Проблемалық дәрістің конспектісі

1. Баға-бұл көп функционалдық экономикалық құбылыс және нарық категориясының бастамасы. Бағаның өзгеруі көбінесе өзімен бірге әлеуметтік-экономикалық және саяси нәтижелер әкеледі. Сондықтан баға туралы әр түрлі және обьективті ақпаратына заңдылықтар мен тенденцияның талдау анализі өзгеруіне биліктік құрылым мен маркетингтік қызметтер ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғам қызығушылық көрсетеді. Бұл жағынан, баға-ақша санасы. Яғни, ақшаны тауарға айырбастау эквиваленті. Бағаның құрылуы мен өзгеруі-статистикалық зерттеудің құралы.

Баға статистикасы-статистика нарығына сәйкесінше әлеуметтік-экономикалық статистикасының құрамдас бөлігі ретіндегі өз алдына жеке бөлім.Сондықтан мемлекеттік статистика органдарында баға статистикасының өзіндік жеке қызметі қалыптасқан.

Бағаның мәні және оның экономикалық табиғаты 2 рольде айқындалады:

1) Индикатор, яғни нарық коньюктурасын және саясатты көрсетеді (ұсыныс пен сұраныс, сауда және экономикалық тәуекел, несие-қаржылық жағдай,нарықтағы бәсеклестік дәрежесі).

2) Нарықты маркетингтік реттуші. Осының көмегімен ұсыныс пен сұранысқа әсер етеді, нарықтың құрылымы мен көлемі және т.б.

Нарықтық баға әр түрлі қызметтер атқарады:

Баға-бұл ақшаны тауарға айналдыру эквиваленті.

Баға-бұл нарықтық коньюктураның маңызды көрсеткіші.

Баға-бұл тиімділікті басқару мен қалыптастыру құралы, салық салу факторы.

Инфляция-баға бағаның және ақша құнсыздануының жалпы деңгейінің артуы.Диспозицияы әр түрлі өзара тәуелді себептер туғызады:

1) Инфляциялық сұраныс

2) Шығындар деңгейінің өсуі

Еңбекақы мен бағаның өсуі бір-біріне әсер етуіне сәйкес мемлекеттің алдын-ала ойластырған инфляция саясаты гиперинфляцияға ұласады.

Баға динамикалық талдауынан, баға құрылымын зерттеуден, аймақтық бағаның айырмашылығынан және олардың өзгерісінен және маусымдылығынан, әр түрлі квартал бағаларының арақатынасынан басқа статистикалық бағаның концептуалды мақсатының қазіргі классификациясының негізіне мынадай критерийлер жатқызылады:

а)Мақсат

ә)Міндет

б)Мәселені шешу

в)Және осы мақсатқа жетуге қызығатын субьектілер

Бірінші классификация 3 концептуалды міндеттерді қарастырады:

1) Нарықтың жағдайын сипаттау нарық жағдайында осы ортақ мәселені шешуде,статистика бағаның экономикалық жағдайынан өзгерісіне реакциясын қарастырады.(ақша эмиссиясы, ұсыныс және сұраныстың теңелуі, халық табысының өсімі және дифференция бағаның өзгерісі, тауар сапасының өзгерісі және оған деген сұраныс)

2) Бағаны нарықты басқару құралы ретіндегі сипаты.Бұл ұстаным бойынша статистика өзгеріс бағаның әсер ету мүмкіндігі және дәрежесі қарастыралыды(сонымен қатар,салық және баға құрылымына әсер ету арқылы), айналым(бағаға тауар айналымы және айналым шығындары бағынышты),сұраным.Баға және сұраныс арсындағы кері бағынышты байланыс тәжірибеге көп растамайды.Мысалы,”жоғары беделді” баға және сапа көрсеткіші бағасы.Нарықта мористингтік реттеу мүмкіндігі экономикалық реттеу арқылы баға статистикасы ұсынады.

3) Баға белгілеуді маркетингтің басқару және бағаны мемлекеттік басқарудағы бағаны талдау.Бұл мәселені талдауда, шешуде – баға белгілеудің статистикалық заңдылықтарын, бағаның өзгерісі сатып алушылардың көзқарасы, олардың өмір сүру деңгейіне ықпал ету, бағаның өзгерісін болжамдау және модельдеу.

