Дәрістің конспектісі

1.Статистикалық кесте дегеніміз - сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану. Статистикалық кестенің екі элементі: бастауышы мен баяндауышы бар. Бастауыш дегеніміз - зерттелетін объектіні, сандарды суреттейтін статистакалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Бастауыш кестенің сол жағына орналасады және жолдардың мағынасы ретінде беріледі. Баяндауыш дегеніміз — зерттеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштермен сипатталуы немесе толық мазмұндалуы. Баяндауыш кестенің оң жағына орналасады және бағаналардың аты ретінде беріледі.

Кесте құрастырудың негізгі ережелері бар: кестенің жоғарғы жағында оны нақты аты жазылып, бастауыш пен баяндауышын дұрыс жазып толтыру, яғни сөздерін толық беру қажет. Бірақ, жолдарда, бағаналарда көрсетілген, көрсеткіштердің қай уақытта, қай жерден алынғаны, өлшем бірліктері көрсетілуі тиіс. Егер өлшем бірліктерін жазғанда, бір өлшемнің ғана аты берiлген болса, онда оны кестенiң жоғарғы жағына атынан кейін жазуға болады, ал өлшем бірліктері р түрлі болатын болса, онда оларды кестенің бастауышынан кейін бөлек бір бағана етіп көрсету қажет.

Кейбір жағдайларда кестенің бағаналары көп болатын болса, онда бастауышты әріппен, ал баяндауышты санмен көрсетеді. Еске сала кететін бір жай, кестенiң бастауышы мен баяндауышы ете көп болып берiлмеуі керек. Себебі, кестенiң көлемі неғұрлым көп болатын болса, соғұрлым оның оқылуы қиындап, дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, керекті көрсеткіштерді жеке кесте арқылы көрсетуге тырысқан жөн.

Кестеде есептелінген мәліметтер берілген болса, онда түсіндірме, ал ерекшелігі бар көрсеткіштер үшін қайдан алынғаны туралы сілтеме, ескертпе берілуі тиіс.

Бастауштың құрылысына қарай статистикалық кестелер жай, топтық және күрделі болып үш түрге бөлінеді

Жай кесте. Бастауыш бір ғана белгі арқылы бөлініп, процестер, қүбылыстар, объектілер аттары көрсетілсе, ондай кестені статистикалық жай кесте дейміз, Жай кестенің үш түрі болады. Олар: тізімдік, территориялық және хронологиялык (мезгілдік).

Тізімдік жай кесте бастауышында зерттелетін объектінің тізімі беріледі. Кесте бастауышында зерттелетін аймақтың (ауданның, облыстың) тізімі берілген болса, онда оны аймақтық жай кесте деп атайды. Кесте бастауышында уақыт мерзімі (жыл, тоқсан, ай, күн), ал баяндауышында сапдық көрсеткіштер берілетін болса, онда оны хронологиялық жай кесте деп атаймыз

Көп жағдайда уақыт мерзімі кестенің бастауышында емес, баяндауышында керсетілетін болса, онда ол хронологиялық жай кесте болмайды. Мысалы, кесте бастауышында облыстардың немесе аудандардың аттары, ал баяндауышында уақыт мерзімі бойынша көрсеткіштері көрсетілген болса, оңда ол хронологиялық тізімді кесте дейміз. Демек, жоғарыда көрсетілген жай кестелердің өзі көптеген қызықты мәліметтер беріп, белгілі бір қорытынды жасауға тікелей көмегін тигізеді.

Топтық кесте. Кесте бастауьшы топталған белгінің негізінде қүрылған болса, онда оны топтық кесте дейміз, Яғни топтық кесте берілген көрсеткіштерге топтастыру әдісін қолдану арқылы жасалады.

Құрама кесте. Мұнда кестенің бастауышында келтірілген құбылыстар екі немесе одан көп көрсеткіштер бойынша топталып, ал әр топ өзара тағы да басқа бір белгілері бойьшша жеке бөліктерге бөлінеді. Мысалы, халықтар санын қала және ауыл тұрғындары деп бөлсек, ал оларды білімдері, ұлттары немесе жас құрамдары бойынша тағы да бөлуге болады. Сондықтан, құрама кестенің негізіне құрама (күрделі) топтау жатады.

2.Графикалық әдіс статистикалық кестенің табиғи жалғасы болып саналады, кез-келген кестенің мәліметтерін график түрінде көрсетуге толық болады.

Статистикалық график - берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриалық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы бейнелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.

