л Н Гумилев атында ы Еуразия лтты университеті... Кафедра Есеп аудит ж не талдау...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Дәрістің конспектісі

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Астана 2012
    Оқу-әдістемелік құралын құрастырған ________________э.ғ.к.,доцент Қайранбеков Б.О.   &nb

Силлабус
«Статистика» пәні бойынша экономика мамандықтарының екінші курс студенттеріне арналған(5В050600-Экономика, 5В050900- Қаржы 5В0

Оқу пәнінің сипаттамасы
  5.1. Оқу пәнінің бағыты: Статистиканың жалпы теориясы ол статистиканың жалпы принциптері мен әдістерін қарастырады; &

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
6.1.Негізгі әдебиеттер 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 2.«Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитет туралы» 

Білімді бақылау
Аудиториялық сабақтар кезінде ағымдық бақылау, семестр барысында екі аралық бақылау жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, БОӨЖ мен Б&#

Оқу пәнінің талаптары
Оқу пәні экономикалық мамандықтар бойынша оқытылатын студенттер үшін міндетті болып табылады. Талап етіледі: дәріс және семинар сабақт

Глоссарий
Статистика- заттың, нәрсенің, құбылыстың жай-күйі деген мағынаны білдіреді. Статистикалық жиынтық бірлі

Статистика пәні және оны зертеу әдістері
Шолу дәрісінің сұрақтары: 1.1Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері 1.2 Статистика пәні жә

Шолу дәрісінің конспектісі
1.Қазіргі кезде «статистика» деген сөзді естімедім, білмедім деңтін адам сирек болар. Солай дең тұрсақ та, кеңбіреулер «статистиканы» еш&#

Орытынды
Статистика дегенде алғашында мемлекеттiң экономикалық және саяси жағдайын сандар мен ұғымдар көмегiмен сипаттау тәртiбi жөнiндегi Ғ

Статистикалық бақылау
Белсенді дәріс сұрақтары: 2.1 Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның негізгі мақсаттары 2.2 Статисти

Белсенді дәрістің конспектісі
1.Жоғарыдағы 1-тарауда көрсетілгендең, статистика тәжірибесінде жүргізілетін әр түрлі зерттеу жұмыстары өздерінің

Орытынды
Статистикалық бақылаустатистикалық зерттеудiң алғашқы сатысы болып табылады.. Статистикалық бақылаудың үш сатысы бар: 1) баu

Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау
Пробдемалық дәрістің сұрақтары: 1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы жалпы ұғым 2. Статистика

Проблемалық дәрістің конспектісі
1.Статистистикада зерттеу жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: Ø статистикалық бақылау Ø статистикалық мәл

Орташа шамалар және өзгерменің көрсеткіштері
Дәріс сұрақтары: 1.Орташа шаманың мәні және қолданылу шарттары. 2.Арифметикалық және үйлесімдік орташа

Дәрістің конспектісі
1. Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді дұрыс өңдеп, жинақтаудың әлеуметтік-экономикал

Нақты және қатысты шамалар
Дәрістің сұрақтары: 1. Нақты шамалардың мәні мен маңызы, түрлері және өлшем бірліктері. 2. u

Дәрістің конспектісі
1.Статистикада қорытындылаушы көрсеткіштер өзінің сандық мәніне қарай нақты, қатысты және орташа шамалар арқылы бе

Статистикалық кестелер, графиктер және диаграммалар.
Дәрістің сұрақтары: 1.Статистикалық кесте құрастыру ережелері, түрлері. 2. Графиктік әдіс және оны

Индекстер
Дәрістің сұрақтары: 1.Индекстер туралы жалпы түсінік, оның түрлері және мәні мен маңызы. 2.Дара ж|

Дәрістің конспектісі
1. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасау кезінде нақты, қатысты, орташа шамалар немесе коэфицие

Орытынды
Тақырыпты қорытындылайтын болсақ, жоғарыда көрсетілген индекстер және оның түрлері статистикалық есеп жүгізу кезінде маңызды орын&#

