Дәрістің конспектісі

1.Экономикалық кезеңде көптеген еңбек шығыны экономикалық активтерді қолдану керек, осыдан алынған өнім белглі бола бастайды. Өнімнің қатынасы өнеркәсіптерде шығын және өнімнің бағасының нысанына есе болады.

Өнімі шығарудың шығынына шығының барлық түрлері кіреді. Экономиканың белгілі салаларында жасалған өнім аз уақыт ішінде тұтынушыға өзінің керекті көлемі мен ассортиментімен сақталған күйде жету керек. Осы мақсатпен ол қатынас өрісі түрінде кіреді, олар: сауда, қоғамдық тағам, көлік, материалды-техникалық жабдықтар және ауылшаруашылық өнімдер мен шикізатын дайындау.

Агрегатты сатысына қарай өнімнің өзіндік құнының көрсеткіштері мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Бүкіл өнімнің жалпы өзіндік құны – бұл белгіленген өнімнің көлемі мен құрамына кеткен жалпы құнның шығыны.

2. Өнім бірлігінің жеке өзіндік құны дегеніміз – бұл тек бір бұйымның шығарылуына кеткен шығын. Мысалы, бір ер кісінің костюмін тігуге кеткен шығын.

Экономика салаларындағы өнімнің өзіндік құнын шығарудың ерекшеліктері:

1. өнеркәсіптерде өнімнің өзіндік құны сағат, күн, апта, ай, квартал, жыл сайын беліленіп отырады.

2. ауылшаруашылығында малдың және құстың өнімділігі:

a) өзіндік құн тек бір ыл ішіндегі қорытындылар бойынша белгіленеді;

b) өнім бірлігінің өзіндік құны өсімдік өсіру, мал бағу, ауылшаруашылығы бойынша және де өзіндік құнын көрсеткіштері егін егу саласы, бір малды ұстауға кеткен шығын арқылы белгіленеді.

3. Құрылыста өнімнің калькуляциясы бірлігі ретінде конструктивті элементтер немесе жеке жұмыс түрлері қызмет атқарады: жер, монтажды, жоспарлы фундаментік қалау, еден төсеу және т.б. Сондықтан құрылыста өзіндік қн белгіленеді:

a) статистикалық қызметтер құрылыстың ұзақтығына, қолданған жабықтар бойынша құрылыстың өзіндік құнын есептеп шығарады.

b) дайын құрылыс өнімнің бірлігі (мысалы, 1 м тұрғын алаңы, 1 м кәсіпорын корпусы).

Өнімді шығаруға кететін шығынның статистикалық оқуының тапсырмалары:

1. Жалпы экономикада, экономика салаларында және кәсіпорындарда өнімді шығаруға кететін шығынның бағасын есептеу;

2. Кәсіпорындарда өнімнің өзіндік бағасымен есептеу;

3. Экономика саласы, өзіндік құрылысы, құрылыс элементтері бойынша құрамын шығын құрылысын оқу;

4. Өнімнің шығуына және өткізілуіне кеткен шығын динаикасына талдау жасау;

5. Индекстер, корреляция теориясының көмегімен факторлардың ықпалы өнімнің өзіндік құнына келтіретін өзгерістерге статисикалық бақылау жасау.

2.Құндық көріністегі өнеркәсіптік кәсіпорынның өнімі болып бір жаққа өткізуге, өзінің күрделі құрылысы мен өнеркәсіптік емес бөлімшелеріне, өз қызметкерлеріне еңбекақы есебінен беруге арналған кәсіпорынның есеп беру мерзімінде өндірген барлық дайын бұйымдары (өнімдері), өз өндірісінің жартылай дайын өнімдері (өзінің шикізаты мен материалдарынан және де тапсырысшылардың шикізаты мен материалдарынан), сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстары мен қызметтері саналады. өнеркәсіптік өнім (жұмыс,қызмет) көлемі зауыттық әдіспен, яғни зауыт ішіндегі айналым құнысыз анықталады. Кәсіпорынның зауыт ішіндегі айналымы дегеніміз өздерінің өндірілген дайын бұйымдары мен жартылай дайын бұйымдарының осы кәсіпорын ішіндегі өзінің өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланатын бір бөлігінің құны (аталмыш кәсіпорынның негізгі қор (құрал) құрымына есепке алынған өсімдіктерден басқа).