Графиктің негізгі бөлшектері. Статистикалық графикті геометриялық жазықтықта бейнеленген шартты белгілері дей отырып, әрбір графиктің төмендегідей негізгі бөлшектерін ажырата білуіміз керек: графиктің негізі -геометриялық белгілер, яғни нүктелердің, сызықтардың, фигуралардың көмегімен бейнеленген статистикалық шама жиынтығы; графиктің өрісі - бұл оның кеңістікте бейнесі мен белгілері орналасатын орны; кеңістік бағыты (нысаны), яғни геометриялық белгілердің графиктік өрісі бойынша орналасуын анықтау; масштабтың бағыты, яғни осы белгілердің сандык, өлшем бірліктерін, мөлшерін анықтау; графиктің экспликациясы, яғни графиктің атымен оның жеке бөліктеріне, геометриялық белгілеріне сәйкес сөзбен түсініктеме беру.

Геометрияық белгілердің қолданылуына қарай графиктер нүктелі және сызықты болып екіге бөлінеді. Нүктелі график деп график негізінің жиынтықтары нүкте ретінде, ал сызықтық график деп сызықтардың қолдануына байланысты болатын жол-жолды, төрт бұрышты, шеңбер тәріздес және т.б түрінде берілгендерін, айтамыз, Кейбір кездерде графиктер геометриялық емес фигуралармен (әр түрлі суреттермен; көмескі, бұлдыр кескіндермен) белгіленеді. Мұндай графиктердің түрлерін бейнелі график деп атайды.

Статистикада графиктік әдіс төмендегі келтірілген мәселелерді шешу үшін маңызды:

1) статистикалық кәрсеткіштерді салыстыру;

2) зерттелетін жиынтықтың құрамы мен құрылымын сипаттау;

3) уақыт мерзіміне сәйкес құбылыстағы болған өзгерістердің өсіңкілігін бақылау;

4) кұбылыстардың, өзара байланыстылығын білу;

5) кеңістіктегі орналасуын және таратпалық дәрежесін анықтау үшін маңызды.

3. Графикалық әдістің ішіндегі ең жиі колданылатын және көп тараған түрі. Диаграмма – (diagramma) ~ грек сөзі. Бейне, сурет, сызба деген мағынаны білдіреді.

Бағаналы диаграмма. Бұл - статистикалық көрсеткіштерді өзара салыстыру үшін ең көп қолданылатын диаграмманың жай түрі Мұны құрастыру кезінде әрбір көрсетілген көрсеткіштердің ені бірдей, ал биіктігі сандық мәліметтерге байланысты әр түрлі, бірақ масштабтары біркелкі болып келеді. Бағаналы диаграмманы құру үшін алдымен тік бұрышты жазықтық жүйесінің кординатын сызып алу керек, Содан кейін (шаманың негізін бірдей мөлшерде абцисса өсіне, ал бағананың биіктігін сандық мөлшерге қарай координата өсіне орналастырамыз.

Егер сандық көрсеткіштерді бейнелейтін тік бұрыштағы бағаналарды тігінен емес, көлденеңінен орналастыратын болсақ, ондағы құрылған графигіміз жолды немесе ленталы диаграммаға айналады.

Құрылымды диаграммастатастикалық жиынтықтардың құрамьн салыстыру үшін қолданылады. Құрылымның салыстырмалы көрсеткіштері жалпы жиынтықтың жеке бөлшектерінің үлесін, яғни оның бірнеше бөліктерге бөлінуін көрсетеді. Құрылымды диаграмманың сандық көрсеткіштері нақты түрде және процент есебімен берілуі мумкін.

Шаршылы диаграмма. Кейбір жагдайларда статистикалық сандық көрсеткіштерді салыстыру үшін бейнелеудің шаршылы түрі қолданылады. Оның баганалы немесе жолды диаграммалардан айырмашылыгы сол, мұнда бейнелеуге құбылыстың көлем мөлшері алынады. Сондықтан салыстыруга берілген статистикалық мәліметтерді бейнелеу үшін алдымен саңдық көрсеткіштердің шаршы түбірден шығатын мәнін тауып алуымыз қажет.

Шеңберлі диаграмма. Негізгі біркелкі берілген нақты шаманың өзара қарым-қатынасын шеңбер көлемі арқылы бейнелеуді шеңберлі диаграмма дейміз,

Секторлық диаграмма. Мұнда берілген мәліметтер шеңбер арқылы көрсетіледі, яғни құрылымньң салыстырмалы көрсеткіштері жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді. Ол үшін сызылған шеңбердіц 360 градусын 100 процентке тең деп аламыз (I проценті 3,6 градусқа тең).