Екінші классификация- статистикалық баға ақпаратын пайдаланушылар және тапсырыс берушілер ұстанымынан статистикалық баға келесідей жалпы міндеттерді бөліп көрсетеді:

Ø Мемлекет тарапынан бағаның нарықтағы тиімді әлеуметтік және экономикалық құрал ретінде;

Ø өмір сүру деңгейінйң факторы;

Ø инфляциялық процестердің негізгі құрамы;

Ø бағаның еңбек нарығына әсерін зерттеу;

Ø баға өзгерісінің салдарын болжамдау;

Ø бағаны дифлятор ретінде бағалық көрсеткіштер санағында зерттеу;

Ø бюджет құру негізгі фактор;

Ø бағаны статистикалық зерттеу;

Ø баға белгілеуде шешім қабылдау заңдылықтарын модельдеу;

Ø елдегі ақша қозғалысын реттеп басқару;

Сатып алушы позициясынан: бағаны табыстардың индексация ретінде тану; күнкөріс минимумы мен тұтынушылар жәшігін қалыптастыру; тұрғындардың әр түрлі әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейіне бағалық әсер етуді анықтау; бағаның тауар сапасы мен табыстар деңгейіне сәйкестілігін талдау; бағаның ассртиментті тұтынушылар қалауына дифференциясынан сатып аоу таңдауының факторы ретінде көрсету және т.б.

Баға статистикасының жоғарыда аталған концептуалды міндеттері келесідей нақты функцияналдық міндеттер көмегімен шешіледі:

Ø бағаны тіркеу, өзгерісін бақылау;

Ø баға деңгейі мен дифференциясын талдау;

Ø баға құрылымының мінездемесі;

Ø әр түрлі тауарлар мен субнарықтар бағалары мен икемділігінің арақатынасын түсіну;

Ø бағаның тұрақсыздығы,циклділік және мерзімділігін модельдеу,талдау,бағалау;

Ø бағаны аймақтық талдау;

Ø баға динамикаын талдау және модельдеу;

Ø баға деңгейіне, варияциясына және динамикасына әсер ететін факторларды шығару және модельдеу;

Ø бағаны болжау;

2.Тұтыну қоржыны- диетологиялық шекті есепке ала отырып, минималды қажетті калориямен қамтамасыз ететін, азық-түліктің минималды жиынтығы. Тұтыну қоржынына сонымен қатар басқа да тауарлар жиытығ, қызметтер, қажетті төлемдер кіреді. Осылайша тұтыну қоржынына адам денсаулығын сақтауға және қызмет істеуіне қажетті азық-түлік, тауарлар мен қызметтер енеді. Тұтыну қоржыны 3 негізгі әлеуметтік-демографилық халық топтарына жасалады:

1) жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар үшін;

2) зейнеткерлер үшін;

3) балалар үшін.

Тұтыну қоржынын анықтауда:

а) табиғи-климаттық жағдайлар;

б) ұлттық дәстүрлер;

в) тұтынудың жергілікті ерекшеліктері;

ескерілуі қажет.

Тұтыну бағаларың индексі(ТБИ) - халық тұтынатын, тауарлар мен қызметтердің тұтыну қоржынының құнының өзгерісін сипаттайды. Ол тұтыну қоржынының ағымдық бағасының базистік жылдағы бағасына қатынасын білдіреді (әдетте, алдыңғы жыл немесе ай бағасымен) және елдің табысының өскендігін, тұтынудың көлемі мен құрылымын есепке алмайды.

Тұтыну бағаларының 3 индексі қолданылады:

1. Ласпейрас индексі;

2. Пааше индексі;

3. Фишер индексі.

Тұтыну қоржынына нақтылай айтқанда не енеді?

Бұл сұраққа жауапты 2000 ж 5 шілдеде Ресейдегі «Ресейдің негізгі әлеуметтік-демографиялық топтар үшін тұтыну қоржынының экпертизасы » деген үкімет қаулысының негізінде жауап беруге болады.

Бір адамның тұтыну қоржынына келесі қызметтер енеді: 18 шаршы метр тұрғын үй, орталық жылу жүйесі -6.7 гигакалории(жылына), су-285 литр ( тәулігіне), газ-10 текше метр(айына), электр қуаты- 50 киловатт/сағ.(айына).Одан басқа жол жүру шығындары есептеледі; еңбекке қабілетті ер адамдарға- 602 рет жүруге жол ақысы, әйел адамға-638 рет және 7-15 жас аралығындағы балаларға -600 рет ( жылына) жүруге. Ал зейнеткерлер мен 6 жасқа дейінгі балаларға қызмет бұл жинаққа енгізілмейді.

Тұтыну қоржынының құрамы белгілі болғаннан кейін, оның құнын анықтау қиын емес. Ол үшін ұлттық статистика комитетінен тауарлар мен қызметтердің, азық-түліктің бағалары жайында мәліметтер алынады.

Айта кететін жайт, өмір сүру минимумы бағалар динамикасы мен елдің ауқаттылығын объективті сипаттайды. Мысалы, 2001 ж 39.9 млн.(27.6 %) ресейліктер өмір сүру минимунынан аз табыс алып отырған және де 12.7 млн.(8.8 %) азық-түлік минимунан аз табыс тапқан, яғни жартылай аштықта өмір сүрген.

Статистикада бұдан басқа да әлеуметтік-экономикалық индикаторды- минималды тұтыну бюджеті(МТБ) деген ұғымды қарастырады. Ол да игіліктер мен қызметтерді өмір сүру минимумынан жоғары деңгейде есептейді. Басқаша айтқанда МТБ жұмысбастыларды нормальды және жұмысқа қабілеті жоқтарды өмір сүрумен қамтамасыз етудің минимумын есептейді.

Тұтыну қоржыны қатып қалған шама емес. Оның құрамының саны мен сапасы өзгертіліп тұрады. Бұл нарыққа жаңа тауарлардың келіп, ескілерінің кете бастауына байланысты. Мысалы, Ресейде негізгі әлеуметтік-демографиялық топтарға арналған тұтыну қоржыны 5 жыл сайын қайта қарастырылып жаңарып отырады және де методикасы нақтыланып отырады. Аталған елдің 1992 жылмен салыстырғандағы өмір сүру минимумы 15 %-ға артқан.

Тұтыну қоржынының мәні тұтынудың минималды нормасын оның орташа бағасына көбейту арқылы анықталады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтер, қамтамасыз ету нормаларына және тауардың жарамдылық мерзіміне байланысты шығындар белгіленеді. Есептеу 3 топ бойынша жүргізіледі:

1.) гардероб заттары ( сыртқы киім, аяқ киім, бас киім және т.б.)

2.) санитария, гигиена, дәрілер.

3.) ұзақ пайдаланылатын тауарлар ( жиһаз, ыдыс, электр құралдары және т.б.)

Үй және коммуналды қызметтер шығындары сол аймақтағы бағалар мен тарифтер негізінде анықталады. Сонымен қатар жанұяның және қорға шығындары есептеледі.

Азық- түлік емес тауарлардың құны оның бағасын жылдық қорына көбейтіп, қызмет ету мерзіміне бөлеміз. Мысалы: ер адамның қысқы бас киімі 8000 тн. тұрады десек, қоры -1 дана, қызмет ету мерзімі- 3 жыл. 1 айға келетін шығын:

(8000×1) /(3×12)=222.2 тн./ ай сайын.

Өмір сүру минимумы және өмір сүру минимумының бюджеті мемлекеттің әлеуметтік саясатын құруда маңызды болып келеді. Осы көрсеткіштер арқылы халықтың әл-ауқатының деңгейі анықталады. Минималды өмір сүру минимумы арқылы:

а) төмен табысты топтарға көмек көрсету;

б) минималды еңбекақы және минималды

зейнетақыны есептеу;

в) еңбекке қабілеті төмендерге әлеуметтік төлемақы және жәрдемақы алуға; көмектесетін маңызды көрсеткіш.