Дәрістің конспектісі

1. Әлеуметтік-экономикалық статистика – қоғамдық құбылыстар мен процестердің көрсеткіштерін сандық негізінде сипаттайтын қоғамдық ғылым. Әлеуметтік – экономикалық статистика сандық өлшемдердің қарапайым және күрделі көрсеткіштер мен процестердің жиынтығы.

Әлеуметтік-экономикалық статистика біріншіден, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының фактілерін тіркеумен айналысса, екіншіден, мемелекеттің басқару органдардың шешім қабылдауына ғылыми түрде негіздейді, талдайды, жүйелейді. Мемлекеттік басқару органдар экономиканы реттеумен байланысты әлеуметтік шарттар, экономикалық саясат және әлеуметтік бағдарламаларды өңдеумен байланысты шешім шығаруды көздейді. Оның ең басты мәселесі – қызмет көрсету мен тауарлы өнімдерді өндіру процесі, оның халықтың өмір сүру деңгейіне әсері және әлеуметтік сферадағы қоғамның даму процесін көздейді.

Әлеуметтік – экономикалық процестердің жағдайларының негізгі әдісі ол экономикалық секторлық және квалификация, ұлттық есеп шоттар жүйесі, кестелер және баланстар. Статистиканың ең басты мақсаттарының бірі – республиканың экономикаға өтуімен байланысты болып жатқан әлеуметтік- экономикалық жағдайлардың жан – жақты мәлімет болып табылады. Сондықтан әлеуметтік – экономикалық статистиканың басты мақсаты – басқару құрылымын ақпараттармен қамтамасыз ету, сол ақпараттар негізінде мемлекеттік бағдарлама құру.

Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәлеметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі айтылады. Статистикалық бақылаудың алға қойған мақсаты – зерттеліп отырған зерзат туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсеттетін, ғылымға негізделген, сапалы мәлеметтерді белгіленген мерзімде жинау.

Статистикалық бақылау зерзаты. Статистикалық бақылаудың бағдарламасында зерзаты мен бақылау бірліктері дұрыс анықталуы тиіс. Статистикалық бақылау зерзаты дегеніміз – зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығы. Мысалы: еліміздің халық санағын жүргізу қажет болатын болса, бақылау зерзатына республмкамызда тұратын белгілі бір шекті мезгілдегі бүкіл халық жатады.

Статистикалық бақылау жұмыстарын ғылыми жүиеде ұйымдастыру кезінде ең бастысы - бақылау зерзатының шегін дұрыстап анықтау. Егер бақылау зерзатының шегі дұрыс анықталмаған болса, онда оның кейбір бөліктерінің зерттеуден тыс қалуы немесе зерттеуге жатпайтын мүлде басқа зерзаттардың кіріп кетуі де мүмкін. Сондықтан бақылау зерзатының шегін дұрыстап анықтап алу зерттеу кезіндегі мәліметтердің анық та, қанық болып шығуына әсері өте зор. Мысалы: өнеркәсіптің бақылау зерзатын анықтау үшін оның құрамына жататын өнеркәсіп орындарды басқа салаларға жататын кәсіп орындардан айыратын, өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне қарай білуге болады.

Статистикалық бақылаудың объектілері бөлек элементттерден тұрады және оны нышандарына қарай бір – бірінен ажыратуға болады. Сондықтан, ол статистикалық бақылау жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Оны статистикалық бақылау бірлігі деп атайды.

2.Статистика пәні өзге де басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Статистика қоғамдағы сандық көрсеткіштерді көрсететіндіктен, бірінші кезекте демографиямен, яғни халық санағымен, әлеуметтік шерулермен, баланың туылуы, адам өлімі сияқты жағдайларды көрсетеді.

Екіншіден, сатистика экономика ғылымымен өте тығыз байланысты: ол өндірістің өндіретін өнімдерінің көлемі, сату бағасын,бір жыл ішіндегі өнім көлемі, пайдасы мен шығыны сияқты мәліметтермен қамтамасыз етіліп отырады.

Үшінші кезекте, тарихпен байланыстыра отыратын болсақ, ол өткен оқиғалар, оның болған жылдарын, сол оқиғалар негізінде қаза болған адамдар санын және өзге де мәліметтерді көрсетеді. Мысалға алсақ: 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезінде 500000 астам адам көз жұмған, және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында халқымыздың 3/1 бөлігі майданға аттанған.

3.Әлеуметтік – экономикалық статистикалық көрсеткіштер жүйесі, оның маңызы. әлеуметтік – экономикалық статистиканың негізгі көрсеткіштері мен оның жүйесі болып табылатын ақпаратты тану функциясы. Статистиканың мәліметсіз табиғаттың, әлеуметтік түрлі жағдайлардың, олардың жүргізілуін, яғни қандай деңгейде болмасын; мекеме, фирма, қала, мемелкеттік немесе халықаралық болсын, статистикалық мәліметсіз ешқандай бақылау болмайды. Статистикалық көрсеткіштерсіз әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларға қарамай, мемлекетті басқару мүмкін емес.

Статистикалық көрсеткіштерінің бірі – мониторингті айтуға болады. Мониторинг – ол болашақта күтілетін көрсеткішті есептегенде үздіксіз жүргізілетін бақылау.

Статистикалық көрсеткіштің және ақпарттың дұрыс қызмет көрсетуі оның ғылым болып нық қалыптасуы және уақытылы сандық анықтама беруіне байланысты.

Болжам функциясы – ол статистикалық көрсеткіштің болашақтағы күтімі, яғни ақпараттық функциямен тығыз байланысты. Әрине, бұл функция статистикалық көрсеткіштердің бәрімен байланысты емес, тек қоғамдағы түрлі процестердің модельдеуімен байланысты.

Бағалау функциясы бұл екінші функция болып табылады. Ол органдардың, үкіметтің, кәсіпорынның, еңбек және шығармашылық ұйымның еңбегін адамдар, қоғам және мемлекет бағалайды.

Жарнама – пропагандистік функция – бұл өте күрделі функция. Бір жағынан жарнама – кәсіпорынның, фирманың өз өкілдерін жарнамаға сандық көрсеткіштерін берген жоқ дейді, өйткені халық сөзден гөрі, санға көп сенеді. өнімнің сапасының жақсылығын жарнамалау қажет. Бірақ, статистикалық көрсеткіштерді қолдануда тәуекелге бел буу керек. Себебі жарнама берген кезде көп кәсіпорындар сандық көрсеткішті емес, ол болашақта күтілетін сандық көрсеткішті белгілейді. Сондықтан жарнама негізінде көрсетілген статистикалық көрсеткіштерге өте аса қауіпті болу керек немесе қосымша есеп пен талдау жүргізу қажет.