Сызықтық диаграмма. Диаграммалардың іішндегі ең жиі кездесетіні - сызықтық диаграмма. Осы түр динамикалық қатарларды немесе өзара байланысты көрсеткіштерін көрнекті бейне арқылы көрсету үшін қолданылады.

Сызықтық диаграмманың басқа түрлерімен салыстырғанда ар-тықшылығы мынада: көрсетілген динамикалық қатардын, көрсеткіштері үзіліссіз сызық түрінде көрсетіледі. Сондықтан мұны құру үшін тік бұрыштың координаты қолданылады, яғни графиктің абсцисса өсіне уақыт мерзімі, ал координата өсіне динамикалық қатардың көрсеткіштері орналастырылады.

4. Картограмма немесе статистакалық картадеп, кестеде көрсетілген көрсеткіштер жиынтықтарын көрнекті түрде әр түрлі белгілері арқылы жеке бейнелеуді, яғни экономикалық-географиялық бірліктері (ауыл, аудан, облыс, мемлекет) бойынша құбылыстарды, процестерді, өзгерістерді түрлі-түсті бояулар контурлы картада көрсету жолдарын айтады. Графикалық әдістің бұл түрі бір шаршы километрге келетін халықтың орташа тығыздығын сипаттау үшін қолданылады.

Картограмма құрылыстық мәніне, қолданылуына қарай бедерлі және нүктелі больш екі түрге бөлшеді Осының ішіндегі жиі қолданылатыны — бедерлі түрі оны кейбір жағдайларда белгілі бір фон үстіндегі бедер деп те атайды. Картограмманың бұл түрі берілген көрсеткіштердің мәліметтердің арасьнда өзара айырмашылықтар болған жағдайда қолданылады, яғни сол өзгерістерді түрлі-түсті бояулар арқылы жеке суреттейді. Кейде бояулардың орнына түрлі (штрихты) сызықтар сызу аркылы да көрсетіледі. Бірақ көрсеткіштің мөлшері артқан сайын бояумен сызықтар қоюлана түседі.

Картодиаграмма географиялық контурлы картаға әр түрлі белгілер арқылы диаграммалар түсіру деген ұғымды білдіреді. Түсірілген бейнелеріне байланысты картодиаграмма бағаналы, тік бұрышты, шаршылы және шеңберлі болып төртке бөлінеді. Бірақ сандық көрсеткіштеріне байланысты көрсетілген түрлі белгілеріміздің көлемдері өзгеріп отырады.

Картограмма мен картодиаграммада да өздеріне тән кемшіліктер кездеседі. Олардың кемішліктері - жеке бөлік ішіндегі сол кездегі айырмашылықтар мен динамикалықтерді нақты көрсете алмауы. Соған карамастан статистикалық мәліметтердің графикалық бейнесін көрсету үшін жиі қолданылады.

Қорытынды:

Статистикалық кестелер мәліметтерді нақты және ыңғайлы жинақтаудың негізі болып табылады. Сондықтан оның ерекшелігі мен түрлерін білу тақырыптың қорытынды түйіні болып табылады. Графиктік әдіс және оның кең тараған түрлері диаграммаларды және картодиаграммаларды қолдану арқылы қызықты талдау және қорытынды жасай аламыз.

 

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында статистикалық зерттеудің екінші және үшінші кезеңін байланыстыратын кестелер және графиктік әдіске аса назар аудару қажет. Кестелер, диаграммалар және картодиграммалардың түрлерінің ерекшеліктерін жете білу керек. Олардың әрқайсысын нақты білу үшін, әдебиеттердегі осы тақырыптарды салыстырып оқу қажет.

 

Негізгі әдебиеттер:

1.Громыко Г.Л. «Статистика». Издательство МГУ, 1976

2.Гольдберг А.М., Козлов В.С. «Общая теория статистики». М. 1997

3.Елисеева И.И., Юзбашев М.М. «Общая теория статистики». М. Финансы и статистика, 1996

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Ефимов М.Е., Рябцев В.М. «Общая теория статистики». М. 1991

2.Левин А.Е. «Статистика». М. 1984

3.Рябушкин Т.В., Ефремов М.Р. «Общая теория статистики». М. 1981

4.Сураганова С.К. «Общая теория статистики». Астана. 1998

5.Шмойлова Р.А. «Практикум по теории статистики». М. Финансы и статистика, 2000

6.Ызғарбек Әміре-ұлы «Статистиканың жалпы теориясы». Алматы. Экономика, 1998