Дәріске әдістемелік нұсқау
Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында статистикалық зерттеудің үшінші кезеңінде қолданылатын индекстердің түрлерінің ма&

Динамикалық қатарлар
Дәрістің сұрақтары: 1.Динамикалық қатарлар туралы түсінік, оның түрлері, мәні мен маңызы. 2.Дина

Дәрістің конспектісі
1. Қоғамдық құбылыстар мен процестер әрқашанда дам үстінде болады,сол себепті әрдайым өзгеріп отырады. Мысалы, халыu

Орытынды
Тақырыпты қорытындылайтын болсақ, жоғарыда көрсетілген динамикалық қатарлар статистикалық есеп жргізу кезінде маңызды орынға ие болады. Д

Дәріске әдістемелік нұсқау
Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында статистикалық зерттеудің үшінші кезеңінде қолданылатын динамикалық қатардың тw

Леуметтік – экономикалық статистика пәні, маңызы және басқа ғылымдармен байланыстылығы
Дәрістің сұрақтары: 1. Әлеуметтік–экономикалық статистика пәні, объектілері және әдістері. 2. Әлеуметт

Дәрістің конспектісі
1. Әлеуметтік-экономикалық статистика – қоғамдық құбылыстар мен процестердің көрсеткіштерін сандық негізінде сипаттайтын

Орытынды
Тақырыпты қорытындылайтын болсақ, әлеуметтік–экономикалық статистика, статистиканың маңызды бір бөлімі болып табылады. Әлеуметтік–экономикалы&#

Дәріске әдістемелік нұсқау
Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында әлеуметтік–экономикалық статистиканың мәнін, әдістерінің ерекшеліктерін, зерттеу зерзатыны

Халық және еңбек ресурстарының статистикасы.
Дәрістің сұрақтары: 1.Халық саны статистикасының негізгі міндеттері. Халық саны мен құрамы. 2.Еңбек ре

Дәрістің конспектісі
1. Халық саны – белгілі бір аймақта тұратын және сандық өлшенген жиынтығы. Бұл өлшем туу мен өлуге сондай-ақ айма&

Орытынды
Тақырыпты қорытындылайтын болсақ, халық саны мен оның құрылымы, еңбекке жарамды халық және еңбек ресурстарының көрсеткі

Дәріске әдістемелік нұсқау
Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында халық санының құрамы мен құрылымын, еңбек ресурстарының көрсеткіштерін, е

Лттық байлық статистикасы
Проблемалық дәрістің сұрақтары: 1.Ұлттық байлықтың құрамы, зерттеудің міндеттері, көрсеткіште

Проблемалық дәрістің конспектісі
1. Мемлекеттің әлеуметтік-эономикалық потенциалын, күшін айқындайтын көрсеткіші болып ұлттық байлық есептеледі. Ұлтты

Орытынды
Тақырыпты қорытындылайтын болсақ, ұлттық байлық, оның көрсеткіштері, түрлері, жіктелінуі, оларды статистикалық зерттеудің міндеттер

Дәріске әдістемелік нұсқау
Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында ұлттық байлықтың, негізгі капиталдың түрлерін, олардың мәнін, ерекшеліктерін, ма&#

Шығын және аралық тұтыну статистикасы
Дәрістің сұрақтары: 1.Өнім өндіру, өндірістегі шығындар статистикасы және оның міндеттері. 2.Өні

Дәрістің конспектісі
1.Экономикалық циклға экономикалық активтерді қолдану және тірі еңбек шығындары қажет, ал осыдан өнімнің айналымын ж

Дәріске әдістемелік нұсқау
Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында шығын және аралық тұтыну статистикасының мәнін, ерекшеліктерін, маңыздылығын, бас&

Баға статистикасы
Проблемалық дәрістің сұрақтары: 1.Бағаның ұғымы, оның деңгейін, құрамын, динамикасын талдау.