Өнеркәсіптік өнім көлемі тұтас өнеркәсіп пен оның қызметінің түрлері бойынша меншік нысанынан тәуелсіз заңды тұлғалар мен олардың оңашаланған бөлімшелері өндірген өнеркәсіптік сипаттағы өнім, жұмыс және қызмет көлемі туралы мәліметтер жиыны ретінде анықталады. Өнім көлемі туралы мәліметтер нақты қолданылып жүрген бағалармен келтіріледі. Өнеркәсіптік өнім көлемі бойынша жинақтың мәліметтерге ірі, орта және шағын кәсіпорындар, өнеркәсіптік емес ұйымдар жанындағы өнеркәсіптік бөлімшелер, сондай-ақ шаруа (фермерлік) қожалықтары мен үй шаруашылығы секторы шығарған өнім (тауар, қызмет) көлемі бойынша мәліметтер кіреді.

Тауарлық өнімнің жалпы көлеміне толық қамтылмаған кәсіпорындар мен кәсіпорындардың жасырын қызметінің қосымша есептері кіреді.

Табиғи көріністе өнім өндіру. өнім түрлері бойынша мәліметтер жалпы шығарылым бойынша, яғни осы кәсіпорынның ішкі өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған өнімін қоса, есептеледі. Табиғи көріністегі өнеркәсіптік өнім көлемі туралы көрсеткіштер кәсіпорындардың толық шеңбері (ірі, орта, шағын, қосалқы кәсіпорындар) және жеке кәсіпкерлер бойынша ұсынылған.

Нақты көлемнің индексі – өнеркәсіптік қызмет нәтижесінде өндірілген көптеген игіліктердің салыстырмалы кезеңдердегі өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Индексті анықтау үшін салалық және жалпы өнеркәсіптік индекстерге кезең-кезеңмен жалғастыра агрегацияланып, тауарлардың қатаң бекітілген жиыны бойынша табиғи көріністегі өнеркәсіптік өнім көрсеткіштері динамикасына негізделген әдіс пайдаланылады. Нақты көлемнің жиынтық индексі жұмыспен қамтылғандар санына байланыссыз, кейінірек өндірістік сипаттағы жұмыс пен қызмет көлеміне түзетумен, өнеркәсіптік өнімді шығаруды жүзеге сыратын барлық кәсіпорындар бойынша өнеркәсіптік өнімнің маңызды түрлеріне байланысты есептеледі. Өнеркәсіптік сипаттағы қызметтерге түзету қызметтің жекелеген түрлері бойынша жүзеге асырылады (машина жасаудың мұнай газ өндіретін салалары және Е секциясы).

Бұдан әрі, өнеркәсіптік сипаттағы өнімге түзетілген нақты көлем индексі үй шаруашылығы секторының көлеміне түзетілуі керек. 2005 жылы өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексін есептеу кезінде 2004 жылғы орташа жылдық республикалық бағалар пайдаланылуы қажет.

Жөнелтілген өнім көлемі – өндіруші шотына ақша түскен, түспегеніне байланыссыз есеп беру мерзімінде тұтынушыға нақты жөнелтілген (берілген) өз өндірісі өнімінің, тапсырысшының қабылдаған өнеркәсіптік сипаттағы орындалған жұмыс пен қызметінің құны.

3. Шаруашылықтың барлық санаттарына ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа (фермерлік) қожалықтары және үй шаруашылықтары жатады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына мемлекеттік және олардың негізінде құрылған басқа өндірістік шаруашылықтар (ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, агрофирмалар және т.б.), кәсіпорындар мен ұйымдардың қосалқы шаруашылықтары жатады.

Үй шаруашылықтарына халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары, ұжымдық бау-бақшалар, саяжай учаскелері жатады.

Шаруа (фермерлік) қожалықтары - өмірлік мұраға қалдырылған қожалық, немесе жерді жалға алып пайдалану негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізу жүзеге асырылатын еркін кәсіпкерлік нысаны.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі күнтізбелік жыл бойындағы өткізудің нақты орташа салмақтандырылған бағасы бойынша өсімдік пен мал шаруашылығының өндірілген өнімдерінің ақшалай көрінісін білдіреді.

Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексін есептеп шығару үшін оның көлемінің салыстырмалы бағалардағы көрсеткіші қолданылады.

Мал мен құсты өткізу бойынша (ет өндіру) мемлекетке, тұтыну кооперацияларына, базарда, өзінің сауда желісі мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары арқылы сойып сату, баспа-бас айырбастау операциялар бойынша айырбас және басқалары келтіріледі.

Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексін есептеп шығару үшін оның көлемінің салыстырмалы бағалардағы көрсеткіші қолданылады.

Сүт өндіру сатылғанына немесе бір бөлігінің шаруашылықтағы бұзаулар мен торайларды суаруға жұмсалғанына байланыссыз нақты сауылған сиыр, қой, ешкі, түйе, бие сүттерімен сипатталады. Еміп жүрген бұзаулар емген сүт өнімге кірмейді және сиыр өнімділігін есептегенде есепке алынбайды.

Жұмыртқа өндіруге жыл бойы үй құсының барлық түрінен, құсты ұдайы өндіруге кеткен жұмыртқаны қоса (инкубация және басқалары), алынған жиыны кіреді.

Мал шаруашылығы өнімін өндіру және мал мен құс саны бойынша мәліметтер ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан N 24-сх есеп беру нысаны негізінде ай сайын жиналады. үй шаруашылығы мен шаруа (фермерлік) қожалықтары бойынша бұл көрсеткіштер көптеген елдерде қолданылып жүрген тәжірибеге сәйкес Агенттік өңдеген әдістеме негізінде ай сайын есептеледі. Бұл есептеулер (бағалаулар) негізіне мал мен құстың жыл сайынғы есебі (санағы), үй шаруашылықтары мен шаруа (фермерлік) қожалықтарының қызметтерін ішінара тексеру және басқа ақпарат күздері алынған. Әрбір аудандары және облыстары мал шаруашылығы өнімінің көлемін және мал санын анықтағанда олардың қозғалысының барлық баптары бойынша топталған мал мен құстың әр түрі бойынша ай сайын табын айналымы құралады. Үй шаруашылықтары (яғни азаматтар) мен шаруа (фермерлік) қожалықтарындағы табын айналымының көрсеткіштері мына ақпараттар негізінде анықталады:

Әр жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша мал мен құс есебі;

тауар өндірушілердің белгілі бір санаты бойынша әр алуан арналар бойынша мал шаруашылығы өнімін өндіру мен өткізу көлемдерін, малдың өнімділігін, әр түрлі сойылған малдың әр басынан өнім шығуын тоқсан сайын бақылау және басқалары;

мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемін және шаруа қожалықтары мен үй шаруашылықтарындағы мал санын есептегенде сондай-ақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен үй шаруашылықтарын тексеруден алынған N 24-сх есеп беру нысанындағы басқа ақпараттар да (халыққа мал сату, өнімділігі және с.с.) пайдаланылады.

Орташа жылдық сүт сауымы – жыл басына және әр есеп беру кезеңінің басына орта есеппен сиыр басына шаққандағы бір сиырдан алынатын сүт мөлшері. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында бір сиырдан алынатын сүт сауымын анықтағанда, шаруашылықтағы жалпы сиыр басынан бордақылаудағы, етті табындағы және бұзауларды топтық емізуге бөлінген сиырлар алынып тасталынады.

Мал төлінің шығуы алынған төлдің орта есеппен аналық сиыр басына қатынасы ретінде анықталады.

Малдың өлім-жітімі өлген және мәжбүрлікпен өлтірілген мал басының айналымдағы жалпы мал басына қатынасы ретінде анықталады (мал басы көрсеткіштерінің сомасы жыл басына, төл алу мен малдың келіп түсуі, жыл бойы).

4.Инвестициялық қызмет- шаруашылық жүргізуші тұлғалардың табыс табу және меншікті капиталын көбейту мақсатындағы қаражаттар салымы.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар- ол құрылыс пен ғимараттарға; машиналар мен жабдықтарға; жегін және өнімді малдарды сатып алуға; екпе ағаштарға; пайдалы қазбаларды барлауға; компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз етуге; әдеби және көркем шығармалардың түпнұсқаларына; жаңа ақпараттарға, өндірісте пайдалануы бірліктермен шектелетін арнайы білімге қаражаттар салу.

