Дәрістің конспектісі

1. Қоғамдық құбылыстар мен процестер әрқашанда дам үстінде болады,сол себепті әрдайым өзгеріп отырады. Мысалы, халықтың саны мен оның құрамы,өндірілген өнім көлемі, еңбек өнімділігі, орташа еңбекақы мөлшері және т.б. көрсеткіштер уақытқа байланысты өзгермелі болады.

Динамикалық қатарлар деп статистикалық көрсіткіштердің, яғни құбылыстардың, процестердің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандық мәндер тізбегін айтады. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін зерттеуде статистикалық динамикалық қатардың атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі, осы көрсеткіштер арқылы қоғам өміріндегі құбылыстардың даму,өзгеру процесін талдауға, санауға және негізгі бір қорытынды жасауға болады. Сонымен, статистика органдарында және мемлекетіміздің басқару орындарына динамикалық қатарлар көрсеткіштері кеңінен қолданылады және даму немесе кему процестерінің заңдылығы толығымен зерттеледі.

Динамикалық қатарлар негізгі екі бөліктен тұрады. Біріншісі – қатардың дәрежесі, екіншісі – уақыт көрсеткіші, белгісі.

Қоғамдық құбылыстар мен процестердің шамасын, мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштің белгілі уақыттағы әрбір сандық мәнін қатардың дәрежесі деп атайды.

Құбылыстар мен процестер болып өткен уақытының мерзіміне қарай, динамикалық қатарлар бір мезгілді және уақыт аралықты болып екіге бөлінеді.

Бір мезгілді динамикалық қатардың нақты сандық шамалары құбылыстың белгілі бір сәттегі, яғни тәуліктің, айдың, жылдың басында немесе аяғында болған жағдайын сипаттайды.

Уақыт аралықты динамикалық қатарлар деп құбылыс мөлшерінің белгілі бір уақыт (тәулік, ай, тоқсан және жыл) ішінде қандай шамада болғанын сипаттайтын көрсеткіштерді айтады.

Динамикалық қатарлар уақыт мерзіміне және онда көрсетілген көрсеткіштерге байланысты толық және толық емес болып екіге бөлінеді.

Экономикалық құбылыстардың өзгеру процестерін зерттеу, талдау және есептеу кезінде бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер нақтыабсолютті,қатысты және орташа шамалармен сипатталады.

Осыған орай динамикалық қатарлар нақты абсолютті, қатысты және орташа шамалар болып үшке бөлінеді.

2.Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өсіңкілігін зерттеу, талдау барысында бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Олардың көпшілігі нақты немесе қатысты шамамен беріледі және осы көрсеткіштер арқылы белгілі бір ақыт аралығында болған жағдайларға қорытынды жасауға болады.

Статистикада динамикалық қатарлар көрсеткіштерін есептеуде мынадай негізгі түрлері қолданылады: нақты(абсолютті) өсім ,өсу қарқыны, өсім қарқыны, бір процент өсімнің нақты (абсолютті) мәні. Бұлардың барлығын есептеу динамикалық қатардағы көрсеткіш дәрежелерін бір-бірімен салыстыру нәтижесінде негізделген. Осыған орай салыстырылатын уақыттың дәрежесін ағымдағы деп, ал онымен салыстырылатын уақыттың дәрежесін базалық деп атайды. Динамикалық қатардың көрсеткіштерін екі тәсілмен есептеуге болады. Біріншіден, ағымдағы қатардың әрбір дәрежесін оның алдындағы уақыттағы шамасымен салыстырған болса, онда динамикалықтің көрсеткіштері тізбектелген тәсілмен есептелінген болып саналады. Екіншіден, әрбір қатардың мәнін белгілі бір тұрақты базалық уақыттың шамасымен салыстырсақ, онда оны тұрақты тәсілмен есептелінген деп атайды.

Нақты өсім.Бұл динамикалық қатардың жай түрі болып саналады. Мұнда динамикалық қатарда көрсетілген көрсеткіштер дәрежелерінің белгілі бір уақыт аралығындағы нақты өсу мен кему жылдамдығының мөлшерін анықтау үшін есептеледі. Нақты өсімнің шамасы салыстырылып отырған көрсеткіш дәрежелерінің айырмасына тең болады және оның мәні оң не теріс шамаға немесе нөлге тең болуы да мүмкін.