Проблемалық дәрістің конспектісі
1. Баға-бұл көп функционалдық экономикалық құбылыс және нарық категориясының бастамасы. Бағаның өзгеру

Орытынды
Тақырыпты қорытындылайтын болсақ, баға статистикасы, оның деңгейін, құрамын, динамикасын талдауды, тұтыну бағасы, оның сауда ба

Дәріске әдістемелік нұсқау
Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында баға статистикасының, сауда бағасының, тұтыну бағасының мәнін, ерекшеліктерін, ма&

Жалпы ішкі өнімнің тауарлы және ақшалай айналымының статистикасы
Проблемалық дәрістің сұрақтары: 1.Тауар айналысы статистикалық зерттеу зерзаты. 2.Тауар айналысының көрсеткіштер ж

Дәрістің конспектісі
1. Тауар айналымы статистикасының мәні жаппай экономикалық-әлеуметтік қоғамның тауар айналымында болып жатқан өзгерістер мен т

Орытынды
Тақырыпты қорытындылайтын болсақ, тауар айналысының статистикасы, оның көрсеткіштері жүйесі, уақыт және жылдамдық көрсеткіштері, ай

Дәріске әдістемелік нұсқау
Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында жалпы ішкі өнімнің тауарлы және ақшалай айналымының статистикасының мәнін, ерекшеліктері

Тауар өндіру және қызмет көрсету нәтижесінің статистикасы
Дәрістің сұрақтары: 1.Өндірілген өнімнің құндық және заттай көрсеткіштерінің статистикасы.

Дәрістің конспектісі
1.Экономикалық кезеңде көптеген еңбек шығыны экономикалық активтерді қолдану керек, осыдан алынған өнім белглі бола бастайды.

Орытынды
Тақырыпты қорытындылайтын болсақ, тауар өндіру және қызмет көрсету нәтижесінің статистикасы, оның деңгейін, құрамын, ди

Дәріске әдістемелік нұсқау
Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында баға статистикасының, сауда бағасының, тұтыну бағасының мәнін, ерекшеліктерін, ма&

Оқулықтар
1.Теория статистики. Под ред. Р.А.Шмойловой. — М., Финансы и статистика, 2004. 2.Теория статистики. Под ред. Г.Л.Громыко. — М., ИНФРА, 2002. 3.И.И.Елисеева, М.М.Юзбашев. Общая тео

Есептер жинағы
1. Практикум по теории статистики. Под ред. Р.А.Шмойловой. — М., Финансы и статистика, 2000. 2.Шмойлова Р.А. «Практикум по теории статистики». М. Финансы и статистика, 2004 3.Ыз&#

Статистика пәні және оны зертеу әдістері
Бақылауға және талқылауға арналған сұрақтар: 1. Статистика терминi қайдан шыққан және ол ненi бiлдiредi? 2.

Статистикалық бақылау
Бақылау мен талқылауға арналған сұрақтар: 1. Бақылаудың мақсаты мен мiндеттерi дегенде ненi түсiнемiз? 2. Бақылау

Статистикалық мәліметтерді топтастыру
Бақылау мен талқылауға арналған сұрақтар: 1.Статистикалық топтастыру дегенде ненi түсiнемiз, оның қандай маңызы бар?

Орташа шамалар және өзгерменің көрсеткіштері.
  Бақылау мен талқылауға арналған сұрақтар: 1.Орташа шаманың мәні мен маңызы және оның негізгі қасиетт

Нақты және қатысты шамалар
  Бақылау мен талқылауға арналған сұрақтар: 1.Нақты шама, оның мәні мен маңызы, түрлері, өлшем бірлікт

Статистикалық кестелер, графиктер және диаграммалар.
Бақылау мен талқылауға арналған сұрақтар: 1.Статистикалық кесте құрастыру ережелері мен оның негізгі бөлшектеріне сипаттам

Индекстер
Бақылау мен талқылауға арналған сұрақтар: 1.Индекс туралы түсінік және ол арқылы қандай мәселелерді шешуге болады?

