Проблемалық дәрістің конспектісі

1. Мемлекеттің әлеуметтік-эономикалық потенциалын, күшін айқындайтын көрсеткіші болып ұлттық байлық есептеледі. Ұлттық байлық - бұл ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі, ал басқаша айтқанда-халықтың өмір деңгейін көтерудің маңызды факторы. Міне, осында оның әлеуметтік-экономикалық маңызы жатыр.

Ұлттық байлық - мемлекеттің экономикалық жағдайын анықтауда қолданылады. ҰШЖ-ң ұлттық байлық мінездемесінде «экономикалық актив» деген термин қолданылады. Оның маңызды белгісі - меншік иесінің өзінің иелігінен экономикалық пайда табуы.

Экономикалық активтер деп - институционалдық бірліктермен меншіктік құқық жүзеге асатын объектілер және де белгілі бір уақыт арасында меншік иелерінің сол меншіктен экономикалық пайда табуын айтады. Активтің меншік иесіне кіріс әкелуі, яғни материалдық және материалдық емес активтер өз иесіне капитал болып табылады. Кейбір активтер кіріс көзі болып табылмаса да, байлықтың сақталу құралы болып саналады. Мысалы, бағалы металдар.

Ұлттық байлық - бұл материалдық, материалдық емес және қаржылық активтердің жиынтығы, яғни мемлекет ішіндегі жеке және заңды тұлғалардың активтік қорларының, экономиканың негізгі секторының және өздерінің капиталдарының көрсеткіші. Сектор капиталдарының жиынтығы-бұл мемлекеттің меншіктік капиталы немесе ұлттық байлық деп аталады.

Мемлекеттің ұлттық байлығының көлемі экономика секторының меншіктік капиталдарының қосындысымен айқындалады.

Мемлекет үшін бүкіл ұлттық байлығы - қаржылық және қаржылық емес активтердің жиынтығы болып табылады. Бұл активтер мемлекеттің экономикалық территориясының субъектілері немесе резиденті болуы керек. Басқа мемлекеттерге қойылатын талаптың таза бағасы мемлекеттің қаржылық активтерімен және сол мемлекеттің резиденттерінің қаржылық міндеттемелерінің қосындысының айырымы болып табылады.

Қорыта келгенде, ұлттық байлық дегеніміз - адамның еңбегі арқылы жиналған материалдық байлық, жер мен табиғи ресурстардың, сонымен қатар материалдық емес қаржылық активтердің жиынтығы.

Ұлттық байлық құрамына кіретін активтерді БҰҰ-ң Статкомисиясының ұсынысы бойынша екі негізгі топқа бөледі, қаржылық және қаржылық емес активтер. Қаржылық активтер - бір институционалдық бірлік екінші институционалдық бірлікке қарыз беру және қарызынан әтем алу сияқты қаржылық міндеттемелер. Мұндай қаржылық міндеттеме кредиторға қаржылық актив, дебиторға пассив болып есептеледі. Ал қаржылық емес активтер - бұл қаржылық активтер ішіне кірмейтін экономикалық активтер. Олар өндірілген( негізгі капитал,материалдық айналым құралдарының қоры) өндірілмеген( материалдық және материалдық емес).

Негізі капитал - бұл бірнеше рет өндіріс процесіне қатысып,өзінің құнын өндірген өнімге біртіндеп ауысып, меншік иесіне ақшалай түрде біртіндеп пайда әкелетін капитал.

Материалдық айналым құралдарының қоры - бұл қолданылуы немесе сатылуы кейінгі уақытқа қалдырылған тауарлар мен өнімдер. Негізі капиталға қарағанда айырмашылығы олар белгілі өнім циклінде қолданылады және бағасын өзінің қатысуымен пайда болатын өнім мен қызметке алмастырады.

Құндылықтар - бұл ұзақ қолданыста болса да өз құндылығын жоғалтпайтын қымбат тауарлар. Бұған бағалы металдар мен тастар, зергерлік бұйымдар, коллекциялар,т.б. жатады. Құндылықтардың негізгі функциясы қанша уақыт өтсе де өз бағасын сақтап қалу.

Ұзақ мерзімдік қолданылатын тауарлар - тұрғындардың жинаған үй шаруашылық байлығы.

Қаржылық емес өндірілмеген активтер - өндірістік процестің нәтижесі болып есептелмейді. Олар материалдық және материалдық емес болып бөлінеді. Материалдық өндірілмеген активтер - жер, кен байлықтары, биологиялық және су ресурстары. ҰШЖ бойынша табиғи ресурстардың қолданылуына белгілі бір заң бекітілуі керек, ондай жағдай болмаған кезде ұлттық байлық құрамына кіру мүмкін емес.

Кен байлықтары - бұл табылған және эксплуатациялауға болатын пайдалы қазбалар қоры.

Су ресурстары – ҰШЖ-ң методологиясы бойынша жер ресустарының құрамына кіруі керек.Бірақ су ресурстарына тек қана жер асты су қорлары ғана жатады.

Жоғарыда көрсетілгендерден басқа ұлттық байлық меншік формасы бойынша, экономикалық саласы және секторы бойынша классификацияланады.