Кәсіпорындардың негізгі капиталына инвестицияларды қаржыландыру көздері:меншік қаражаттары және тартылған қаражаттар жатады.

Меншік қаражаттарға негізгі қорларды толық қайта жөндеуден өткізу үшін үйлестірілмеген табыстар, амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылған жұмсалымдар; апаттан, зұлпаттан және басқа меншік қаражаттарынан болатын ысырап түрінде сақтандыру органдарымен төленетін қаражаттардың жұмсалымы жатады.

Тартылған қаражаттарға қайтарылатын және қайтарылмайтын негізде бөлінген республикалық және жергілікті органдардың қаражаттары; банкілердің несиелері (отандық және шетелдік); басқа ұйымдардың қарыз қаражаттары; басқа көздер (соның ішінде акцияларды шығару қаражаттары)жатады.

Құрылысқа жұмсалған инвестицияларғажұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда және басқа кәсіпорындардың жаңа кұрылыстарына, олардың қайта құрылуына, кеңеюіне және техникалық қайта жарақтануына, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени құрылысқа жұмсалған шығындар кіреді. Құрылысқа жұмсалған инвестицияға құрылыс жұмыстарының барлық түрлеріне жұмсалған шығындар жатады.

Құрылысқа жұмсалған инвестициялар салынып жатқан нысандардың экономикалық қызмет түрлері бойынша және инвесторлардың экономикалық қызмет түрлері бойынша бөлінеді.

Негізгі қаражаттарды іске қосукөрсеткішіне есепті кезеңде құрылысы аяқталған және іске қосылған өндірістік және өндірістік емес кәсіпорындар, үйлер мен ғимараттар құны; іске қосылған жабдықтар, машиналар, көлік құрал-жабдығының барлық түрлерінің құны; негізгі құрал- жабдықтардың есебіне алынатын құралдардың, құрал-саймандардың және басқа заттардың құны;

Тұрғын үйдің жалпы ауданы- барлық тұрғын жайлардың пайдалы ауданының және барлық тұрғын емес жайлардың ауданының, сондай-ақ жалпыға ортақ мүлік болып табылатын тұрғын үй бөліктері ауданының жиынтығы.

Тұрғын жайдың пайдалы ауданы- тұрғын жайдың тұрғын және тұрғын емес аудандарының жиынтығы.

Тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1 шаршы метрі құрылысының орташа нақты құнықұрылыстың басталу күніне және жайлылық деңгейіне қарамастан есепті жылда құрылысы біткен барлық тұрғын үйлердің, құрылысы нормативтік мерзімді бұза отырып жүзеге асырылған үйлерді қоса, жалпы ауданның 1 шаршы метріне құрылыс салушылар жұмсаған шығындардың нақты жиынтығы ретінде анықталады.

Мердігерлік жұмыстың көлемі- ол тапсырыс берушілермен жасасқан мердігерлік шарт бойынша мердігерлік ұйымдарымен орындалған халықтың тапсырыс жасауымен олардың өз қаражаттары есебінен күрделі құрылыс бойынша тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын қоса алғандағы, ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша құрылыс- монтаж жұмыстарының құны, сондай-ақ басқа мердігерлік жұмыстар құны.

5.2006 жылы орман шаруашылығы саласындағы өнімдердің (жұмыстар мен қызметтердің) көлемі 3424,4 теңгені құрады.2006 жылы орман шаруашылығындағы өнімдердің (жұмыстар мен қызметтердің) көлемі қолданыстағы бағамен қосылған құн салығынсыз 3424,4 млн. теңгені (2005 жылы – 2995,7 млн. теңге), орман өсіруге байланысты және ағаш дайындауға байланысты қызметтердің көлемі-2687,6 млн. теңгені (2330,1 млн. теңгені) құрады.