Динамикалық қатарлар
  Бақылау мен талқылауға арналған сұрақтар: 1.Динамикалық қатарлар туралы түсінік, оның түрлері және м

Леуметтік – экономикалық статистика пәні, маңызы және басқа ғылымдармен байланыстылығы
  Бақылау мен талқылауға арналған сұрақтар: 1.Әлеуметтік-экономикалық статистика пәні нені зерттейді? 2.Ә

Халық және еңбек ресурстарының статистикасы
Бақылау мен талқылауға арналған сұрақтар: 1.«Халық», «еңбек ресурстары» ұғымдары нені білдіреді? 2.«Тұрақты

Лттық байлық статистикасы
  Бақылау мен талқылауға арналған сұрақтар: 1.Ұлттық байлық анықтамасы. 2.Ұлттық байлық

Шығын және аралық тұтыну статистикасы
  Бақылау мен талқылауға арналған сұрақтар: 1.Шығындарға түсініктеме беріңіз? 2.Шығындардың &

Баға статистикасы
Бақылау мен талқылауға арналған сұрақтар: 1.ҰЕЖ-де қолданылатын бағаларды, олардың құрамын атаңыз. 2.

Жалпы ішкі өнімнің тауарлы және ақшалай айналымының статистикасы.
  Бақылау мен талқылауға арналған сұрақтар: 1.Тауар айналысы статистикасының негізгі көрсеткіштерін атаңыз 2.Та

Тауар өндіру және қызмет көрсету нәтижесінің статистикасы.
  Бақылау мен талқылауға арналған сұрақтар: 1.Өндірілген өнімнің құндық және заттай көрсет

БӨЖ арналған тапсырма мен әдістемелік нұсқау
БӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған білімді кеңейту нақты шамалар мен қатысты шамалардың маңыздылығын, олардың түрлер

БӨЖ арналған тапсырма мен әдістемелік нұсқау
БӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған білімді кеңейту нақты шамалар мен қатысты шамалардың маңыздылығын, олардың түрлер

БӨЖ арналған тапсырма мен әдістемелік нұсқау
БӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған білімді кеңейту және тереңдету, индекстердің маңыздылығын, олардың түрлерініv

БОӨЖ арналған тапсырма мен әдістемелік нұсқау
БОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекіту. БОӨЖ -арналған бақылау ж&#

БӨЖ арналған тапсырма мен әдістемелік нұсқау
БӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған білімді кеңейту, өзгерменің көрсеткіштерінің маңыздылығын, олардың түрлерін

БӨЖ арналған тапсырма мен әдістемелік нұсқау
БӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған білімді кеңейту және тереңдету, әлеуметтік – экономикалық статистиканың маңыздылығ

БӨЖ арналған тапсырма мен әдістемелік нұсқау
БӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған білімді кеңейту және тереңдету, халық саны және еңбек ресурстарының маңыздылы

БӨЖ арналған тапсырма мен әдістемелік нұсқау
БӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған білімді кеңейту және тереңдету, ұлттық байлықтың маңыздылығын, ол туралы м&

БӨЖ арналған тапсырма мен әдістемелік нұсқау
БӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған білімді кеңейту және тереңдету, шығын және аралық тұтыну статистикасының маң

БӨЖ арналған тапсырма мен әдістемелік нұсқау
БӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған білімді кеңейту және тереңдету, баға статистикасының маңыздылығын, ол туралы мәлі

БӨЖ арналған тапсырма мен әдістемелік нұсқау
БӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған білімді кеңейту және тереңдету, тауар және ақшалай айналым статистикасының маңыздылы

БӨЖ арналған тапсырма мен әдістемелік нұсқау
БӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған білімді кеңейту және тереңдету, тауар өндіру, қызмет көрсету нәтижесінің статисти

Семинар, практикалық және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары
1.Белсенеді сабақта талқылауға арналған сұрақтар: 1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.

