Дәрістің конспектісі

1. Халық саны – белгілі бір аймақта тұратын және сандық өлшенген жиынтығы. Бұл өлшем туу мен өлуге сондай-ақ аймақ бойынша орын ауыстырумен байланысты үздіксіз өзгеріп отырады, сол себептен халық санын нақты есепке алу дұрыс болу үшін есеп жургізілетін аймақты және уақытын белгілеу керек. Халық саны туралы ақпарат санақ, тұрақты жүргізілетін есеп жүйесі негізінде алынады. Есепке алудың барлық түрінде халық саны белгілі бір күнде,уақытты, ал санақ кезінде уақыттың критикалық мезгілін көрсетеді.

Санақтар аралығында жеке аймақтарға халық саны соңғы санақ пен балнстық схема арқылы бойынша халықтың табиғи және механикалық қозғалысының ағымдық есебі ақпараттар арқылы анықталады.

Жыл басындағы халық саны + 1 жылда туғандар саны - өлгендер саны + келгендер саны – кеткендер саны 1 жылда = жыл соңындағы халық саны болады. Санақ халықтың тұрақты немесе нақты категориясына, ал регистрлер заңды немесе тұрақты категориясына негізделеді. Сондықтан халық саны туралы ақпараттард салыстырғанда халықтың категориясын нақты анықтау керек. Экономикалық талдау тәжірибесінде белгілі бір уақыт кезеңіндегі халықтың орташа жылдық саны туралы мәлімет қажет.Ол халықтың жыл басы мен соңындағы саны белгілі болса,келесі формуламен анықталады.

S=

Егер халық саны туралы мәліметтер уақыттың кейбір мезеттерінде ғана көрсетілсе және күндер арасындағы интервал бірдей болса,онда халық саны орташа хронологиялық формуламен анықталады:

S=S1+S2+……..Sn-1+Sn/n-1

Мұндағы n- қатар деңгейің саны.

Халық құрамы жынысына қарай әйел адамға, ер адамға бөлінеді. Олардың арасында жыныстық құрылым қалыптасады. Ол демографиялы, әлеуметтік-экономикалық факторлар ықпалымен қалыптасады. Жыныстық құрылымның сандық сипаттамасы үші абсолютті және қатысты көрсеткіштер қолданылады. Абсолютік көрсеткіштерге әйел және ер адамдар саны жатады. Қатысты көрсеткіштер: халықтағы ерлер мен әйелдердің үлесі;100 әйелге келетін ерлер саны (керісінше), әйел санының ерлерден артық қатысты салмағы. Егер үлестік салмақ 1% болса маңызды емес диспорция, ал 1-3 % орта , 3% көп жыныстық құрылымдық диспорция болады.

Жыныстық құрылымды статистикалық зерттеу өндірістік күшттердің дамуы мен орналасуын зерттегенде, еңбек ресустарының балансын жасағанда, табиғи қозғалыс заңдылығына және халықтың ұдайы өндірісінің зерттеуінде өте үлкен мағынаға ие болады. Халықтың жас құрамы статистикалық есеппен зерттеледі. Ол халықты жас топтары және контингенттер бойынша бөлінеді. Халықтың жастық құрамы бір, бес, кейде он жылдық аралықпен топтасуымен сипатталады. Жеке жастық этаптарды бөліп көрсету үшін жас классификациясы қалданылады. (мектептік контингент, сайланушылар контингенті, еңбекке жарамды жастағы контингенттер т.б. ).

Көпшілік құбылыстардың кейбір заңдылықтары туумен өлу процесін зерттегенде ашылған, сондықтан халық статистикасы – ежелгі ғылым. Қазір ол әлемдік статистиканың бір саласы. Халық - демографияның зерттеу нысанасы, демография халықтың тарихи, саяси, экономикалық, әлеуметтік,заңды, медициналық аспектісінде дамуының жалпы заңдлықтарын белгілейді. Оның абстрактілігі - аналитикалық әдістерді қолданылуы. Халық статистикасы өз пәнін нақты бір уақытта, жерде зерттейді әр халықтың табиғи, әлеуметтік, механикалық қозғалысы анықталады.

Миграция дегеніміз - халықтың территориялық орын ауыстыруы. Халықтың әлеуметтік қозғалысы дегеніміз - халықтың өмірінің әлеуметтік шарттарының өзгеруі.

Халық статистикасы дегеніміз - қадағалау бірлігі және адам, жанұя, үй шаруашылығы болуы мүмкін, ал нысанасы ретінде зерртеуші алдындағы мақсат пен міндеттерге байланысты әр түрлі жиынтықтарды сипаттайды (балалар, жастар, еңбекке жарамдылар, әйелдер, еркектер.т.б)

Халық статистикасының маңызды міндеттері:

Ø халық санын анықтау және аймақ бойынша орналасуын анықтау.

Ø ерекше белгілеріне байланысты халқ құрамын зерртеу.

Ø халықтың табиғи қозғалсын зерттеу (өлу,туу,некеге тұру,ажырасу )

Ø халық миграциясын зерттеу.

Ø халықтың әлеуметтік әкономикалық жағдайының сипатталуы.

Ø халық саны мен құрамының болашақтағы болжамы.

