Оқу пәнінің талаптары

Оқу пәні экономикалық мамандықтар бойынша оқытылатын студенттер үшін міндетті болып табылады.

Талап етіледі: дәріс және семинар сабақтарына алдын ала дайындалу, студенттің өзіндік жұмыстары үшін тапсырмаларды міндетті түрде орындау, бақылаудың барлық түрлеріне қатысу.

Студенттердің өзіндік жұмысы бойынша өзіндік жұмысты тапсыруды кешіктірген әрбір күніне 2 балдан алынады. Сабақ кезінде қосылған ұялы телефондар үшін 3 балдан алынады.

Аралық бақылау деканат белгілеген уақытында бақылау жұмысы түрінде алынады. Қорытынды емтихан – тест түрінде.