Егер әр уақыттың дәрежесінен белгілі бір тұрақты базалық уақыттың дәрежесін шегеретін болсақ, онда нақты өсім тұрақты тәсілмен есептелінеді. Ал ол мына формула бойынша табылады:

мұнда - тұрақты базалық уақыттың дәрежесі

- ағымдағы уақыттың дәрежесі

- ағымдағы уақыттың дәрежесі

і- қатардың реттік нөмірі

Егер уақыттың дәрежесінен өзінің алдында тұрған уақытдәрежесін шегеретін болсақ,онда тізбекті тәсілмен есептелген нақты өсім анықталады және мына формуламен анықталады:

мұнда - ағымдағы уақыттың дәрежесі

- ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі

Сонымен нақты өсім өсіңілік қатарлар дәрежесінің әрбір кейінгі уақыттың алдыңғы уақыттан сандық шамасы бойынша қаншаға азайғанын немесе көбейгенін көрсетеді.

Динамикалық дәрежелерін зерттеу кезінде нақты өсімнен басқа қорытындылаушы көрсеткіш ретінде , яғни қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеру жылдамдығын сипаттайтын салыстырмалы шамалар да қолданылады. Оған жататындар: өсу қарқыны мен өсім қарқыны.

Өсу қарқыны. Бұл көрсеткіш әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің алдыңғы уақыт дәрежесімен салыстырғанда қаншаға көп, не аз екенін сипаттайды, яғни осы екі уақыт көрсеткіштерінің бір-біріне қатысты шамасы арқылы есептелінеді. Өсу қарқыны коэффициентпен немесе процентпен өлшенеді.

Нақты өсім сияқты өсу қарқыны да тұрақты және тізбектелген тәсілмен есептеледі. Егер динамикалық қатардағы әрбір уақыт дәрежесін тұрақты бір базалық уақыт дәрежесіне бөлетін болсақ, онда оны тұрақты өсу қарқынының коэффициенті деп атайды және ол мынадай формула арқылы есептеледі:

мұнда өсу қарқынының коэффициенті;

тұрақты базалық уақытының дәрежесі;

ағымдағы уақыттың дәрежесі.

Егер қатардың әрбір уақыттағы дәрежесінің өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесіне бөлетін болсақ, онда өсу қарқынының коэффициенті тізбектелген тәсілмен есептелген болып саналады және мына формула бойынша есептеледі:

мұнда ағымдағы уақыттың дәрежесі;

ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.

Өсім қарқыны. Динамикалық қатардың бұл көрсеткіші нақты өсімнің салыстырмалы шамасын көрсетеді. Бұл көрсеткіш коэффициент пен процент өлшемдерімен өлщенеді және оны анықтау үшін нақты өсімнің шамасын базалық ретінде алынған уақыт дәрежесіне бөлу керек. Бұл көрсеткіштер те екі тәсілмен есептелінеді. Егер өсім қарқыны тұрақты базалық уақыт дәрежесі арқылы есептелсе, онда оны тұрақты өсім қарқыны, ал егер базалық уақыт дәрежесі өзгермелі болса, онда оны тізбетелген өсім қарқыны деп атайды. Өсім қарқыны есептеу үшін төмендегі формулалар қолданылады:

- тұрақты тәсіл;

- тізбектелген тәсіл,

мұнда - өсім қарқыны;

- нақты өсім,

- тұрақты базалық өсім,

- ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.

Егер өсу қарқынының көрсеткіштері есептелініп берілген болса, онда өсім қарқынын анықтау және жұмыс көлемін азайтып, есептеуді жеңілдету үшін өсу қарқынынан 1 немесе 100 шегеру арқылы да табуға болады. Ол мына формула арқылы жүзеге асады:

немесе Ө,

мұнда - өсу қарқыны(коэффициент есебімен);

Ө- өсу қарқыны (процент есебімен);

Бір процент өсімнің нақты мәні. Бұл көрсеткіштің экономикада атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі мұнда өсімнің әрбір процентінің нақты мәні қаншаға және қалай өзгергені көрсетіледі. Оны есептеу үшін әр уақыттағы нақты өсімнің шамасын, сол кездегі өсім қарқынына бөледі және оның мәні тізбектелген тәсіл арқылы мына формула бойынша есептеледі:

А= немесе

мұнда бір процент өсімнің нақты мәні;

нақты өсім;

өсім қарқыны;

ағымдағы уақыттың алдына тұрған дәрежесі.