Семинар сабақтарына дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар
Семинар сабақтарында қарастырылған сұрақтармен танысып, дәрістің конспектлерімен байланыстыра отырып оларды көретілген әдебиеттер тізімі бойынш

Семинар сабақтарына дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар
Семинар сабақтарында қарастырылған сұрақтармен танысып, дәрістің конспектлерімен байланыстыра отырып оларды көретілген әдебиеттер тізімі бойынш

Семинар сабақтарына дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар
Семинар сабақтарында қарастырылған сұрақтармен танысып, дәрістің конспектлерімен байланыстыра отырып оларды көретілген әдебиеттер тізімі бойынш

Практикалық семинар сабағына дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар
Семинар сабақтарында қарастырылған сұрақтармен танысып, дәрістің конспектлерімен байланыстыра отырып оларды көретілген әдебиеттер тізімі бойынш

Статистикалық кестелер, графиктер, диаграммалар, картограммалар және картодиаграммалар
Практикалық семинар сабағында талқылауға арналған сұрақтар: 1. Статистикалық кесте туралы жалпы түсінік. 2.

Индекстер
Семинар сабақтарында талқылауға арналған сұрақтар: 1. Индекстер туралы жалпы түсінік, оның түрлері және мә

Динамикалық қатарлар
Практикалық семинар сабағында талқылауға арналған сұрақтар: 1. Өсіңкілік қатарлар туралы түсінік, оны

Леуметтік – экономикалық статистика пәні, маңызы және басқа ғылымдармен байланыстылығы
Семинар сабақтарында талқылауға арналған сұрақтар: Әлеуметтік – экономикалық статистика пәнінің маң

Практикалық семинар сабағына дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар
Семинар сабақтарында қарастырылған сұрақтармен танысып, дәрістің конспектлерімен байланыстыра отырып оларды көретілген әдебиеттер тізімі бойынш

Лттық байлық статистикасы
Семинар сабақтарында талқылауға арналған сұрақтар: 1. Ұлттық байлықтың құрамы және оны зертте

Шығын және аралық тұтыну статистикасы
Семинар сабақтарында талқылауға арналған сұрақтар: 1. Өнім өндіру, өндірістегі шығындар статистикасы және

Баға статистикасы
  Семинар сабақтарында талқылауға арналған сұрақтар: 1. Баға ұғымы, ҰШЖ де қолданылатын ба&

Жалпы ішкі өнімнің тауарлы және ақшалай айналымының статистикасы.
Семинар сабақтарында талқылауға арналған сұрақтар: Семинардың мақсаты: Тауар және ақшалай айналым статис

Тауар өндіру және қызмет көрсету нәтижесінің статистикасы.
Семинар сабақтарында талқылауға арналған сұрақтар: 1. Өндірілген өнімнің құндық және заттай к

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
1. Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері. Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест с

Статистикалық бақылау
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1. Статистикалық бақылау ол: А) Бағдарлам

Статистикалық мәліметтерді топтастыру
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1. Сатистикалық мәлеметтерді жинақтаудың нег

Орташа шамалар және өзгерменің көрсеткіштері
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1.Орташа шама дегеніміз: А) Біртектес жиынтықты белгі

Нақты және қатысты шамалар.
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1.Статистикалық нақты шамалар дегеніміз не: А)

Статистикалық кестелер, графиктер және диаграммалар
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1. Сатистикалық кесте дегеніміз не: А) Сызықтар

Индекстер
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1. Индекс дегеніміз не: А) Көрсеткіш, белгі, тізім.

Динамикалық қатарлар
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1. Динамикалық (динамика) қатарлар дегеніміз: А

Леуметтік – экономикалық статистиканың ғылыми негіздері
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1. Әлеуметтік-экономикалық статистика (ӘЭС) бx

Халық және еңбек ресурстарының статистикасы.
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1. Халық статистикасы ол: А) Халық санағы

Лттық байлық статистикасы
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1. Ұлттық байлық дегеніміз не. А) Санды&#

Шығын және аралық тұтыну статистикасы
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1. Кәсіпорын дегеніміз: А) Кәсіпорын - өз

Баға статистикасы.
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1. Баға бұл: А) Облигация. В) Актив.

Жалпы ішкі өнімнің тауарлы және ақшалай айналымының статистикасы.
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1. Тауар ол: А) Облигация. В) Акция. С) А

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги