Дәрістің конспектісі

1. Тауар айналымы статистикасының мәні жаппай экономикалық-әлеуметтік қоғамның тауар айналымында болып жатқан өзгерістер мен тауарлардың өндірушіден тұтынушыға ауысуы және тауарларды ақшаға айырбастау құбылысын зерттеуде жатыр. Яғни барлық тауар және ақша айналымы мына формулаға саяды: А - Т - А... Капиталдың немесе ақшаның тауарға ауысуы және тауар түрінен ақшаға өзгеруі сияқты айналым операциясында болатын статистикалық өзгерістерді тауар айналымының статистикалық мәні ретінде қарастырамыз.

Тауар айналымының статистикасын талдаудағы маңызды түсінік және терең зерттелетін объект тауар айналымы болып табылады. Тауар айналымы - тауарлардың сатылуы және белгілі уақыт аралығында ақшалай түрде қызмет көрсетілуінің көлемі. Яғни тауар айналымы тауарларды құндылық бірлікте сату және сатып алу көлемін сипаттайды. Тауар айналымын қалыптастыру үдерістері өнімдер мен қызметтерді сату көлемін тауар айналымдағы қосылған баға үлесі салық түсімдерінің маңызды бөлігін құрайды. Ол қазыналық саясатпен айналысатын мемлекеттік қызметтерді зерттеу объектісі болып табылады. Тауар айналымы статистикасының нәтижелері мен қорытындылары халықтың өмір деңгейінің сипаттамасында кеңінен қолданылады, өйткені бөлшектік тауар айналымының өлшемі жеке тұтыну саласына көшкен тауар салмағымен сипатталады, ал оның көлемі жеке тұтыну деңгейін көрсетеді.

Тауар айналымы өз ішінде мынадай бөліктерге бөлінеді:

Ø ішкі және сыртқы сауда айналымы;

Ø көтерме және бөлшек сауда айналымы;

Ø транзиттік және қоймалық;

Тауар айналымы статистикасының тұжырымдамасының зерттеу объектісі шаруашылық етудің толығынан және әр түрлі деңгейінде тауар айналымының көлемі, деңгейі, құрылымы және серпіні туралы ақпарат болып табылса, ал жалпы міндеті сол зерттелетін объектілерді жинау, өңдеу және талдау болып табылады. Жалпы міндеттен нақты тұжырымдамалық міндеттер туындайды:

Ø аймақтар мен еліміз бойынша кәсіпорындар, фирмалар деңгейіндегі тауар айналымы туралы ақпаратты жинау, өңдеу;

Ø тауар айналымын көлемі және жекелеген өнімдер мен қызметтерді сату туралы ақпаратты талдау;

Ø тауар қозғаласының кезеңдерін, оның топтарын және тауар ресурстарын қалыптастыру және пайдалануды бағалау мен талдау;

Ø тауар айналымының көлемін, оның тауарлық құрылымы мен түр - түрін талдау;

Ø тауар айналымының серпінін талдау;

Ø тауар айналымының көлемін талдау;

Ø тұтыну және сатып алу сұранысын қанағаттандыру үдерістерінің құрылымы;

Ø тауар айналымының аймақтық талдауы;

Ø тауар айналымына әсер ететін себепті іздестіру байланыстары мен фактілерін анықтау;

Тауар айналымының зерзаты осы міндеттерді жүзеге асыруға тікелей қатысты объектілер болса, субъектілері мемлекет, халықаралық сауда келісім негізіндегі ұйымдар, акционерлік қоғамдар, фирмалар, үй шаруашылықтары және т.б болып табылады.

Тауар айналым статистикасының маңыздылығы сонда, барлық зертелетін обьектілерің барлығы біздің өмірімізге, біз байқамасақ та тікелей қатысты болып отырады. Мысалы, біздің күнделікті дүкендерде сатып алып жүрген тауарларымыз біз мән бермесекте тауар айналымына кішкене үлесі болсада әсері бар. Осы барлық операциялардың көрсеткіштерін тауар айналымының статистикасы зерттеп, талдау жасап ақпаратты қолданушыға дұрыс ақпарат беруді қамтамассыз етеді.

Бұл жерде статистика ғылымының басқа ғылымдармен соның ішінде экономика ғылымдарымен байланыстылығын көрсете кеткен жөн.

2. Статистикалық көрсеткіш - әлеуметтік экономикалық құбылыстардың мөлшерлік қатынас категориясы және белгілі жағдайлар мен уақытта сапалық анықтылығы. Статистикалық көрсеткіштің экономикалық тұрғыдан қарағанда тауар айналым статистикасын қарастырайық.

Тауар қозғалысы мен тауар айналымын талдау көрсеткіштерін талдау көрсеткіштердің жалпы жүйесіне негізделеді. Осы жүйеде орталық көрсеткіш тауар айналымы болып табылады. Ол тауар салмағының мөлшерін, сауда кәсіпорнының көлемін, оның ақшалай табысының шамасын тауар сатып алушылардың ақшалай жиынын және тауар салмағын тұтыну көлемін сипаттау үшін пайдаланылады. Осындай себептермен, тауар айналымы көрсеткіші экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік бағыттарда пайдаланылады.

Құнды бірліктерде өлшенген тауар айналымының шамасы (Т), сатылған тауар саны (q) мен тауар бірлігінің бағасына (р) тәуелді:

Т1=q1*р1

Тауар айналымының жалпы көлемі жекелеген сату - сатып алу актілерінен пайда болады:

Т(жалпы) = ∑qі * рі

Саланың тауар айналымы осы салаға енетін кәсіпорындардың тауар айналым қосындысына тең. Осы көрсеткіш шамасына елдер бойынша салалардың тауар айналымы кіреді.

Шағын деңгейде тауар айналымыныңжалпы көлемінің жиынтық көрсеткішінің көмегімен ішкі жалпы өнімдегі тауар айналымы үлесінің шамасы мен ЖІӨ жалпы көлеміндегі тұтынушылық өнімдер мен қызметтерді сатып алуға кеткен шығындар үлесі есептелінеді. Тауар салмағы соңғы тұтынушыға түсу үшін бірнеше рет сатылады, осы көрсеткіш сатылған тауарлардың нақты көлемін көрсетеді. Осы көрсеткішті сипаттайтын таза тауар айналымы Т(таза) есептелінеді.

Таза тауар айналымы - бұл тауардың соңғы сатылуына тең қайтарма шоттан босатылған тауар айналымы.

Тауар қозғалысының тобы коэффицентін немесе жалпы тауар айналымының таза тауар айналымына қатынасы ретінде тауарды қайта сату көрсеткіші есептелінеді.

К (топ) = Т (жалпы) / Т (нақты) = Q*N / Q = N(топ саны)

Халық санына негізделген тауар айналымы (Т), халық санының 1 жылдық орташа сандығына тең: D =T / S ;

S - орташа халық саны

Тауар тобының тауар айналымдық мөлшерін мынадай формуламен есептеледі:

D1 =q1*p1 / ∑ q1*p1

Р1*q1 - і тауар сатылуы

qі * рі - тауар айналымының мөлшері

N - і тауар мөлшері

Тауар айналымының индексі - ол негізделген көрсеткіш, сатылған тауардың орташа баға деңгейін және оның өткізілген уақытын, бағасын, көлемін көрсетеді. Осы индекстің негізгі агрегаттық индексі мына формуламен көрсетіледі:

I (t) = ∑ q(i1)*p(i1)/ ∑ q(i0)*p(i0)

Рі1 және рі0 - тауар бағасы, базис кезеңінде;

Qі1 және qі0 - I тауардың сатылған тауар саны, базис кезеңінде;

Тауар айналым көлемінің физикалық көлемі өз алдына көрсеткіш. Бұл жерде сатылған қандай да бір тауардың тауар айналым динамикасына әсер ету көрсеткіші. Сатылған тауар көлемі мен бағасы, базистік периоды және бағалық кез-келген периодтағы өзгерісі:

I (ф.о.т) = ∑ q(i1)*p(in)/ ∑ q(i0)*p(in)

Бағалар факторының индексі (баға индексі) - бағаның өзгеруі тауар айналымға қалай әсер етуін көрсететін көрсеткіш.

I (б.ф.т) = ∑ q(in)*p(i1)/ ∑ q(in)*p(i0)

Баға үшін I – тауар көрсеткіші. Осында және тағы 2 модель бөлінеді: тауар айналымының мультипликативті және аддитивті индекс факторларының моделі.

Мультипликативті индекс факторының моделі тауар айналымының бөлшектенген индексін және баға индексін көрсетеді.

I (i) = I (ф.о.т)* I (б.ф.т)

∑ q(i1)*p(i1)/ ∑ q(i0)*p(i0)=∑ q(i1)*p(in)/ ∑ q(i0)*p(in)*

∑ q(in)*p(i1)/ ∑ q(in)*p(i0)

Тауар айналымының аддитивті индекс факторында тауар айналымының табиғи өсуі көрсетіледі және сандық, бағалық факторы ескеріледі.

∆Т = ∆T (g) +∆T (ф)

Абсолютті өсу екі жақты көрсетіледі. Бөлінгіш пен бөлу бойынша үш индекс бар.

∑ q(i0)*g(i1) - ∑ q(i0)*p(i0) = (∑ q(i1)*p(in) - ∑ q(i0)*p(in))+

(∑ q(in)*p(i1) - ∑ q(in)*p(i0))

3.Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін , тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.

Ақша айналымы - тауар айналымы, қызмет көрсету және әр түрлі төлем негізінде ішкі айналымда ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формада қозғалысы. Ақша айналымы тек тауарлар мен қызмет көрсету негізінде жүретін айналымды ғана
емес ссудалық және фиктивалық капитал айналымын да
қамтиды. Нарықтық экономикада ақша айналымының көп бөлігі қаржылық операциялар үлесіне тиеді. Нақтырақ айтсақ, құнды қағаздармен жасалынған әр түрлі келісімдер, ссудалық операциялар, салық төлемдері және басқа қаржылық
келісімдер. Ақша айналымының көп бөлігі қолма-қол ақша формасында жүзеге асады. Ақша айналымының реттеудің маңызды элементі - қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып табылады. Бұл мәселелер біздің елімізде кәсіпорындар
арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаныңқолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін енгізу арқылы шешіледі.

Тауар айналымы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы негізінде төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттың алмасу процестері қолма-қол ақша статистикасының негізгі зертттейтін объектісі болып табылады.

Ақша айналымы статистикасының міндеттері мынадай мәселерді қарастырады:

Ø ақша массасының көлемін және құрымын анықтау;

Ø ақша айналымының көрінісі және ақшаның құнсыздануына әсер етуші факторларды бағалау;

Ø ссудалық пайызды түсіндіру;

Осы міндеттерді алға қоя отырып, статистикалық көрсеткіштерді ескере отырып ақша айналымының соның ішінде қолма-қол ақша айналымының статистикасы есептеледі.Ақша айналымының экономикалық заңдарына сәйкес әрбір берілген уақыт аралығында айналымға қажетті ақша бірліктерінің көлемі мына формуламен есептеледі:

А = ( Ан – Ш – С - Ө) / Жо

Мұндағы, Ан - айналымдағы тауар бағаларының қосындысы

Ш - берілген период шектерінен шығатын тауарлардың құн қосындысы

С - төлемдері түсіп қойған сатылған тауарлар бойынша тауарлар құнының қосындысы

Ө - өзара өтелмелі төлемдер қосындысы

Жо-ақша бірлігінің айналым жылдамдығы