Халық санының туу мен өлуге байланысты өзгерісін табиғи қозғалыс деп аталады. Оны сипаттайтын көрсеткіштер: Осылардың барі халық санына тікелей не жанама әсер етеді. Туу, өлу, некеге тұру айырылысу,т абиғи өсімнің абсолюттік көрсеткіштерін салыстыру демографиялық үрдістері жайлы нақты бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді, ал халықтың табиғи қозғалысының абсолюттік көрсеткіші туу, өлу деңгейне т.б. сипаттай алмайды Себебі олар халықтың жалпы санына тәуелді, сондықтан демографиялық жағдайды талдау тәжіри бесінде 1000 адамға есептелетін (%-пайызға) таби қозғалыстың қатысты көрсеткіштері кеңінен қолданылады.Туу коэффиценті бір жылда туғандар санын (N) халықтың орташа жылдық санына қатынасынан алуға болады.

Ктуу = ∙ 100

Халықтың ұдайы өндірісін бөлшектеп сипаттау үшін жеке коэффиценттер қолданылады, оның ішінде фертильділік көрсеткіші.Ол туғандар санының 15-45 жас әйелдердін орта санына қатынасымен анықталады.

К арн.Туу =∙ 100 (S(15-45) –фертильділік жас)

Бұл көрсеткіш туу туралы нақты көрініс береді,себебі туылғандар саны халықтың бәрінен емес,тек ұдайы өндіріс процесіне қатысы бар белгілі бір континентпен салыстырылады.Өлу коэффиценті бір жылда өлгендер санының (M) халықтың орташа жылдық санына бөлеміз.

Көлу =∙100

Нәрестелердің өлімін зерттеу маңызды болып табылады.Сол себепті нәрестелер өлімнің коэффиценті есептеледі.Ол бір жылға дейін (m)жаста өлген сәби санының жалпы туылғандар санына қатынасымен есептеледі,бірақ ағымдық жылда 1- жасқа дейінгі өткен жылы туған балалар өлуі мүмкіндігін ескеру қажет.

2.Еңбек ресурстары - экономикалық қызметтермен айналысатын немесе жұмысқа жарамды, бірақ белгілі бір себептермен жұмыс істемейтін халық. Еңбекке жарамдылық қоғамның физиологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен анықталады. Физиологиялық жағдай белгілі бір жасқа сәйкес келетін физиологиялық даму деңгейі деп танылады.

Төменгі шекара - еңбектенуге қабілеттілігі физикалық және психикалық дамуына байланысты жас адамдардың келетін жасы.

Жоғарғы шекара - еңбекке қабілеттілігі лезде төмендейтін жас. Қазақстанда төменгі шекара жынысына қарамай 16 жас болып табылады. Жоғарғы шекара зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңмен сәйкес қабылданады. Қазіргі кезде еңбекке жарамды төменгі және жоғарғы шекараларды есепке ала отырып халықты жасы бойынша келесі топтарға бөлуге болады.

Ø 0-ден 15 жасқа дейін- жұмысқа дейінгі жас

Ø 16-дан 58-ге дейін әйел,63-тен ерлер-еңбекке жарамды жас

Ø 58-ден дейін әйел,63-тен ерлер жоғары-жұмыстан кейінгі жас

Әлемдік тәжірибеде жоғарғы шекара 65 жасқа дейін жетеді ,берілген топтастыру арқылы халықтың жеке жастық қатынасын сипаттайтын қатысты көрсеткіштерді анықтауға болады.

Кеңбекке жарамды халық саны=Еңбекке дейінгі халық саны/Еңбек істейтін халық саны *100

Кзейнеткерлер =Зейнет.жастағы.халық/Еңбекке жарамды халық*100

Еңбек ресурстарының құрамына кіретіндер: Еңбекке жарамды жастағы халық,бірақ жеңілдік шарттарымен зейнетақыны алатын жұмыссыздар және I,II топтағы мүгедектер;жұмыс істейтін жасөспірімдер және зейнетақы жастағы жұмысшылар. Еңбек ресурстарының бар болуы және олардың болуы 1-Қаңтарда,1-Шілдеде және орта жылдық еңбек ресурстарының балансында көрсетіледі. Орта жылдық балансына жұмыс істелінген уақыттуралы мәліметтер және жұмыскерлердің әлеуметтік топтары кіреді.

Еңбек ресурстарының балансы дегеніміз - еңбек ресурстарының бар болуын және оларды қызметтердің салаларына,т үрлеріне бөлінуін көрсететін көрсеткіштер жүйесі. Ол екі бөлімнен тұрады: ресурстық және бөлуші.

Бірінші бөлімді құру үшін келесі ақпараттар қолданылады:еңбекке жарамды жастағы халық саны туралы мәліметтері, мүгедектер мен жеңілдік зейнеткерлер туралы әлеуметтік қорғау органдарының мәліметтері.

Екінші бөлімде құру үшін жұмыс істейтін адамдардың саны туралы өнркәсіптер мен ұйымдардың мәліметтері, жұмыс істейтін және жұмыссызадамдар саны туралы мәліметтері, оқушылар саны туралы, өнркәсіптер мен ұйымдардың мәліметтері, шетелден келген жұмыс күші туралы мәліметтер баланста бөлек көрсетіледі.

Еңбек ресурстарының балансы экономикалық белсенділігінің деңгейін, жұмыс істейтін және жұмыссыздар деңгейін анықтауға көмектеседі.