2.Қазіргі уақытта капиталға ақша, материалдық құндылықтар және материалдық емес құндылықтар жатады. Есеп пен статистика практикасында негізгі капиталға қолданылатын мерзімі бір жылдан асқан объектілерді жатқызады. Натуралды заттай формасы бойынша негізгі капитал материалды және материалды емес болып бөлінеді.

Негізгі капиталдың натуралды заттай классификациясы оның қалпының өзгерісіне талдау жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ активті, пассивті жақтарын айқындатады. Негізгі капиталдың активті бөлігі - еңбек саласына тікелей байланысты өндірілген активтердің жиынтығы.

Негізгі капиталдың пассивті бөлігі - өндіріс процесінің жақсы дамуына ықпал ететін өндірілген активтердің жиынтығы. Объектілердің активті немесе пассивті болуы саланың ерекшеліктеріне байланысты. Статистиканың маңызды міндеті негізгі капиталдың көлемін анықтау. Негізгі капиталдың жалпы өлшемі оның түрлері сан алуан болғандықтан ақшалай түрде анықтайды. Негізгі капиталдың элементтерін бағалау үшін көптеген әдістер қолданылады. Негізгі капиталды бағалау оның бастапқы бағасына ғана емес,сонымен бірге эксплуатация мерзіміне де байланысты. Экономика статистикасының практикасында көп қолданылатын бағалау түрлері бар:

Толық бастапқы құны дегеніміз - негізгі капиталдың бастапқы іске жұмсалуына кеткен бағасы. Ол пайда болуынан бастап оның жеткізілуіне кеткен шығынды көрсетеді. Бағалаудың бұл түрі бойынша негізгі капитал фирманың бухгалтерлік балансында көрсетілуі керек.

Тозуды есептегендегі толық бастапқы құн дегеніміз - қазіргі уақытта тозуы ескерілген фирманың балансында көрсетілген негізгі капиталдың бағасы. Объектінің ұсталу мерзіміне,кеңейтілуіне қарай бағалаудың бұл түрі өзгеріп отырады.

Толық қалпына келтіру құны – негізгі капиталдың дәл көшірмесін жасауда дәл сондай материалдарды қолданып және эксплуатациялық параметрлері толық сақталған негізгі капиталдың бағасы. Тауарлар мен материалдардың бағасы бірқалыпты болған кезде қайта бағалау сирек өткізіледі. Ал инфляцияның өсуі кезінде жиі қолданылады.

Тозуды есептегендегі қалпына келтіру құны - қазіргі жағдайдағы негізгі капиталдың фактілік бағасы. Қайта бағалау процесі кезінде толық қалпына келтіру құны мен оның фактілік қолданудың ақшалай айырмашылығы.

Ликвидтік құн - жеке құрылыс материалдарының немесе детальдарының ескіруіне байланысты негізгі капиталдың жойылуынан түскен пайда. Негізгі капиталдың бағасының бұл бөлігіне амортизациялық кіріс жүргізілмейді.

Негізгі капитал қолданылғандықтан тозады және бағасын өз көмегімен жасалған өнім мен қызметке алмастырады.Тозудың екі түрі бар:

Материалдық тозу - негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозудың екі жағы болады:

Ø техникалық өндірістік тұтыну құнының жойылуы;

Ø құндық құнның жаңа өнімге көшуі;

Моральдық тозу - бұл негізгі капиталдың,еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде немесе олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:

Ø еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;

Ø құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі жоғары болады;

Амортизация ( лат.аmotizatio - сөну) - капиталың тозу көлемін бағалау, негізгі капиталдың ауысқан құны. Амортизация қорының қаржылары ескірген еңбек құрал - жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге, сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар және т.б. сатып алуға пайдаланылады.

Амортизацияны есептеудің бірнеше тәсілдері бар:

1.Пропорционалды - сызықтық әдісте негізгі капиталдың құнының жоғалтылуы оны ауыстыру уақытында жыл сайын жүргізіліп отырады.

2. Жай амортизация - негізгі капиталды қайта өндірудің орташа параметрлерінен ауытқуы, амортизациялық аударымдардың азаюы, негізгі капиталды нормамен салыстырғанда қызмет ету мерзімінің ұзаруы.

3. Жылдам амортизация - негізгі капиталды ауыстыруды, оны модернизациялауды тездетеді.

4. Қарапайым қалпына келтіру - амортизациялық аударымдар түрінде жинақталған ауыстыру құны есебінен жүргізіледі.

5. Негізгі капиталды кеңейтілген қалпына келтіру - капиталды аудару есебінен жүргізіледі. Негізгі көрсеткіштері:

Ø негізгі капиталды шығару және жаңарту;

Ø негізгі капиталдың абсолютті өсуі;

Ø капитал салымдарының көлемі және құрылымы;

6. Капиталдық салым - жаңа құрылыс шығындарының жұмыс істеп тұрған объектілерді қайта құрастыру, кеңейту, салынып жатқан объектіні құрал жабдықпен қамту шығындарының жиынтығы.