Оқу пәнінің сипаттамасы

 

5.1. Оқу пәнінің бағыты:

Статистиканың жалпы теориясы ол статистиканың жалпы принциптері мен әдістерін қарастырады; әлеуметтік-экономикалық статистика – мұнда халық шаруашылығы көрсеткіштерінің жүйесін, оның құрылымы мен пропорциясын, қоғамдық ұдайы өндіріс салалары мен элементтердің өзара байланысын зерттеңді; салалық статистика - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, байланыс, сауда, қаржы, еңбек, демография және т.б. болып бөлінеді. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық өзгерістерін сапалық жағымен байланыстыра отырып, зерттеу жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін үйретеді.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты:

Ғылыми ұйымдастырылған жүйеде статистикалық әдістерді қолдану арқылы әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық өзгерістерін сапалық жағымен байланыстыра отырып, зерттеу жұмысын жүргізу, қоғамдық құбылыстар жайындағы жаппай мәліметтерді жинау, топтау және есептеу сияқты әртүрлә тәсілдарді үйрену.

 

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

 

Ø ҚР әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды статистикалық зерттеу;

Ø студенттерді ғылыми ұйымдастырылған жүйе бойынша статистикалық әдістерді қолдану арқылы нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық өзгерістерін сапалық жағымен байланыстыра отырып, зерттеу жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін үйрету;

Ø халық және еңбек ресурстары, ұлттық байлық, сақтандыру қызметі, халықтың табысы мен шығысы, баға статистикасы және т.б. бөлімдер бойынша көрсеткіштер жүйесін статистикалық зерттеу;

Ø жалпы ішкі өнімді есептеу әдістерін статистикалық талдау;

Ø инфляцияны статистикалық зерттеу;

Ø қоғамдық құбылыстар мен процестердің статистикалық көрсеткіштер өсіңкілігін статистикалық зерттеу.

 

5.4. Оқу тәртібінің мазмұны

Курс мазмұны экономикалық мамандығы бойынша студенттердің теориялық және практикалық дағдысын қалыптастыруға; статистикалық талдаудың жетілген әдістерін игеруге, басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін және қажетті статистикалық ақпаратарды зерттеп талдауға, бағалауға және қорытындылауға мүмкіндік береді.

 

5.5. Оқу пәндерін оқытудың жоспары.

 

Апталар Тақырыптар аты Сағаттар саны мен оқытуды ұйымдас-тырудың формалары БОӨЖ, БӨЖ үшін тапсырмалар
1 Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері. Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның атқаратын міндеттері Шолу дәрiсі (2 сағат), Белсенді семинар (1 сағат) БОӨЖ (3 сағат), БӨЖ (3 сағат) Статистика ғылымының даму тарихы (ауызша) Әрбір шетел мемлекеттерінің статистика органдарының даму кезеңдері жайлы реферат жазу (әртүрлі елдерді өз таңдаулары бойынша)
2 Статистикалық бақылау Белсенді дәрiс (2 сағат), Семинар (1сағат) БОӨЖ (3 сағат), БӨЖ (3 сағат) Бала-бақшаларға, АҚ-ға, фирмаларға бақылау жүргізу
3 Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау Проблемалық дәрiс (2 сағат), Семинар (1сағат) БОӨЖ (3 сағат), БӨЖ (3 сағат) Тақырып бойынша есептер шығару
4 Орташа шамалар және өзгерменің (вариация) көрсеткіштері Дәрiс (2 сағат), Практикалық семинар (1сағат), БОӨЖ (3 сағат), БӨЖ (3 сағат) Тақырып бойынша есептер шығару
5 Нақты және қатысты шамалар. Дәрiс (2 сағат), Практикалық семинар (1сағат), БОӨЖ (3 сағат), БӨЖ (3 сағат) Шығарылған есептер мәліметтері негізінде кестелер мен түрлі диаграммалар құру
6 Статистикалық кестелер, графиктер, диаграммалар, картограммалар және картодиаграммалар Дәрiс (2 сағат), Практикалық семинар (1сағат), БОӨЖ (3 сағат), БӨЖ (3 сағат Тақырып бойынша есептер шығару
7 Индекстер Дәрiс (2 сағат), Семинар (1сағат) БОӨЖ (3 сағат), БӨЖ (3 сағат) Тақырып бойынша есептер шығару
8 Динамикалық қатарлар Дәрiс (2 сағат), Практикалық семинар (1 сағат) БОӨЖ (3 сағат), БӨЖ (3 сағат) Тақырып бойынша есептер шығару
9 Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері Дәрiс (2 сағат), Семинар (1сағат) БОӨЖ (3 сағат), БӨЖ (3 сағат) Тақырып бойынша есептер шығару
10 Халық және еңбек ресурстарының статитикасы Дәрiс (2 сағат), Практикалық семинар (1сағат) БОӨЖ (3 сағат), БӨЖ (3 сағат) Тақырып бойынша есептер шығару
11 Ұлттық байлық статистикасы Проблемалық дәрiс (2 сағат), Семинар (1сағат) БОӨЖ (3 сағат), БӨЖ (3 сағат) Ауызша жауап беру, ҚР мәліметтері көрсеткіштерін статистикалық зерттеу
12 Шығын және аралық тұтыну статистикасы Дәрiс (2 сағат), Семинар (1сағат) БОӨЖ (3 сағат), БӨЖ (3 сағат) Ауызша жауап беру, ҚР мәліметтері көрсеткіштерін статистикалық зерттеу
13 Баға статистиксы Проблемалық дәрiс (2 сағат), Семинар (1сағат) БОӨЖ (3 сағат), БӨЖ (3 сағат) Ауызша жауап беру, ҚР мәліметтері көрсеткіштерін статистикалық зерттеу
14 Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) тауарлы және ақшалай айналысының статистикасы Проблемалық дәрiс (2 сағат), Семинар (1сағат) БОӨЖ (3 сағат), БӨЖ (3 сағат) Ауызша жауап беру, ҚР мәліметтері көрсеткіштерін статистикалық зерттеу
15 Тауар өндіру, қызмет көрсету нәтижесінің статистикасы. Дәрiс (2 сағат), Семинар (1сағат) БОӨЖ (3 сағат), БӨЖ (3 сағат) Ауызша жауап беру, ҚР мәліметтері көрсеткіштерін статистикалық зерттеу
Доріс-30 сағат Семинар -15 сағат БОӨЖ -45 сағат, БӨЖ -45 сағат Барлығы:135 сағат