Леуметтік – экономикалық статистика пәні, маңызы және басқа ғылымдармен байланыстылығы

Дәрістің сұрақтары:

1. Әлеуметтік–экономикалық статистика пәні, объектілері және әдістері.

2. Әлеуметтік–экономикалық статистика пәнінің басқа ғылымдармен өзара

байланысы.

3. Әлеуметтік–экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесі, оның маңызы.

 

Дәрістің мақсаты:Статистиканың бірнеше бөлімдері бар. Соның бірі әлеуметтік–экономикалық статистика. Мұнда халық шаруашылығы көрсеткіштерінің жүйесі, оның құрылымы, ұдайы өндіріс салалары мен элементтердің өзара байланысы зерттелінеді. Дәрістің негізгі мақсаты әлеуметтік–экономикалық статистиканың маңыздылығын, зерзатын, әдістерін және басқа ғылымдармен байланыстылығын көрсету.

 

Негізгі ұғымдар мен терминдер: әлеуметтік – экономикалық статистика, статистикалық бақылау, бақылау зерзаты, әдістері, болжам функциясы, бағалау функциясы.