Қазақстан Республикасының орман қоры 2006 жылы 18,9 мың гектар алаңда жүргізілген орманды қалпына келтіру жұмыстарын тұрақты жүргізудің арқасында сақталды. Мемлекеттік мақсаттағы ормандарда сүректік бағалы екпе ағаштар санатына жас ағаштарды өсіріп, іске қосу 4,9 мың гектар алаңда жүргізілді.

Өндіріс шаруашылық қажеттілігіне пайдалануға дайындалған ағаш тұқымдарының саны, (мемлекеттік орман қорларындағы орманға тұқым себу, питомниктерге тұқым себу,) 2006 жылы 94,1 тонна құрады, өткен жылмен салыстырғанда 13,8% жоғары.

Ағаш өндіріс сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жүйесінде, маңызды орын орман ағаштарын күту (жарықтандыру, тазарту, сирету, өтпелі және санитарлық кесу) болып табылады. Өткен жылы осы жұмыстардың өткізілген алаңы 47,5 мың га, соның ішінде ішінара санитарлық және жаппай санитарлық кесу-42,3 га, (барлық орман кесуі 89%).

Мал шаруашылығы саласын нәтижелі дамыту бүгінгі күн талабының басты мәселесі. Нарық экономикасының сұранысына жауап беретіні-қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойлары болып саналады. Жас мал өсіруде заңды түрде олардың жасына қарай өлшемі және дене пішімінің өзгеруі табиғи құбылыс.

Сондықтан төлдің туылған кезінен бастап енесінен ажыратқан уақытында олардың өнімділігі, конституциялық типі, экстерьерінің көрсеткіші, жасына қарай өлшемі және дене пішімінің өзгеруін байқауға болады. Шаруашылықтарда осы мақсатқа байланысты тәжірибе жүргізу үшін үш топқа яғни еркек және ұрғашы қозылардан құрылды. I топ- «Элита-Север» АҚ, II топ- «СолҚазМШҒЗИ», III-«Вест» ЖШС.

1. Туылған кезде шоқтығының биіктігі III- ші топтағы еркек қозы I және II топқа қарағанда 4,3-0,5% жоғары, бір айлығында 3,6-1,3% биік, ал төрт айлығында керісінше II топтағы еркек тоқты I және III топқа қарағанда 9,3-4,1% биік болды.

Осы өзі қатарлас I-ші топтағы ұрғашы қозы I және III топқа қарағанда 2,5% биік. Сол сияқты I-II –III-ші топтағы ұрғашы тоқтыларға қарағанда I-II –III топтағы еркек тоқтылардың шоқтық биіктігі басым.

2. Тұлға ұзындығы, туылған кезде I-ші топтағы еркек қозы II және III топқа қарағанда 16,8-21,4% ұзын, бір айлығында керісінше II-топтағы еркек қозы тұлғасы I және IIIтопқа қарағанда 16,2-9,4% ұзын, төрт айлығында да осы II ші топтағы еркек тоқты тұлғасы I және III 5,0-0,8% ұзын болып шықты.

Осы өзі қатарлас туылған II топтағы ұрғашы қозыларға қарағанда I және III топтың тұлға ұзындығы төмен, бір айлығында да және төрт айда да солай төмен болды. Сол сияқты I- II-III топтағы еркек қозылар тқлғасы өзі қатарлы, I- II- III топтағы ұрғашы қозыларға қарағанда ұзындығы жағынан басымдылық көрсетті.

3. Кеуде орамы, туылған кезде I топтағы еркек қозы II және III топқа қарағанда 7,2-8,6% кеуде орамы кең, бір айлығында керісінше II топтағы еркек тоқты I және III топқа қарағанда 9,5-13,5% кең болды.

Төрт айлығында II топтағы еркек тоқты I және III топқа 8,2-7,9% кең, осы өзі қатарлас туылған I топтағы ұрғашы қозы II және III топтағы қозыға қарағанда 17,9-21,2% кең, бір айлығында керісінше II топтағы қозы I және III топқа қарағанда 13,9-13,7% кең, төрт айлығында I топтағы тоқты II және III топқа қарағанда 15,6-17,4% кең болып шықты.

Сол сияқты I-II-III топтағы еркек тоқты, I-II-III-ші топтағы ұрғашы тоқтыға қарағанда кеуде орамы жағынан басымдылық көрсетті.